Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Билік 13237 0 пікір 30 Қараша, 2016 сағат 11:57

«Алматы – 2020». Қаламыздың даму жолы...

Алматы – еліміздегі ірі қала, Қазақстан Тәуелсіздігінің төл бесігі. Дәл Алматыда Конституция қабылданған болатын және Мемлекеттік рәміздер бекітіліп, елдің маңызды тағдырлық шешімдері іске асырылды.

Бүгінгі таңда Алматы Қазақстанның ірі экономикалық орталығы. Тұрақсыз экономикалық жағдайға қарамастан мегаполис бизнес-бастамалар үшін келешегі мол инвестициялық алаң болып қала береді.

Бүгінгі күннің өзінде еліміздің көлемінде Алматы елдегі ЖІӨ 20,9%-ын, барлық салық және салықтық емес түсімнің 32%-ын, барлық сауда операцияларының 41%-ын, еліміздегі жұмыс жасайтын халықтың шамамен 15%-ын жұмыспен қамтамасыз етеді. Қаланың үлесіне бөлшек және көтерме сауда тауар айналымының барлық депозиттер көлемі мен несиелерінің 40% тиесілі.

2014 жылдың қорытындысы бойынша қала халқының жан басына шаққандағы тиесілі жалпы өңірлік өнім 29 мың АҚШ долларын құрады. Бұл Орталық және Шығыс Еуропаның астаналары мен ірі қалаларының деңгейі. Жыл сайын адамдардың өмір сүру сапасының көрсеткіші жақсаруда, әсіресе, адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 74 жасты құрайды.

Орталық Азия өңірінің ірі және барынша дамыған мегаполисі бола отырып, Алматы халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен ірі компаниялар өкілдерінің орналасқан орталығына айналды. Халықаралық ынтымақтастық үшін Еуразиялық экономикалық одақ және дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде халықаралық ынтымақтастық үшін едәуір мүмкіндік беріліп отыр.

Халықаралық зерттеулердің көрсеткеніндей, бүгінгі таңда планетаның тұрғындарының жартысы қалаларда тұрады. 2030 жылға таяу қала халқының үлесі 60% немесе 5 млрд. адамды құрайды. Қала – әлемдік экономикалық өсудің және өнімділіктің негізгі двигателі. Нақ осы қалалар ірі ресурстарды тұтынушылар және ауаға бөлініп шығатын газдардың көздері болып табылады. Сондықтан планета тұрғындары көпшілігінің әл-ауқаты қалалардың дамуына байланысты болады.

Ғаламдық контексті және дамудың қазіргі заманғы тенденцияларын ескерсек Алматының негізгі міндеті – қалалықтар үшін өмір сүрудің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның экономикалық өсімінің негізгі драйверлерінің бірі болып алдағы уақытта да қала беру. Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясында алға қойған 2050 жылға таяу әлемнің айрықша бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөніндегі ауқымды мақсаттарына қол жеткізудің өзекті факторы болуы тиіс.

Белгіленген мақсаттарға қол жеткізудің құралы еліміздің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес әзірленген «Алматы — 2020» бесжылдық даму Бағдарламасы болып табылады. Бағдарламаны іске асырудың негізі Бес институционалдық реформа және Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары болып табылады.

Бағдарламада негізгі көрсеткіштер, қағидалар және басымдықтар, сондай-ақ мақсаттарға қол жеткізу құралдарының тетіктері тұжырымдалған.

 

АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГТЕРДЕ

 

Бүгінгі таңда Алматы әлем мегаполистердің ғаламдық бәсекесіне қатысуда, бұл көптеген беделді халықаралық рейтингтерде көрініс табуда.

Экономикалық индикаторларды бағалайтын индекстерде (макроэкономикалық көрсеткіштер – ІӨӨ-нің өсуі, инфляция, жұмыссыздық және т.б. капиталды тартуға, бизнесті дамытуға қабілеттілік) Алматының дамуы орташа мегаполистердің деңгейіне сәйкес келеді.

«GlobalFinancialTimes»-тің бағалауы бойынша Алматы инвестициялық тартымдылығы бойынша 83 қаланың арасынан әлемдік рейтингте 51 орынды иеленеді, ал «FinancialPost» баспасының деректері бойынша біздің қаламыз экономикасы барынша қарқынды дамушы 96 қаланың ішінен Топ-10 қаланың құрамына енді.

Беделді The Economist баспасының сарапшылары берген бағасына сәйкес, 2025 жылға қарай Алматы капиталды, технологиялар мен білікті мамандарды тарту бойынша әлемдегі бәсекеге қабілетті жүз қаланың құрамына енеді.

«DoingBusiness» Дүниежүзілік Банкінің индексіне сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан 189 елдің арасынан Алматының экономикалық көрсеткіштерінің негізінде 41 орынды иеленуде.

Сонымен бірге, әлеуметтік ортаның рейтингісі бойынша орташа қалалардың деңгейінен баяу артта қалатыны байқалуда.

Айталық, «Mercer» өмір сапасының негізінде Алматы 230 қаланың арасынан 175 орынды, ал «Economist Intelligence Unit» өмір сапасы индексінде 140 мегаполистің арасынан 100-ші орынды иеленіп отыр.

Инфрақұрылым мен экология көрсеткіштері бойынша Алматы әлемнің дамыған қалаларынан едәуір артта қалуда. Сонымен, «Mercer» инфрақұрылымының индексінде 230 қаланың ішінде 172 орынды иеленген, «Numbeo» ластану деңгейінің индексінде – 297 қаланың ішінде 214 орында тұр.

Сонымен бірге, Алматыны әлеуметтік-экономикалық дамытуда өсудің жақсы динамикасын көрсететін болса, инфрақұрылымдық даму және экология саласында көрсеткіштерді сапалы жақсарту бойынша жүйелі шараларды қабылдау қажет.

2010-2014 жылдардағы  ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ

 

Алматының ІӨӨ құрылымы әлемнің көп дамыған мегаполистеріне сәйкес, онда экономика сауданың 30%-ын құрайды, ал қызмет секторы жалпы — 50% астам. Өндіріске қаланың жалпы ІӨӨ тек 5% тиесілі, басым бөлігі тамақ өндірісімен ұсынылған.

Алматы экономикасының басым секторлары өсудің оң динамикасын көрсетеді, соның ішінде:

 

  1. Экономикалық көрсеткіштер бойынша:

 

  • жан басына шаққандағы ІӨӨ 2014 жылы өткен жылмен салыстырғанда 2,6% өсті;
  • еңбек өнімділігі 49% өсті (2010-2014 жж.);
  • жұмыссыздық 6,3%-дан 5,6%-ға түсті (2010-2014 жж.).

