Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4078 0 пікір 29 Қараша, 2016 сағат 17:20

Елбасы “рақымшылық жасау туралы” заң жобасын ұсынды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасауды ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес өз бастамасымен Парламент Мәжілісінің қарауына “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” заң жобасын енгізді. Бұл рақымшылық шарасы заң бұзған азаматтарға қатысты ізгілік актісі, мемлекет тарапынан мейірімділік пен сенім білдірудің көрінісі болып саналады.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Елбасы бастамашылық еткен заң жобасы негізінен азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын, кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдерді, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерді, қарт адамдарды, мүгедектерді, сондай-ақ болмашы және ауыр емес қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жазадан босатуды көздейді.

Сотталғандардың басқа да санаттарына қатысты рақымшылық олардың жасаған әрекетінің жеңіл-ауырлығын ескеріп, шектелген ауқымда және жіктелген түрде, сондай-ақ келтірген шығынды толық өтеген жағдайда қолданылады. Сондай-ақ, заң жобасы аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасауға тиым салады, бұл қылмыстық жағдайды қиындату қаупіне жол бермейді.

Заң жобасын Парламент Палаталарында таныстыру Бас Прокурор Жақып Асановқа тапсырылды.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594