Сенбі, 20 Сәуір 2024
Деп жатыр 6075 0 пікір 31 Қаңтар, 2017 сағат 19:29

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ "THE SHOW MUST GO ON" ӘНІН ОРЫНДАМАҚШЫ!

Қытайдың "I am a Singer" жобасына қатысып жатқан Димаш Құдайбергенов байқаудың келесі кезеңінде британдық Queen тобының "The Show Must Go On" әнін орындайтын болды. Бұл туралы әнші парақшасында хабарлады.

"Халықаралық 28-ші қысқы универсиада ойындарында өнер көрсетіп, бүгін Бейжің әрі қарай Чанша қаласына жолға шықтым! Алда дайындық. Ақпанның 4-ші жұлдызы келесі байқау күнінде атақты Qween тобының репертуарынан "The Show must go on" әнін шырқаймын! Шоу басталды!" - деп жазады Димаш Құдайбергенов. 

 The Show must go on" (қазақша: "Шоу жалғасуы тиіс") - Innuendo альбомында жарияланған британдық Queen рок-тобының ең танымал әндерінің бірі. Туынды рок-музыка бағытындағы ең атақты шығармалардың бірі болып есептеледі.

Әншінің қай күндері өнер көрсететіні туралы ақпарат осыған дейін белгілі болған еді. 28 қаңтар күні Димаш Қытайдың Hunan TV арнасында тікелей эфир арқылы "I am a Singer" жобасы аясында "Опера 2" әнін айтып, бірінші орын алған болатын.

 

 Бірінші кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарып, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделетін сөздер қатарына енді.

 

Сайтқа әзірлеген Нұрсұлу Найманова

Abai.kz


0 пікір