 

  1. Инфрақұрылымды және экологияны дамыту бойынша:

 

  • қоғамдық көліктің үлес салмағы жолаушылар ағымында 25%-дан 32%-ға өсті (2010-2014 жж.);
  • бөлу кезіндегі электр шығынының деңгейі 19%-дан 15%-ға төмендеді (2010-2014 жж.);
  • тұрғын үймен қамтамасыз ету 10м2/адамға өсті., 25м2/адамға жетті (2010-2014 жж.);
  • ауа ластануының деңгейі (азот диоксиді) 194 мкг/м3-тан 140 мкг/м3 дейін төмендеді (2010-2014 жж.);
  • жасыл желектердің көлемі 12 м2/адам деңгейінде сақталды.

 

  1. Әлеуметтік салада:

 

  • өмір ұзақтығы 3 жылға өсіп, 74 жасқа жетті (2010-2014 жж.);
  • 1000 туылғанға сәби өлімі 16-дан 8-ге дейін төмендеді (2010-2014 жж.);
  • 1 мұғалімге оқушылардың саны, халықтың едәуір өсуіне қарамастан, 13-тен 14-ке дейін өсті (2010-2014 жж.);
  • мектепке дейінгі білім беруді қамту 26%-ға артты, 60% құрап отыр (2010-2014 жж.);
  • 100 мың тұрғынға есептегенде ұрлық саны 295-тен 221-ге дейін төмендеді (2010-2014 жж.)

Алматы халқының өсуі соңғы 5 жылда жыл сайын 3% құрады, 2014 жылы 1,6 млн. адамға жетті. 2014 жылы тұрғындардың орташа жасы 37 жасты құрады.

 

АЛМАТЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ НЕҒҰРЛЫМ ПРОБЛЕМАЛЫ ТҰСТАРЫ

 

Мегаполистің бәсекелестік артықшылықтары мыналар:

  • Дамыған қызмет көрсетуге бағдарланған экономика
  • Халықтың салыстырмалы түрдегі жоғары төлем қабілеттілігі
  • Адам капиталы дамуының жоғары деңгейі (халық саны, денсаулық сақтау, білім және т.б.)
  • Дамыған білімдік инфрақұрылым
  • Дамыған спорттық инфрақұрылым
  • Бірегей табиғат (ірі қалаға тікелей жалғасқан биік таулардың болуы және т.б.)
  • Айтарлықтай көліктік-транзиттік әлеует (әуежай, теміржол, халықаралық автожолдар)

 

Мегаполистің проблемалық тұстары мыналар:

  • Қылмыс деңгейінің өсуі, едәуіркөші-қон қысымы
  • Қолайсыз экология
  • Автожолдардың неғұрлым бос еместігі
  • ТКШ-инфрақұрылымының неғұрлым тозуға ұшырауы
  • Қала аудандары дамуының әрқилылығы
  • Тұрғын үймен толықтай қамтылмауы
  • Жұмыссыздықтың, оның ішінде жасырын түрінің жоғары үлесі
  • Жергілікті органдардың жеткіліксіз үйлесімділігі

 

Мегаполис дамуының негізгі қатерлері

  • Ғаламдық экономикалық дағдарыс
  • Салық базасы мен қала бюджетінің азаюы
  • Іскерлік белсенділіктің төмендеуі

 

Алматы қаласын дамытудың пайымы

 

Адам өмірі мен қызметіне жайлы, туристерді, жүк тасымалын, инновациялық бизнес пен капиталды тарту орталығы болып табылатын халықаралық деңгейдегі заманауи қала.

 

Бағдарламаны жүзеге асырудың негізі ретінде

 

Бағдарламаның 5 қағидасы белгіленді:

 

  1. Әрбір адамға қамқорлық
  2. Озық тәжірбиелер негізіндегі тиімді және үнемді шешімдер
  3. Экономиканың қозғаушы күші ретінде бизнесті ынталандыру
  4. Азаматтық қоғамды мүмкіндігінше тарту
  5. Жергілікті органдардың есептілігі мен жариялылығы

 

Мегаполистің даму деңгейі мен мүмкіндігі талдау негізінде

 

ДАМУДЫҢ 7 НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҒЫ:

 

  1. Жайлы қала
  2. Қауіпсіз қала
  3. Әлеуметтік бағыттағы қала
  4. Экономикалық тұрақты қала
  5. Бизнес пен жеке капиталға арналған қала
  6. Интеграцияланған қала
  7. Белсенді азаматтар қаласы

 

Алматыны 2020 жылға дейін дамытудың  негізгі индикаторлары

 

Әлемдік деңгейдегі дамыған мегаполис ретінде қалыптасуда Алматы әлемнің алдыңғы қатарлы қалаларының тәжірибесіне сүйенеді.

 

Жан басына шаққанда ІАӨ (5,25 млн. теңге яғни – 29 мың долл.)  Алматы Куала-Лумпурдан (28 мың долл.) алда, әйтседе Мәскеуден (46 мың долл.)  60 %, Варшавадан (49 мың долл.) 70%-ға төмен.

2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 50% немесе 7,9 млн. теңгеге көбейту жоспарлануда.

 

Қаладағы 1  жұмысқа жарамды жанның еңбек өнімділігі 10,7 млн теңге немесе 59 мың долл., бұл Варшавадан (38 мың долл.), Куала-Лумпурдан (38 мың долл.) және Мәскеуден (43 мың долл.) әлдеқайда жоғары.

2020 жылы еңбек өнімділігі 50% өсіп, 16,4 млн. теңгеге жетеді.

 

Жұмыссыздық деңгейі 5,6% құрап, Варшавадан (5%) 0,6% Мәскеуден 3 есе, Куала-Лумпурдан 2 есе, Бостоннан 1,4 есе жоғары.

2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 5% төмендету көзделген.

 

Алматының шетелдік инвестиция көлемі (420 млн. долл.) Куала-Лумпурдан 4 есе жоғары, ал Варшавадан (900 млн. долл.) 2 есе және Мәскеуден (11,5 млрд. долл.)  27 есе кем.

2020 жылы  шетелдік инвестиция көлемі 19% артып, 500 млн. долл. өсуге тиіс.

 

Жолаушылар тасымалындағы қоғамдық көліктің үлес салмағы Алматыда соңғы жылдары 25%-дан 32% дейін өсті. Алайда, бұл Торонтодан (46%) 44%, Варшавадан 1,5 есе, Мәскеуден (60%) 2 есе кем.

2020 жылы қоғамдық  көліктің үлес  салмағы 50 пайызға дейін өсуі тиіс.

 

         Электр шығынының деңгейі  Алматыда соңғы он жылда 19 пайыздан 15 пайызға дейін төмендеді, мұның өзі Будапешттің (12%) көрсеткіштеріне сәйкес келеді, алайда Мәскеудегіден (10%) үш есеге көп және Торонтодағыдан (8%) 2 есеге көп.

