Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
5488 0 пікір 2 Ақпан, 2017 сағат 13:00

БЕЛОРУССИЯ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚТАН БАС ТАРТПАҚШЫ

(ЕАЭО-ны құрған негізгі үш елдің Президенттері)

Жақында Белоруссия ЕАЭО-дан шығуға ниет білдіріпті. Батьканың мұнысына Мәскеу мыңқ демейтін көрінеді. «Regnum.ru» осылай деп жазады.

Мәскеу «бауырлас» Украина секілді Белоруссияның Ресей ықпалынан шығуына түсіністікпен қарайды, - деп жазады.

Ресейлік саясаткерлер Минскінің Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік коалициясынан шығуға және Ресей-Белоруссия ынтымақтастығын үзуге талпынысына қатысты «ләм-мим» демейміз деді.

Десе де, Мәскеу Минск бұлай сөз жүзінде ғана тәуелсіз  бола алмайтынын ескерткен.  «Тәуелсіздік – бұл мемлекеттің әрі қарайғы тіршілігін толық қамтитын комплекс. Саяси әм идеологиялық тетіктерінен бастап қаржылық, экономикалық мәселелер бар. Егер Белоруссия басшылары осы жолды, яғни «экономикалық соғыс» жолын таңдаса мейлі. Белоруссия мемлекетінің бұл стратегиялық даму жолына дауымыз жоқ. Тек жалқы сұрағымыз – бұл саяси таңдау белорусь халқының мүддесін қаншалықты қанағаттандырады?!», - деп жазады «Regnum.ru».

Сонымен, Ресей әуелгі айласына басып, бөтен елдің ішкі саясатына қайтадан араласа бастады. Батька басқаратын елдің басшылары, өздерін империалист деп есептейтін Кремль қожайындарының ықпалынан шығып, дамудың дербес жолын таңдаған екен. Бұны Путинның жандайшаптары "Батька билігінің таңдауы – халықтың таңдауы емес" дегенге сайдырыпты. Ерсі әм күлкілі жәйт.

Сорақысы сол, Александр Лукашенкоға Украинаның тағдырын ескерткені ашықтан-ашық қоқан-лоққы көрсетумен пара-пар.

«Егер билік транзиті кезінде халықтың даусы, қалауы ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан билікпен қарама-қайшы болған бауырлас Украина тәжірбиесі сабақ болмаса, онда Мәскеу бұған бей-жай қарап отырмайды», - дейді.

(Если опыт «братской Украины», где смена власти произошла и еще произойдет именно из-за нежелания учитывать национально-государственные интересы подавляющего большинства украинского народа, ориентированного на союз с государствами ЕАЭС, в руководящем Минске никого ничему не учит, то Москва не будет пенять руководству республики на те действия, которые отбрасывают республику на обочину мирового развития).

(Еуромайдан кезіндегі бір көрініс)

Сондай-ақ, ресейлік дезинформаторлар Украинадағы  «еуромайданның» тонын теріс айналдырып, ол кезде украин халқы Еуропамен емес, ЕАЭО-мен одақтас болуды қалады деп жазады.

Бұл өз кезегінде ресейлік пропоганданың көрінісі. «Еуромайданның» аты айтып тұрғандай, Янукович билігі тұсында Ресейдің қолтығына кірген, сөйтіп проресейлік саясаттан әбден ығыр болған халықтың Еуропаға қосылу жолында Ресей амбициясымен және Украинаның сол кездегі проресейшіл Президентімен күресі еді.

Әсіресе, Украинадан Қырымды аннекциялап алған Ресей  референдум өткізіп, жергілікті орыс ұлтының мүддесін қорғау деген желеумен, басқыншылық жасағаны белгілі.

(Лукашенко, Меркель және Олланд)

Өткен жылы ЕАЭО-ның саммитіне арнайы шақырту алса да, келмей қойған Белоруссия Президенті Александр Лукашенконың бір бүккені болса керек. Батька батыл шығып, тең экономикалық бәсекелестік жоқ, әуелде экономикалық ұйым деп ашылып, аяғы саясилана бастаған ЕАЭО-дан шығуға бел байлапты. Тек шығып қана қоймай, Ресеймен ат құйрығын кесіспек көренеді.

Ертеректе Еуропа елдері осы Александр Лукашенконың «Еуропаның соңғы диктаторы» деп атаған еді. Кейін бұл түсінік біржолата жойылды. Минск Халқаралалық диалогтардың орталығына айналды. Фрагнция, Германия басшылары Украина дағдарысын шешуде негізгі алаң ретінде – дәл осы Белоруссияны таңдады. Осылайша Еуропамен байланысын реттеген Лукашенко Кремльге арқасын берді. Бұл да Ресей үшін бір минус.

Жалқы сұрақ – біз ше?

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір