Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3464 0 пікір 28 Ақпан, 2017 сағат 13:01

АҚШ-тағы РФ елшілігі тұрған көшеге Немцовтың атын беруді ұсынды

АҚШ сенаторы Марк Рубио Вашингтондағы Ресей елшілігі орналасқан көшені қастандықтан қаза тапқан ресейлік оппозицияшыл саясаткер Борис Немцовтың атымен атау туралы туралы заң жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Азаттық.

Флоридадан сайланған сенатор, өткен жылы президент Дональд Трамптың Республикашыл партия атынан кандидат болуына қарсы шыққан Рубио заң жобасын Немцовты Кремль түбіндегі көпірде атып өлтіргеніне екі жыл толған 27 ақпанда ұсынды. 27 ақпанда Мәскеуде бірқатар ресейліктер көшеге шығып, Немцовтың қазасын еске алды.

Рубио Немцовтың Ресей президенті Владимир Путинді сынап, қаза тапқан я ауруханаға түскен қарсыластарының бірі болғанын айтты.

"Борис Немцовтың атына көше беру диссиденттердің даусы өмір сүре беретінін және еркіндікті қорғаушылардың үні өшпейтінін Путиннің режимі мен ресейліктердің есіне ұдайы салып тұрады" деді Рубио.

Марк Рубионың ұсынысы заң жүзінде қабылдануы үшін оны конгрестің қос палатасы бірдей мақұлдап, президент Дональд Трамп қол қоюы тиіс.

Абай ақпарат

0 пікір