Сенбі, 20 Сәуір 2024
Экономика 4240 0 пікір 22 Қараша, 2016 сағат 00:00

Coca-Cola компаниясы Универсиаданың ресми демеушісі болды

«Алматыдағы 2017 жылғы 28 Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық және ұйымдастыру дирекциясы» МҚ және Coca-Cola компаниясы келісімге келгені туралы жариялады, соның негізінде Coca-Cola Ойындар кезінде  ресми серіктес ретінде барлық алкогольсіз сусындардың тасымалдаушысы болып тағайындалды.

«Универсиаданың серіктесі» мәрте­бесінде Coca-Cola бүкіл қатысушылар  мен жарыс қонақтарына 850 литр сусындар ұсынады және салқындатқыш жабдық­тармен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, халыққа Универсиада ауқымды шарасын насихаттау бағытында  Coca-Cola(500мл), BonAqua(500мл) су­сындардың сыртындағы жапсырма­ларында 2017 жылғы Халықаралық Студенттік ойындардың логотипі бейнеленеді.

– Әлемдегі көптеген іс-шаралардың маңыздылығын анықтайтын факторлардың бірі – Ұйымдастырушы комитеттің серік­тестерінің кім екендігі, бүгін әлемдегі трансұлттық компаниялардың арасында жетекші орын алатын Coca-Cola компа­ниясымен келісім-шартқа қол қою біздер үшін жағымды жаңалық. Coca-Cola ресми түрде Универсиаданың сусындар бойынша серіктесі болып жарияланды және Студент­тік ойындарға 850 мың литр сусын табыс­тайды. Салыстырар болсақ, бұл 30 темір жол цистернасы болады, – деп атап өтті «Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-Дүниежүзілік Қысқы Универсиадаға дайындық және оны өткізу жөніндегі дирекциясы» МҚ директоры Наиль Нуров.

Дирекция басшысы Универсиада 1 миллиардтан астам көрермендер аудито­риясында оның серіктестерінің позиция­лауы үшін мүмкіндік болып табылатынын да  атап өтті. Студенттер арасындағы ойын­дарға қызығушылықты арттыру мақса­тын­да Coca-Cola компаниясы тарапынан сыртқы жар­нама жұртшылыққа таны­тылатын болады.

Айта кетсек, Coca-Cola көптеген жылдар бойы Олимпиадаға қолдау көрсетіп келеді, 1928 жылы Амстердамда өткен Олимпиада ойындарына ең алғаш  демеу­шілік еткен.

Қазақстанда компания спортты бел­сенді түрде қолдап келеді. 2006 жылдан бастап, жалпы Казақстан бойынша жасөс­пірімдер арасындағы «Coca-Cola Былғары Доп»  футбол турнирін де ұйымдастыруға көмек көрсетті. Бұл турнирге 5,500 мектеп­тен 400 мың бала қатысты, сонымен қатар Coca-Cola компаниясы Қазақстан аумағында Fuse Tea бренді атынан, «3,2,1 – старт» и «Папа, Мама, Я – активная семья» атты  жыл сайынғы бүкіләлемдік олим­пиадалық күн мен веложарыс өткізіп жүр.

– Біріншіден, Coca-Cola компаниясына Қазақстандағы айтулы шараға серіктес ретінде сенім білдіргені үшін Универсиа­даның ұйымдастыру комитетіне алғыс айтқым келеді.  Қоғамның жауапты аза­маты ретінде, осы елде бизнес жүргізгеніміз үшін осы мәртебелі жарыстың өтуіне атса­лысуды міндет деп санаймыз.  Спорт­пен айналысу адам өмірін жақсартады, осы айтулы дода кезінде біздің қатарға көптеген адамдардың қосылғанын қалаймыз, – дейді «Кока-Кола Алматы Боттлерс» компания­сының үкімет­пен және қоғаммен байланыс департа­ментінің  директоры Алима Исем­баева.

abai.kz

0 пікір