Қала осы көрсеткішті 2020 жылы 14,5%-ға дейін жеткізуді  жоспарлап отыр.

 

Тұрғын үймен қамтамасыз ету 2010 жылдан бастап 15 ш.м-ден 25 ш.м-ге дейін өсті, мұның өзі Мәскеудегімен салыстырғанда 32 пайызға көп, бірақ Будапештегімен (41ш.м.) және Куала-Лумпурдағымен (43 ш.м.) салыстырғанда 65-70 %-ға аз.

Халықтың 2020 жылға таяу едеуір ұлғаятынын ескеріп, осы көрсеткішті ағымдағы деңгейде сақтау қажет.

 

Ауаның ластануының деңгейі 194-тен 140 мкг/текше метрге дейін төмендеді. Сонымен бірге осы көрсеткіш Мәскеудегімен және Варшавадағымен (36 мкг/текше метр) салыстырғанда  4 есеге жоғары.

2020 жылы  ауаның ластануының көрсеткіші  36 мкг/текше метрге дейін төмендету  жоспарланып отыр.

 

Қоқысты қайта өңдеудің үлесі Алматыда  5%-ға жуық, мұның өзі Торонтадағыдан (36%) және Мәскеудегімен салыстырғанда (46%) аз.

2020 жылы Алматы тұрмыстық қалдықтардың 40 % қайта өңдеуді қамтамасыз етуі тиіс.

 

 Жасыл желектердің көлемі бір адамға есептегенде 12 ш.м. құрайды. Осы көрсеткіш бойынша Алматыны Куала–Лумпурмен салыстыруға болады, бірақ Варшавадағымен (414 ш.м.) салыстырғанда 3,4 есеге және Мәскеудегімен салыстырғанда 11 есеге артта қалуда.

2020 жылы жасыл желектердің көлемін 1 адамға есептегенде 12,5 ш.м-ға ұлғайту жоспарланып отыр.

 

Өмір сүрудің күтіліп отырған орташа ұзақтығы Алматыда 71-ден 74 жасқа дейін өсті. Алайда қала осы көрсеткіш бойынша Мәскеудегімен салыстырғанда 2 жылға, Варшавадан – 3 жылға, Торонтодан 7 жылға кейін қалуда.

2020 жылы осы көрсеткіш Алматы бойынша 77 жасты құрауы тиіс, мұның өзі Мәскеудегі және Варшавадағы көрсеткіштерге сәйкес келетін болады.

 

Бала өлімі   2010 жылдан бастап 2 есеге төмендеді, яғни әрбір туылған 1000 баланың 8-інде осындай жағдай болды, мұның өзі Мәскеудегі көрсеткішке сәйкес келеді, алайда Берлиндегімен (4), Торонтодағымен салыстырғанда 1,6 есеге көп.

           2020 жылы бала өлімінің деңгейін 6,7 жағдайға дейін төмендету жоспарланып отыр.

 

Балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 60% құрайды және қазірдің өзінде Будапешттегі (60%), Мәскеудегі (60%) көрсеткіштерге сәйкес келеді, алайда Бостондағыдан (81 %) және Берлиндегіден (94%) төмен.

2020 жылы Алматыда балалардың 71% мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамтылуы тиіс.

 

Бүгінгі таңда Алматыда 1 мұғалімге орта есеппен 14 оқушыдан келеді, мұның өзі Мәскеудегімен (15) салыстырғанда тәуір, бірақ Бостондағымен (13) салыстырғанда  нашарлау және Будапешттегі көрсеткішке сәйкес келеді.

Едәуір көші-қон қысымын ескере отырып, осы көрсеткішті ағымдағы деңгейде сақтау қажет.

 

100 мың тұрғынға есептегендегі ұрлық жасау саны 221-ді құрайды, мұның өзі Будапешттегімен (48), Мәскеудегімен (92), Берлиндегімен (156) салыстырғанда едәуір жоғары.

Қала осы көрсеткішті 2020 жылы 150-ге дейін төмендетуді жоспарлап отыр. 

 

ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

 

  1. Қолайлы жағдайлар жасалған қала

 

Сапалы жолдар

2014 жылдың Дүниежүзілік экономикалық форумының есебі бойынша Қазақстан 144 елдің арасында автомобиль жолдарының сапасы жағынан әлемдік рейтингте 117 орынды иеленеді. Сарапшылар Қазақстандағы жол төсенішінің сапасын 7 мүмкін балдың 2,7-не бағалады. Қаланың даму бағдарламасы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін ұлғайтуды мақсат етіп отыр, ол 2020 жылы 80 %-ға дейін жеткізіледі (2014 жылы — 65%).

Сапалы жол желілерін дамытуды бағдарламада қала жолдарын кешенді түгендеу картасының негізінде қалыптастыру қарастырылған.

Жол инфрақұрылымы нысандарының құрылысы туралы шешімдер құрылыс/жөндеу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде олардың өткізу қабілетін арттыруға жасалған талдаудың негізінде қабылданады. Сондай-ақ бағдарламада жаңадан қосылған аумақтардың жол желілерімен қамтамасыз етілуін ұлғайту қарастырылған.

 

Қоғамдық көлік

Қала бойынша қозғалыстың орташа жылдамдығы 2020 жылы 19 км/сағаттан 25 км/сағатқа дейін артуы тиіс. Қала тұрғындарының және қонақтарының мобильдік мүмкіндігі қоғамдық көліктер есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл жеке көлікке балама болмақ. Қоғамдық көлік атмосфераға зиянды заттарды аз бөліп, экологияны жақсарта отырып, жеке көлікке қарағанда энергияны 3-4 есе аз тұтынады. Қоғамдық көлікті дамыту жолдардағы кептелістерді азайтуға, қалалықтардың уақытын және көлікке, инфрақұрылымға арналған шығындарды үнемдеуге әкеледі. 2020 жылы қоғамдық көліктің үлес салмағы 32 %-дан 50 %-ға дейін өседі.

Осы міндетке қол жеткізу үшін, бірінші кезекте жеке көлікпен салыстырғанда қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыру қажет.

Дамыған елдердің тәжірибесіне сәйкес ынталандыру шаралары қолданылады (айрықша автобус жолақтарының санын көбейту, серіктес қалалар мен көлік қатынасын ұйымдастыру, метроны дамыту және т.б.) және шектеу шаралары (ақылы тұрақтар енгізу, теңгермелі тарифтер және т.б.).

Жаяу жүргіншілерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сондай-ақ велокөлікке инфрақұрылымды дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Велокөлікті ынталандырудың басты тәсілі – велосипед инфрақұрылымын жасау.

