Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 4458 0 пікір 1 Наурыз, 2017 сағат 12:18

ҚҰРМЕТТІ, ДЕПУТАТ МЫРЗАЛАР!

Құрметті депутат, мырзалар! Мәжілісімізді бастаймыз. Мәжілісімізді бастаймыз деймін, дүниелеріңізді сәл жия тұрсаңыздаршы

- Иә, Беке, домбыраңызды бір шетке сүйей тұрсаңыз

- Сәке, сіз де... грушаңызды сосын ұрарсыз

- Енді, бас-бастарыңызға айтып отырамын ба. Қоя тұрыңдар деймін – балалайка, штанга, скрипка, скакалка, сырнай, клюшка, саксофон, коньки, кларнеттеріңді... Бәріңе қатысты айтып жатырмын. Не мен сендердің кәсіби аспаптарыңның бәрінің бірдей аттарын біледі дейсіңдер ме! Дабай, тез енді...

- Жо-жоқ! Көпшік тұра берсін. Әйтпесе, өткендігідей басыңыз тарс ете қалады. Бас керек шығар, иә. Не, «керек емес» дейсіз бе? Ну, енді сізге бас керек болмаса да, бізге тыныштық керек. Иә, көпшік пен жастық па, қалай еді, ол тұра берсін. Сонымен қалай бастаймыз ба? Негізі түскі астың уақыты да болып қалды...

Нұрлан Сәдір

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір