Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4308 0 пікір 29 Қараша, 2016 сағат 17:25

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кеңейтілген отырысына қатысты.

Отырысқа ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Л.Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.  

Гүлшара Әбдіқалықова өз сөзінде 2016 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін басты стратегиялық құжаттар – Қазақстандық біртектілік пен бірлікті дамыту және нығайтудың тұжырымдамасын, ҚХА дамуының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы іске асыру жылы болғанын, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданғанын, Ассамблеяның институционалдық тұрғыдан нығайтылып, жаңа функционалдық бағыттарының жүзеге асқанын атап көрсетті. Бұл ҚХА қоғамдық келісім кеңестері мен медиация жүйесі орныққан, «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыреспубликалық жобасы мен ҚХА-ның ауқымды қайырымдылық жобалары жүзеге асқан жыл болды.      

ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова сондай-ақ, қазақстандық жолға қол жеткізуде Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының жоспарларын іске асыруда айрықша рөл атқарып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына өзінің үлесін қосқанын атап айтты.  

Отырыс барысында Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтің басшылығымен еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін қалыптастыру мен дамытудағы рөлі талқыланды.

Жұмыс қорытындысы бойынша ҚХА Кеңесі Мемлекет басшысына үндеу қабылдады.

Abai.kz

0 пікір