Сенбі, 20 Сәуір 2024
Мәйекті 6605 1 пікір 30 Қараша, 2016 сағат 11:38

Кәсіпкер ретінде тіркелу енді оңай

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында көрсетілетін мелекеттік қызмет түрлерінің 24-сі енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алуға мүмкіндік туып отыр.

Мамандардың айтуынша өңірдегі Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 94-ші қадамы, яғни есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру мақсатында құрылған жаңа формат  «Ашық әкімдік» жобасы арқылы қолға алынған қызметтердің жиырма түрі автоматтандырылған және оларды «электронды үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы электронды түрде алуға болады. Мәселен дара кәсіпкерді тіркеу есебі енді электронды түрде жүзеге асыруға әбден болады. Яғни кәсіпкер ретінде тіркелем деушілер бұл қызметті пайдала алады.  

Ол үшін бар болғаны комьютер, планшет немесе ұялы телефон және ғаламтор қажет. Үйден немесе жұмыстан шығудың қажеттілігі туындамайды. Бұл біріншіден кезек күттірмей уақытыңызды үнемдесе, екіншіден қаражатыңызды да үнемдейді. Сондай-ақ азаматтар мен мамандар арасындағы тікелей қарым-қатынасты болдырмай, жең ұшына жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алады.

   Айта кетейік, бұрындары салық төлеушілер аталған қызметті тек мемлекеттік кірістер органдарынан ала алатын. Ал, қазір бұл қызметті альтернативті негізде мемлекеттік органдар және Мемлекеттік корпорация көрсетеді.  

1 пікір