Жұма, 29 Наурыз 2024
Мәйекті 3821 0 пікір 29 Қараша, 2016 сағат 14:52

«Тұлпар-Тальгоның» жайлы вагондары желтоқсаннан бастап Астана мен Алматы бағдарына шыға бастайды

29  қарашада «Тұлпар-Тальго» зауытында қазақстандық өндірістен шыққан кең шанақты жолаушылар вагондарына Кеден одағының «Темір жол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» Техникалық талабы регламентіне сәйкес сертификат салтанатты түрде табыс етілді. - деп хабарлайды Қазақпарат. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Аса жайлы вагондар жолаушылар тасымалы жүйесінде жылжымалы құрам паркін жаңғыртудың ұзақ мерзімді бағдарламасы аясында шығарылып жатыр», - деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Еркін Жусанбаев. Жаңа үлгідегі вагондар «Тұлпар-Тальго» зауытының конструкторлық бюросы мамандары мен испандық әріптестерінің Қазақстандағы вагондарды өндірістен шығару тәжірибесі мен пайдалану нәтижесінде бірлескен жобасы болып табылады. Вагондардың ені, санитарлық-гигиеналық бөлмесі жүрдек пойыз жолаушыларының кіріп-шығуына барынша  қолайлы етіліп, кеңейтілді. Жылжымалы құрамда вагонның екі түрі бар.  

«Турист» вагондарында креслолары және  жүк қоятын орны бар.  «Гранд-класс» вагондарында электрлі көтергіші, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеке себездеткішімен қоса дәретханасы қамтылған.  «Тұлпар-Тальго» вагондары Қазақстан, Ресей, Германия, Австрия, Испания, Чехия, Италия, Ұлыбритания, Францияның арнайы орталықтарында сынақтардың толық кезеңдерінен өткізілді. Мәселен, Лейпцигте вагондарды пайдалану кезінде болатын түрлі жүктерді тиеу сынағы өткізілді. Мадридте вагон қорабы арбашасының қаншалықты жүктерді, қанша жыл көтеруге шыдас бере алатындығы  сыналды. Венада арнайы камерада: ылғалды ауада, жоғары қысымды және төменгі температурада, желдің жылдамдығына қатысты ауа райына шыдамдылығы жан-жақты сарапталды. Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарында сағатына 200 километр жылдамдықпен, қиын жол телімдерінде, кей жерлерінде  300 -ден 2000 метрге дейін қиыс кететін тұстарда сыналды.

 Темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері («ТЖКҒЗИ» АҚ) 200 километрлік жылдамдықта жылжымалы құрамның тежегіш құралдарының сапасы мен өзімен-өзі ажыратылуын басқару үдерісін тексерді. «Сынақтар нәтижесі - жылжымалы құрамның Кеден одағы «Темір жол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» ТР ТС 001/2011 техникалық регламенті талабына сай келетіндігін көрсетті. Бұл Ресей федеральдық темір жол көлігін сертификаттау  регистрінің сертификатымен дәйектелді»,-деп атап өтті «Федеральдық темір жол көлігін сертификаттау регистрі» ФБУ жетекшісінің бірінші орынбасары А. Карякин. Аса жайлы вагондардан жасақталған жылжымалы құрам биылғы желтоқсаннан Астана мен Алматы бағдарына, келесі жыл басынан Алматы-Шымкент бағдарына шыға бастайды.

Жылжымалы құрамды жаңғырту аясында 2021 жылға дейін «Тұлпар-Тальго» жайлы вагондарынан жасақталған пойыздарды қосымша жеті бағдарға - Алматы-Павлодар, Ақтөбе-Манғышлақ, Астана-Лениногор, Ақтөбе-Атырау, Алматы-Қостанай, Астана-Сарыағаш және Алматы-Манғышлақ бағытына жіберу жоспарланған. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1565
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541