Жұма, 19 Сәуір 2024
11278 0 пікір 3 Ақпан, 2017 сағат 19:51

ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Үкімет басшысының орынбасары Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабарлады.

«Мемлекет басшысының бұйрығымен басқа қызметке ауысуына байланысты Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы Қазақстан Республикасы прьемер-министрінің орынбасары қызметінен босатылды» деп жазылған Президент сайтындағы хабарламада.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Н.Назарбаев Тасмағамбетовты Ресейге елші етіп тағайындағаны туралы жария етті.

Иманғали Тасмағамбетов 2016 жылдың 13 қыркүйегінде Үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалған еді.

Күні кеше ғана Алматыға сапары кезінде Ахмет Байтұрсынұлы мұражай үйіне мемлекеттік мәртебе беруді, Алаш автономиясының 100 жылдығын мемлекеттік деңгейде тойлауға дайындық бастауды тапсырып, баяғы қалпынан таймай ұлт ісіне білек сыбана кірісіп кеткен еді. Енді, міне, қызметінен кетіп жатыр.

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір