Сенбі, 20 Сәуір 2024
4926 0 пікір 28 Қараша, 2016 сағат 13:33

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛI – ТӘУЕЛСIЗДIКТIҢ 25 НЕГIЗI

Оңтүстiк өңiрдiң жұртшылығы Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын 25 күн бойы дүбiрлетiп тойламақ.  Кеше Шымкентте «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛI – ТӘУЕЛСIЗДIКТIҢ 25 НЕГIЗI»  жұлдызды 25 күн акциясы бастау алды. 21 қараша мен 15 желтоқсан аралығында өтетiн акция аясында елiмiздiң ширек ғасырдағы жетiстiктерiн паш ететiн 80-нен астам салтанатты шара өтедi, - деп жазады "Оңтүстік Қазақстан" облыстық газеті. 

Жұлдызды 25 күннiң бiрiншi күнi Қазақстан Республикасының Конституциясына арналып, Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Тәуелсiздiк жетiстiктерi» атты таныстырылымдық көрме кешенiнiң ашылуымен басталды.

...ширек ғасырда Қазақстанда азаматтық қызметкерлердiң жалақысы 17,6 есеге өссе, орташа өмiр сүру ұзақтығы 4 жылға ұлғайды. 25 жыл iшiнде Қазақстанда баланың тууына орай төленетiн жәрдемақы 7 есе көбейдi. Соңғы 17 жылда елдегi жұмыссыздық көрсеткiшi 2,7 есеге азайды.

Шараға қатысқан облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев барша оңтүстiкқазақстандықтарды Тәуелсiздiк тойымен құттықтап, елiмiздiң жеткен жетiстiктерi мен Ата Заңның мән-маңызына тоқталды.

– Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң тарихы тереңде жатыр. 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсiздiк – бiздiң ұрпаққа берiлген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгiлiк құндылығы. Тәуелсiздiктiң арқасында қол жеткен iрi жеңiстерге дәлел болатын мысалдар өте көп. Мәселен, ширек ғасырда Қазақстанда азаматтық қызметкерлердiң жалақысы 17,6 есеге өссе, орташа өмiр сүру ұзақтығы 4 жылға ұлғайды. 25 жыл iшiнде Қазақстанда баланың тууына орай төленетiн жәрдемақы 7 есе көбейдi. Соңғы 17 жылда елдегi жұмыссыздық көрсеткiшi 2,7 есеге азайды. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында қол жеткiзген белестер, – дедi облыс басшысы.

«Тәуелсiздiк жетiстiктерi» атты көрме елiмiздiң ширек ғасырда қол жеткiзген жоғары көрсеткiштерi – «Қазақстан 2050» стратегиясы, Астананың гүлденуi, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, «Мәңгiлiк Ел» жалпыұлттық идеясы, әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшыларының съезi сынды 14 тақырыптық бөлiмнен тұрса, қалған 12 бөлiм оңтүстiк өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерi мен облыстағы шағын және орта бизнестiң, тұрғын үй құрылысының, ауыл шаруашылығы мен бiлiм, мәдениет, спорт және туризмнiң дамуына арналды.+

Тәуелсiздiк жылдарында Оңтүстiк өңiрi де биiк белестердi бағындырды. Бұл жылдары облыс экономикасына 3 трлн. 300 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. Сондай-ақ, осы жылдар iшiнде 347 денсаулық сақтау нысаны, 491 мектеп, 1491 балабақша пайдалануға берiлген. Ал, өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 24,1 млрд. теңгеден 670,4 млрд. теңгеге дейiн артса, ауыл шаруашылығы өнiмi 20 млрд. теңгеден 426,9 млрд. теңгеге дейiн өскен. Сонымен қатар, ширек ғасырда өңiр халқының саны 1,8 миллионнан  2,8 миллионға жетiп, жерлестерiмiздiң қатары 1 миллион адамға көбейген. 2001 жылы бүкiл мемлекетiмiздiң бюджетi 508 млрд. теңге болса, бүгiнде тек Оңтүстiк Қазақстан облысының бюджетi 550 млрд. теңгенi құрап отыр.

Сонымен бiрге, шара аясында егiз туылған нәрестелердiң ата-аналарына туу туралы куәлiктерi, оқуда озат болып, ерекше көзге түсiп жүрген жас азаматтарға жеке куәлiктерi салтанатты жағдайда тапсырылды. Мереке қарсаңында шаңырақ көтерiп, отбасын құрған бiрқатар жас жұбайлар неке куәлiгiн облыс әкiмiнiң қолынан алды.

Айта кетейiк, акция аясындағы Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған шаралар мұнымен аяқталған жоқ. Барлық аудан, қалалардағы кiтапханаларда «Жетi Жарғы» атты кiтап көрмелерi ұйымдастырылып, мәдениет мекемелерiнде зиялы қауымның қатысуымен «Мемлекеттiлiк тарихы» тақырыбында басқосулар өттi. Сондай-ақ, жастарға арналған «Жанұя» қысқаметражды фильмiнiң тұсаукесерi мен бiлiм беру ұйымдарында «Айбарлы Ата заң» тақыбырында ашық сабақтар ұйымдастырылды. 

Айдар ҚҰЛЖАНОВ

Abai.kz

0 пікір