 

Таза қоршаған орта

Алматы қоршаған ортасы қазіргі әлемдік талаптарға сай келетін адамдардың өмір сүруіне қолайлы қала болуға тиіс. Атмосфераның ластану деңгейі 140 мкг/м3-дан 36 мкг/м3, қаланың ІАӨ-нің энергосыйымдылығы 2020 жылы 0,3 шжт/млн. долл. болады.

Осыған орай ауаға тарату көздерін мониторингілеу мен табиғат қорғау полициясының қызметін жандандырып, кәсіпорындардың ауаға таратуын төмендету бойынша шараларды қабылдауды Қазақстанның экологиялық кодексі нормаларына енгізуді қамтамасыз ету қажет. Жеке тұрғын үйлерді газдандыру, ЖЭО-тарда тазартушы қондырғыларды монтаждау, шағын және орта қазандықтарды табиғи газға немесе электр қуатына ауыстыру жоспарлануда.

Инвесторларды тарта отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу мен кәріз тазарту бойынша қуат көздерін қалыптастыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде қалдықтарды қайта өңдеу 2020 жылы 5%-дан 40%-ға дейін өсуі тиіс.

Қаланы көгалдандыру бойынша ландшафтық дизайн, жасыл-желектерді отырғызу мен күтім саласының тиісті мамандары тартыла отырып, жүйелі шаралар іске асырылады, жасыл аймақтарды заңдастыру мен түгендеу жүргізіледі, қажетті суару желілері салынады және т.б.

Сайран көлі, Бас ботаникалық бақ, Орталық мәдениет және демалыс саябағы, Алматы хайуанаттар бағы және басқа да жасыл аймақтарды жаңарту бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қала аумағын су басу мәселесін шешу үшін өзен арналарын жаңарту, су қорғау аймақтарын көріктендіру, арық желілері мен нөсер кәріздерін салу жалғастырылады.

 

ТКШ сенімді инфрақұрылымы

Алматы қаласының жылу энергетикалық кешенінің жаңаруы мен дамуы тұрғын үй құрылысы мен өнеркәсіптің қарқынды дамуына орай қаланың жылу және электр энергиясына деген сұраныстың өсуімен байланысты.

Инженерлік желілердің орташа тозуы 60-70%-ды құрайды.

Осы мәселелерді шешу үшін қайнар көздер мен инженерлік желілер жаңартылады. 2020 жылға дейін тозу үлесін төмендету жоспарлануда: сумен жабдықтау желілері бойынша – 64,5 %-дан 56%-ға дейін; су бұру — 62%-дан 54%-ға дейін; жылумен жабдықтау — 65%-дан 57%-ға дейін, электрмен жабдықтау — 69%-дан 65%-ға дейін.

Бүгінгі таңда орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесіне қолжетімділік  95%-ды  құраса, ол 2020 жылы 100% көрсеткішке жеткізіледі. Суды әкету бойынша – 77%-дан 86%-ға, жылумен қамтамасыз ету бойынша – 77%-дан 81%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында энергия үнемдеу саласы бойынша ­ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын азайтуды 2020 жылға дейін 25%-ға жеткізу міндеті қойылған. Жоспарланған энергия үнемдеу шаралары осы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған.

Сонымен қатар, электр қуаты саласына жаңа тарифтік саясат енгізу жоспарланып отыр. Осы салаға инвестиция ынталандыру арқылы тарифтің құрылымын өзгерту  қарастырылып отыр.

Заманауи технологияларды қолдану арқылы кәріздік тазалау желілерін қайта жаңғырту жоспарланып отыр.

 

  1. ҚАУІПСІЗ ҚАЛА

Қоғамдық қауіпсіздік

Бейнебақылау жүйесін жетілдіру және ұтқыр қимыл қолдану, қылмыспен күресудің тиімділігін артыру және жұмыссыздықты азайту арқылы Алматы қаласы әлемнің басқа қалаларындағыдай адамдар өздерін қауіпсіз сезінетін қала болуы тиіс. Қауіпсіздік туралы сөз болғанда Алматы қаласының сейсмикалық – селді апаттық аумақта орналасқандығын ескеру қажет.

Бірінші кезекте құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сапасын көтеру қажет. Бұған әкімге және жергілікті қауымдастыққа есеп беретін муниципальді полициялық қызметтің құрылуы бағытталған.

Сонымен қоса полиция қызметкерлерін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи құралдарымен жабдықтау жақсартылады және жаңартылады.

Тұруға арналған аудандарды жарықтандыруды жақсарту басты бағыттардың бірі болады. Қоғамдық тәртіпті сақтауға жедел және жастар отрядтарын құру арқылы жастарды тарту жұмыстары бесенді жүргізіледі.

Жол көлік апаттарын қысқарту үшін «апат профилін» жасау жоспарлануда. Сонымен қатар, бастамалар тізімін анықтау, заманауи фото және бейнемониторингі жүйесін кеңейту, қауіпсіздік мәселесі бойынша әлеуметтік жарнамалар орналастыру, жүргізушілерді оқытуды жақсарту қолға алынады.

Ұрлық жасау деңгейі 100 мың адамға 2020 жылы 221,5-тен 150–ге дейін, адам өлтіру – 5,6-дан 4-ке дейін, ЖКА құрбандары – 12-ден 5,9-ға дейін төмендеуі қажет.

 

Табиғи катаклизмдерді ескерту

Алматы сейсмоқауіпті аймақта орналасқан (зілзала, сел, лай көшкіні). Осыған байланысты қала тұрғындары мен қала қонақтарының табиғи катаклизмдермен техногендік апаттардан қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты бағыттары төтенше жағдайға төтеп беру және ескерту инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

Тиесілі инфрақұрылымды дамыту үшін әлеуметтік нысандарды сейсмокүшейту жоспарлануда(денсаулық сақтау, білім беру), ескі тұрғын үйлерді сүру, өрт сөндіру деполарын салу, қала әкімінің мобилизация қорын толықтыру, халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи апаттық құтқару техникалары мен жабдықтарын сатып алу қажет.

Қауіпті территориялар мен төтенше жағдайлар туындауы мүмкін аймақтарда тұрғындарды ақпараттандыру және төтенше жағдайларды ескерту бойынша тұрақты мониторинг жүргізіледі, арнасынан тасып кету қаупі бар тау көлдерінің суын ағызушаралары жүргізіледі. Сонымен қатар, ТЖ ескерту үшін қаланың қауіпті аймақтарында құрылыс нысандарын салуды реттеу күшейтіледі. Ақпараттық және оқыту материалдарын тарату арқылы өндірістік нысандардың қызметкерлерімен тұрғындарды жаттықтыру жұмыстарын жүргізу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. ТЖ саласы бойынша тұрғындардың ақпараттану деңгейі барлық кезеңдерде 100 % болуы керек.

2020 жылға қарай ТЖ төтеп беру инфрақұрылымының қамтамасыздандырылуы 57%, апатты–құтқару құрылымдарының техникамен жабдықталуы – 44,5%-ды  құрауы тиіс.

 

«Ақылды қала» (Smart City) тұжырымдамасы

«Ақылды қала» (Smart City) тұжырымдамасын іске асыру жаңа үрдістің бірі болып табылады. Қала басқаруына ақпараттық технологияларды қолдану, Smart технологиясын енгізу Алматы қаласының басты сипаттамасы болып табылады.

Жобаның мақсаты өмір қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, инфрақұрылымдар мен инвестициялық тартымдылықты арттыру, көлік және экологиялық мәселелерді шешу, энергия мен суды қолдану тиімділігін, коммуналдық қызметтер және ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қызмет көрсетуге пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.

«Ақылды қалаларды» жүзеге асырудың тиімділігі мен заманауилығы әлемде іске асып жатқан мысалдармен расталады. Лондонда қоғамдық көліктің кешігуі 40 %-ға қысқартылды, жол сиымдылығы 15 % артты, зиянды заттардың ауаға таралуы 25% қысқартылды. Жылуды пайдалану 25% қысқартылды, көшені жарықтандыру шығыны 40%, электр және жылу үшін орташа есеппен 20 %-ға, ал  ЖКО саны 20% қысқартылды.

«Ақылды қала» тұжырымдамасының халықаралық тәжірибесінің есепке алынуы қаланың өндірістік үдерістері мен қызметтерінің едәуір трансформациясын талап етеді. Трансформация үдерістерді оңтайландыру бойынша ұйымдастыру кешенін қайта қарау, қаржыландыру жолдары мен қызметтер стандарттарын, сондай-ақ ықпалдастырылған ақпараттық жүйелерді енгізуді қамтыған 3 жылдан 7 жылға дейін созылады.

 

  1. ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТТАЛҒАН ҚАЛА

 

Алматы адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы еуропалық стандарттарға сай келетін, барлық азаматтар өз мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай бала бақшадан университетке дейінгі аралықта білім алуға қол жеткізе алатын қала болуы тиіс.

 

Сапалы білім беру

Орта білім беру саласында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі енгізілетін болады.

Мектеп бітірушілерінің арасында жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген (үздік/жақсы) оқушылардың үлесі негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады, ол 2020 жылы 60%-ға жетеді.

Бала бақшалар мен мектептердің жетіспеушілігі жеке меншік капиталды кеңінен тартуға бағытталған арнайы Бағдарламаны қабылдау арқылы шешілетін болады.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында дуальды жүйені енгізу жалғасады, ал мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған және оқуын аяқтағаннан кейінгі алғашқы жылы жұмысқа орналасқан ТжәнеКБ оқу орындарын бітірушілер үлесінің көрсеткіші  75% жетуі тиіс.

Инклюзивтік білім беруді дамыту шеңберінде дамуында ерекшеліктері бар балаларды оқыту үшін теңдей мүмкіндіктер жасауға бағытталады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан балаларды инклюзивтік біліммен қамту 2020 жылға қарай 33,2% жетуі тиіс (2015ж. – 20%).

Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы үшін қосымша білім беру жүйесі дамытылады. Бұл үшін спорт секцияларының, пәндік, музыкалық және шығармашылық үйірмелердің, аула клубтарының, роботехника орталықтарының санын арттыру жоспарланып отыр.

Жан басына шаққанда қаржыландыру енгізілгеннен кейін жеке меншік мектептерді «ваучерлік» қолдау тетігі енгізіледі, бұл бюджет шығындарын оңтайландырады.

Ашықтық, қол жетімділік және халық алдында есеп беру білім беру жүйесі жұмысының басты бағыттарының біріне айналады. Қаладағы білім беру мекемелерінің кірістері мен шығындары туралы ақпаратты жариялау жалғасатын болады.

 

Сапалы денсаулық сақтау

Қалалық биліктің күш-жігері пациенттер үшін кері байланыс тетіктерін (электрондық портал, колл-орталықтар, сенім телефондары) енгізу жолымен медициналық қызметтердің сапасын бақылауға бағытталады. Барлық емдеу үдерістерін стандарттаудың негізінде басқару жүйесі жаңғыртылатын болады.

Сонымен бірге дуальды білім беру жүйесін енгізу арқылы медбикелер қызметінің сапасын жақсарту жоспарланып отыр. Мысалға, қалалық медицина колледжі мен медбикелік күтім ауруханасын біріктіру жүзеге асырылады.

Қаланың білім беру саласындағы тағы бір басымдық емдеудің жоғары технологиялық әдістерін арттыру болады.

Дәрігер мамандығының беделін арттыру маңызды бағытқа айналады. Бұл үшін жұмыс сапасын жеке бағалау, отбасылық жатақханаларды салу арқылы медициналық қызметкерлердің тұрғын үй мәселелерін шешу сияқты дәрігерлерді көтермелеудің түрлі тетіктері енгізіледі.

Ауруларды ерте диагностикалау үшін медициналық-санитарлық алғашқы көмекті (МСАК) дамытуға, сонымен ірге МСАК пен вертикальді қызметтердің (туберкулез, онкология, АИТВ/ЖИТС) интеграциялануына ерекше көңіл бөлінетін болады.

Денсаулық сақтау жүйесіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі. Жұмыс беруші, мемлекет және жұмыс жасайтын адамның өзі денсаулық үшін жауапкершілікті өзара бөлісуі тиіс. Осылайша, ортақ жауапкершілік қағидасы іске асырылады.

Геронтология және паллиативтік көмекті дамыту бағдарламалары енгізіледі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және диспансерлік науқастарға арналған бірыңғай оңалту орталығын құру жобасы іске асырылады.

Ана өлімінің және босандыруға көмек көрсетудің барлық ұйымдарында акушерлік асқынулардың ерекше жағдайларының құпия аудитін дамыту қолға алынады. Экстрагениталды патологиясы бар жүкті әйелдерді ерте кезеңнен қамту және диспансерік бақылау қамтамасыз етіледі.

Бюджеттен тыс қаражаттарды тарту мақсатында күш-жігер мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерін дамытуға бағытталатын болады.

Көрсетілетін қызметтердің ашықтығын жақсарту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінің қаржылық есептерін қоғамдық бақылау үшін жариялау тәжірибесі жалғасады.

2020 жылға қарай ана өлімі көрсеткіштері 100 мың тірі туылғандарға есептегенде 4-ке дейін, бала өлімі – 1000 мың тірі туылғандарға есептегенде  6,7-ге дейін, онкологиядан өлім-жітім – 10 мың онконауқастарға есептегенде 100-ге дейін  төмендеуі тиіс.

 

Сапалы әлеуметтік қызметтер, оның ішінде халықтың осал топтары үшін сапалы әлеуметтік қызметтер

Қаламызды әрі қарай дамыту мақсаттарына қол жеткізу жаңа әлеуметтік саясаттың сапасы мен тиімділігіне байланысты.

Жұмсыссыздық деңгейін 5%-ға дейін қысқарту еңбек нарығын дамыту мен қала халқын әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарына айналады. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындары арқылы жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады. Жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру үшін күш-жігер жұмыссыздарды еңбек нарығында барынша сұранысқа ие кәсіптер бойынша қайта даярлау және біліктілігін арттыруға бағытталатын болады.

Тұрмысы төмен адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету атаулы әлеуметтік көмекке және тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту жолымен халықтың табысы деңгейін арттыруға негізделеді. Алдағы 5 жылда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері  жүйелі түрде көтеріліп, ал атаулы әлеуметтік көмек ең төменгі күн көріс деңгейінің 60%-ға дейін жеткізіледі.

Бұл ретте мемлекеттен берілетін көмекке мұқтаж адамдарды тек жәрдемақы алушылар рөлімен ғана шектеуге болмайды. Көмек сандық мөлшерде ғана емес, сонымен бірге қаланың көмекке мұқтаж тұрғындарының барынша өзін-өзі танытуы (самореализация) және әлеуметтенуі үшін жағдайлар жасаудан көрінуі тиіс.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды 100%-дық қамту бйынша шаралар қабылданады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз қалалық ортаны құру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымды бейімдеу жұмыстары жалғасын табады.

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша әлеуметтік қызмет азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін болады (тұрмысы төмен азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету, ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне Жеңіс Күнінің қарсаңында материалдық көмек көрсету, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға, ҰОС жылдары, Ауғанстанда және Чернобыль АЭС апаты кезінде қайтыс болған адамдардың жесірлері мен отбасыларына бір жолғы материалдық көмек көрсету және т.б.).

 

Мәдениетті дамыту

Ұлттық тарихи-мәдени мұраның өнер саласындағы заманауи трендтермен үйлесімділігі қаланың мәдени келбетін айқындаушы рөл атқарады. Қаланың сәулетінде, оның келбетін қалыптастыруда ұлттық нақыш ескерілетін болады.

Мұражайларды дамытуға, қаланың жаңа Тарих мұражайын және Заманауи өнер мұражайының құрылысына едәуір көңіл бөлінетін болады.

Осы саладағы қызметкерлерді кәсіптік оқыту мен олардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Алматы қаласының мұражай қорларының электрондық базасын құру маңызды міндет болып табылады.

Қаланың билік органдарының күш-жігері қаланың жаңа келбетін және кітапханаларының форматын қалыптастыруға бағытталады. Олар шығармашылық үйірмелер мен коворкинг-орталықтар құру, сондай-ақ IТ-технологияларды кеңінен пайдалану есебінен ғылыми және шығармашылық даму орталықтарына түрлендірілетін болады.

Мәдени-бұқаралық іс-шараларға баратын қала тұрғындарының санын арттыру қолға алынады. Ең үздік әлемдік ұжымдардың түрақты негізде гастрольдері ұйымдастырылып, басқа елдердің мәдениет мекемелерімен тәжірибе алмасу жүзеге асырылады. Жыл сайын қаланың мәдени және тарихи өзіндік болмысын көрсететін және қаланың «ерекше белгісіне» айналатын бірнеше брэндтік іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған  (мысалы, «Рио-де-Жанейродағы карнавал», «Венециядағы биеннале» және т.б.).

 

Спортты дамыту

Алматы еліміздің спорт және спорттық туризм орталығы болып табылады. Қаланың билік органдарының күш-жігері еліміздің спорттық астанасы ретіндегі қаланың мәртебесін сақтап қалуға бағытталады. Бұл бағыттағы маңызды басымдық «28-ші 2017 жылғы Қысқы Дүниежүзілік Студенттер ойындарын» ең жоғары халықаралық стандарттар бойынша өткізу болып табылады.

Бұл ретте, қысқы Универсиада шеңберінде салынған спорттық нысандар Алматы қаласының спорттық инфрақұрылымына белсенді түрде ықпалдастырылатын болады. Қала тұрғындары үшін бұл нысандардың қол жетімділігін қамтамасыз ету, балалар және бұқаралық спорт орталықтарын ұйымдастыру үшін кешенді шаралар қабылданады.

Бұқаралық спортты дамыту жұмыстың маңызды бағытына айналады. Бұл үшін жаңа спорт және ойын алаңдарын белсенді түрде салу, спорттық инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде жеке меншік қаражаттарды тарту (МЖС) арқылы  дамыту жалғасады.

Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жалғасады. Халықтың барлық топтарының арасында спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны артады.

Мұның барлығы 2020 жылға қарай спортпен тұрақты түрде шұғылданатын қала тұрғындарының деңгейін 30% жеткізуге мүмкіндік береді, бұл Батыс Еуропа елдерінің нормаларына сәйкес келеді.

 

Тілдерді дамыту

Алматының заманауи, халықаралық кеңістікке интеграцияланған мегаполис ретінде қалыптасуы үшін Елбасының «Тілдердің үш тұғырлығы» бірегей мәдени жобасын іске асыру ләзім. Яғни мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, орыс тілін – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілін жаһандық экономикаға табысты интеграциялану құралы ретінде тұрғындардың терең меңгеруін жүйелі түре іске асыру жұмыстары жалғастырылады.

Тіл саясатын іске асыру Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің ауқымды қызмет етуін үйлесімді түрде қамтамасыз ететін болады.

Осыны ескере отырып, қалалық бюджеттің шегінде қазақ тілінде оқытатын бала бақшалар мен мектептердің санын арттыру, мемлекеттік тілді еркін және қол жетімді меңгеру үшін жағдайлар жасау бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұдан басқа, білім беру мекемелерінде жүйелі түрде мынадай іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған: жергіліктіемесұлт балаларының арасында мемлекеттік тілді білуге қалалық конкурс, орыс тілінде білім беретін мектептерде апта сайын «Қазақ тілінің күндерін» өткізу және т.б.

Ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілінің, сонымен бірге Қазақстан халқының басқа тілдерінің жалпы мәдени функцияларын сақтау бойынша шаралар қабылданады.

Қала тұрғындары үшін ағылшын тілін терең меңгеру маңызды болып табылады, себебі Алматы ірі қаржы орталығы және халықаралық туризм мен бизнес үшін ашық әрі тартымды болуы тиіс.

 

  1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ҚАЛА

 

Дәстүрлі секторлардың тұрақты өсуі

Өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, азық-түлік секторы, сауда-саттық сияқты дәстүрлі дамыған салалар, сонымен бірге туризм, көлік және логистика, инновациялар секілді болашағы тың секторлар да өсудің қозғаушы күшіне айналады.

