Жұма, 19 Сәуір 2024
Қарбалас 6485 0 пікір 1 Наурыз, 2017 сағат 12:14

ҚАЗАҚСТАННАН КӨШІП ЖАТЫР. КӨШТЕРІ КӨЛІКТІ БОЛСЫН

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитеті 2016 жылы елден жылыстап кеткендер туралы деректі жариялады. Келгенінен кеткен көп екен. Енді соларға тоқталайық. 2016 жылы Қазақстанға қоныс аударғандар саны – 13 347 адам екен. Бұлар ресми тіркеуден өтіп келгендер. Бұдан өзге аз уақытқа (туристер, гастарбайтерлер т.б.) келгендер де бар.

Ал 2016 жылы елден кеткендердің саны – 34 965 адамды құрапты. Бұлардың ішінде 32 930 адам Қазақстан Республикасының азаматы екен. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға жоғары көрсеткіш. Олардың дені Ресейге көшіпті. Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, 28 677 адам Ресейде тұруды жөн көрген. Герменияға – 2637 адам, Белоруссияға – 393 адам, АҚШ-қа – 228 адам, Польшаға – 173 адам және Канадаға – 168 адам көшіп кеткен.

Шетке кеткендердің басым бөлігі – Ресейге қоныстанып жатса керек. Статистика комитетінің дерегінше, 2015 жылы Қазақстаннан кеткен мигранттар саны 3,9 пайызға артып, 30 мыңнан асқан, ал 2014 жылы 28 мың адам кеткен. Көшіп жатқандардың дені ТМД елдеріне қоныс аударған.

Сөйтіп олар Қазақстаннан көшіп жатыр. Көштері көлікті бослын.

Abai.kz

0 пікір