Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 7141 0 пікір 27 Ақпан, 2017 сағат 17:15

ҚЫРҒЫЗСТАН. АЛА-ТОО АЛАҢЫНДА ТАҒЫ ДА МИТИНГ...

Қырғызстанның Жоғарғы кеңесіндегі «Ата Мекен» фракциясының төрағасы, оппозициялық саясаткер Өмірбек Текебаев Бішкектегі «Манас» әуежайында тұтқындалған. Бұл туралы азаттықтың қырғыз қызметі жазады.

Текебаев «алаяқтық жасады, жемқорлықпен айналысты» деп айыпталып, 48 сағатқа қамауға алынған. Оны ұстауға Леонид Маевскийдің көрсетіндісі себеп болған.

Бүгін Текебаевтың жақтастары, «Ата Мекен» фракциясының мүшелері Ала-Тоо алаңында митинг өткізіп жатыр. Митингіге Қырғызстанның экс-президенті Роза Отынбаева да қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде елдегі саяис күштер жиналып, кеңесуіміз керек деді (видеоны қараңыз).

;feature" type="application/x-shockwave-flash">;feature" />;feature" />

Бір қызығы, Текебаев ісіне қатысты аты шыққан  Леонид Маевский Қазақстанда да қызмет істегенін айтып мақтанады-мыс. Бұл жөнінде азаттықтың қырғыз қызметі былай деп жазады (қырғыз тілінде): «Маевский убагында казак президенти Нурсултан Назарбаевдин жакын чөйрөсүнө киргенине, президенттин Коопсуздук, басма сөз кызматтарындагы, Тышкы иштер министрлигиндеги жооптуу кызматкерлер менен жылуу мамиледе болгонуна, президенттин кызы Дарига Назарбаева менен "Хабар" телеканалынын түптөлүшүнө салым кошконуна мактанган».

Текебаевтың төңірегіндегі жағдайды сараптаған мақаладағы Қазақстанға қатысы – осы.

Ал, Қырғызстандағы митингілердің ақыры тыныштықпен аяқталуына да біз де үміттіміз!

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558