         Өнеркәсіп дамуында қосылған құн салығы жоғары бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған өндірістерді құруға ерекше көңіл бөлінеді.

Қазақстандық қамту үлесі 80%-ға дейін артады.

Еңбек өнімділігінің өсу көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін технологиялар трансферті есебінен кәсіпорындардың инновациялық құрамдас бөліктерін арттыру, түбегейлі жаңа, экологиялық жағынан таза өндірістерді құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілетін болады.

Инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі қызмет ететін кәсіпорындар санының 15%-на дейін артуы тиіс.

Индустриялық-инновациялық дамудың негізгі өсу резервтерінің ірі Алатау ауданындағы Индустриялық аймақ болып табылады. Индустриялық аймақта 430 млрд. теңге инвестициялардың жалпы көлемімен, сонымен бірге 120 мың жұмыс орнын құрумен және 174 млрд. теңгеге өнімдерді шығарудың болжамды көлемімен 53 жаңа заманауи өндірістерді орналастыру және іске қосу қарастырылады. Индустриялық аймақтың кәсіпорындары машина жасау, тамақ, құрылыс, фармацевтика, химия, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын болады. Болашақта тартылған инвестициялардың есебінен жекеменшік индустриялық аймақтарды дамыту жоспарланып отыр.

           Шағын және орта кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қолдаудың қолданылып жүрген құралдарын белсенді пайдалану, ҒӨК және басқа да ұйымдармен тығыз өзара іс-қимыл жасау, сонымен бірге қала кәсіпкерлерінің мүддесін қорғау үшін бизнес-омбудсмен институтын нығайту арқылы бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жұмысына ерекше көңіл бөлінетін болады.

Нәтижесінде 2020 жылға қарай субъектілердің жалпы санындағы ШОБ белсенді субъектілерінің үлесі  92%-ға дейін, ШОБ-тан қаланың бюджетіне түсімдердің үлесі 55%-ға дейін өсуі, шығарылған өнімдердің көлемі 5 трлн. астам теңгені құрауы, ал ШОБ-та жұмыс жасайтын адамдардың экономикалық белсенді халықтың жалпы санынан  үлесі 60%-ға дейін өсуі тиіс.

           Азық-түлік секторын дамыту және қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азық-түлік белдеуін, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі өндірістер желісін және сауда-логистика орталықтарын дамыту жоспарланып отыр.

Сауда-саттықта сауда инфрақұрылымын дамытуға, базарларды жайлы етуге қойылатын талаптарды қатаңдатуға, «сұрқай тауар айналымының» үлесін азайтуға бағытталған шаралар қабылданады. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру, тауарлардың сапасын арттыру және бағаларды төмендету үшін қаланың билік органдарының күш-жігері халықаралқ бөлшек сауда желілерін қатыстыруға бағытталатын болады.

 

Жаңа секторларды серпінді дамыту

«100 нақты қадам» бағдарламасында Алматы қаласын әлемдік деңгейдегі жаңа әуежай, жаңа жол айрықтары және көлік магистралдары (оның ішінде ҮААЖ) құрылысын салу, сонымен қатар логистикалық қызметтерді дамыту,  халықаралық көлік, логистикалық хаб ретінде дамыту қарастырылуда.

Туризмді дамыту қаладағы Универсиада-2017, басқа да халықаралық деңгейдегі спорттық шаралар, сонымен қатар халықаралық көрмелер мен фестивальдар сияқты ірі халықаралық оқиғаларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сол үшін Азиада-2011, сонымен қатар салынып жатқан мұз сарайы нысандары тартылатын болады.

Қаладағы қонақтарды хабарландыру мен туристерге ыңғайлы болу деңгейін жақсарту бойынша (сайттарды дамыту, ақпараттық орталықтар картасын құру, нысандарда QR-кодтарын орналасытыру, туристік жол бағдарларын құру, CityPass және басқа да шараларды ендіру) мақсатты жұмыстар жүргізіледі.

Алматы инновациялық кластерді дамыту үшін жақсы базалық инфрақұрылымға ие. Инновациялық кластерді дамыту шеңберінде ақпараттық технологиялар, білім және денсаулық сақтау саласына көңіл аударылады.  Болашақта АЭА АТБ дамытуда ақпараттық технологиялар сегментінде білікті халықаралық мамандарды тарту, әртүрлі органдар мен мекемелердің қызметтерін оңтайландыру ұсынылады. «Инновациялық технологиялық бағына» ИТ-технологиялар, телекоммуникация және байланыс саласында инновациялық өнімдер мен қызметтерді шығаруға бағытталған ірі халықаралық компаниялар тартылады. Бақтағы қатысушылар саны 210-ға дейін артып, өндірілетін өнімдер көлемі 20,2 млрд. теңге құруы керек.

 

  1. БИЗНЕС ПЕН ЖЕКЕ КАПИТАЛҒА ҚОЛАЙЛЫ ҚАЛА

 

Бизнесті жүргізу қолайлылығы

Аталған бағыт шеңберінде бизнес ортаға тартымды жағдайжасау бойынша белсенді («Easy of DoingBusiness» рейтингінде 50-ші орын) жұмыс жүргізіледі.

Халықаралық қаржы институттары мен ынтымақтастықты кеңейту негізінде инвестиция тартуды күшейту ұсынылады.

Аталған мақсатқа қол жеткізу нәтижесінің бірден-бір көрсеткіші -негізгі капиталға құятын шетел инвестициясының үлесін 50%-ға дейін көбейту арқылы ұзақ мерзімді жобаларға шетел инвесторларын тартуға қаланың өзіндік мүмкіндікке ие екендігін көрсету, сонымен қатар қалада жұмыс істеу үшін трансұлттық компанияларды тарту (ТҰК)  (2020 жылға дейін 2-3 компанияны).

Сонымен қатар инвесторлар үшін салық жеңілдіктері мен ыңғайлы инфрақұрылымдар ұсыну жоспарлануда.

Стратегиялық серіктестіктерді іздестіру мен тарту, «бір терезе» тәсілдерін ендіре отырып экономиканың басым секторларына инвесторларды тарту бойынша шаралар қарастырылған. Әлемдік жетекші сарапшыларды және ірі халықаралық корпорация өкілдерін тарту арқылы инвестициялық форумдар өткізіліп, сауда қатынастары және бірлескен жобаларды іске асыруды дамыту бойынша халықаралық бизнес-делегацияларды қатыстыру ұйымдастырылады.

 

Жемқорлықты түбегейлі төмендету

Алматы 2025 жылы Ғаламдық Бәсекелестік Индексінің «Этика және жемқорлық», «Мемлекеттік қаражатты заңсыз пайдалану» көрсеткіштері бойынша Қазақстанның бірінші 30 елдің қатарына ену драйвері болуы тиіс. Ол үшін азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар және жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша сарапшылардың идеялары мен ой-пікірлермен тиімді құрылымдық алмасу және қарым-қатынасты қамтамасыз ету қажет.

Бизнес пен инвестицияға маңызды мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жемқорлық кедергілерді жою мен рұқсат беру жүйелерінің айқындылығын жақсарту жұмыстары басым бағыт болып табылады. Ол үшін мемлекеттік сатып алу айқындығы мен мемлекеттік қолдау алуда талап қоюды айтарлықтай жақсарту және артық бөгеттерді жою жоспарлануда. Барлық рұқсат беру рәсімдерін сараптау, сонымен қатар бизнесті тексеруді жүйелеу істері тұрақты жүргізіледі.

 

Мемлекеттік-жеке әріптестіктің дамуы (МЖӘ)

Экономикадағы дағдарысты құбылыстарды және онымен байланысты бюджеттік шектеулерді  ескере отырып, мемлекеттік-жеке әріптестіктің құралдарын пайдалану жеке капиталды, трансұлттық коорпорацияларды, халықаралық қаржы институттарын тарту ірі капиталдық сыйымды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік-жеке әріптестіктің тетіктерін қолданудың қосымша артықшылықтары — концессия мерзімінің аяқталуына қарай құрылған нысандар мемлекет меншігіне өтеді.

Концессия тетігі арқылы ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ құрылған нысандарды тиімді басқару қамтамасыз етілетін болады. Мұндай жобалардың қатарына «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралінің бөлігіне айналатын Үлкен Алматы Айналма Автокөлік Жолын жатқызуға болады. Аталған жоба транзиттік көлікті қайта бағыттаудың есебінен қалалық көлік желісіндегі қиыншылықты алып тастауға мүмкіндік береді. Келешегі бар жобалардың тағы бір түрі – жеңіл рельсті көлік желісін салу (жылдам трамвай) қаланың орталық бөлігін Алатау ауданындағы тұрғын және Индустриалды Аймақтармен байланыстыру үшін қажет. Қаланы өңірдегі ірі көліктік-логистикалық орталыққа айналдыруға мүмкіндік беретін Алматының жаңа халықаралық әуежайының құрылысын концессиялық негізде жүргізу қарастырылатын болады.

Әлеуметтік инфрақұрылымның нысандарын дамыту үшін мемлекеттік-жекеәріптестіктің сенімді басқару мен жалға беру секілді кіші формалары қолданылатын болады. Аталған құралдар отандық кәсіпкерлерді ортақ ынтымақтастыққа шақыруға мүмкіндік береді.

Осы мақсатта халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты орнату, инвесторлар мен кәсіпкерлерге инвестицияны мемлекеттік қолдаудың шаралары туралы ақпарат беру, гранттарды ұсыну, сондай-ақ инфрақұрылымды нысандар мен инвесторларға арналған жергілікті салық жеңілдіктерін ұсыну жалғасады.

Бас капиталға салынатын сыртқы инвестицияның көлемі 2020 жылға қарай 75 млрд. теңгені құрап, 50%-ға өсуі қажет. Жалпы алғанда, Алматы қаласының даму Бағдарламасының аяқталуына қарай мемлекеттік емес инвестициялардың көлемі қала экономикасында 350 млрд. астам теңгені құрауы межеленуде.

 

Жекешелендірудің ашықтығы

Қала экономикасына инвестицияны тартудың қосымша құралы жылжымайтын мүліктің мемлекеттік нысандарын жекешелендірудің ашықтығы болып табылады.

Тиімсіз жұмыс істейтін ведомстволық ұйымдар жекешелендіріледі, немесе жеке бизнестің сенімді басқаруына беріледі.

Ол үшін барлық коммуналды меншік нысандарын түгендеуден өткізу, иесіз нысандарды теңгерімге орналастыру, стратегиялық маңыздылыққа ие емес, бірақ өзіне мемлекеттік бюджеттің ресурстарын көптеп тартатын нысандар мен кәсіпорындарға талдау жасау қажет болады. Аталған нысандар мен кәсіпорындар жекешелендіру шараларынақатыстырылатын болады.

Жекешелендіру бойынша шаралар шеңберінде бюджеттік шығындардың қысқаруының, жеке кәсіпкерлікті ынталандырудың және бәсекелі ортаны жасаудың, кәсіпорындарының тиімділігін арттырудың, экономиканы демонополизациялауға көмек көрсетудің, сондай-ақ шетелдік инвесторларды тартудың айқындылығына ерекше екпін беріледі.

 

  1. ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ҚАЛА

 

Көпорталықтық қағидасын ескере отырып, қосылған аумақтардың өмір сүру стандарттарын көтеру

Қаланы дамыту көп орталықтардың болуы қағидасына, яғни көлік жағдайын жақсартуға және қаланың барлық аудандарын бірыңғай дамытуға мүмкіндік беретін толыққанды және балама орталықтарды қалыптастыруға негізделетін болады.

Қосылған аумақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңдестіру үшін бірінші реттегі әлеуметтік нысандар құрылысы жалғасады (мектептер, балабақшалар, емханалар мен т.б.), сондай-ақ экономикалық өсудің жаңа нүктелері жасалады (Универсиада-2017 нысандары, Индустриалды аймақ, бизнес-орталықтар, сауда ойын-сауық орындары және т.б.).

Алатау және Наурызбай аудандарындағы баспана, жол, қоғамдық көлік желілері, электрмен қамтамасыз ету мен газдандыруға, орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мен суды бұруға, жылытуға қаражат бөлінетін болады. Бұл осы аудандарда өмір сүру мен бизнестің дамуының тартымдылығын артуына ықпал жасайтын болады.

Қосылған аумақтар халқы мемлекеттік қызмет көрсетудің заманауи үлгілерімен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қаржы қызметтеріне қол жеткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде қосылған аумақтардағы техногенді мәселелерге назар аударуды күшейту жоспарлануда.

 

Алматы агломерациясындағы ықпалдастық

Қаланың болашақ дамуы Алматы агломерациясының дамуына сәйкес жүргізілетін болады.

Алматы агломерациясының ықпалы аймағына: агломерация орталығы (өзек) – Алматы қаласы, Алматы облысының бес әкімшілік ауданы: Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ және Жамбыл ауданы, сондай-ақ Қапшағай қаласының аумағы енеді.

Дамудың маңызды бағыты аумақтың кеңістік және функционалды тұтастығын қамтамасыз етуге арналған оңтайлы көлік торабын, халықтың негізгі қызмет орталықтарына қолжетімділігін, сондай-ақагломерация аймағының транзиттік функцияларын іске асыруды қалыптастыру болып табылады.

Қалаға түйіскен аудандардың ауыл шаруашылығы қаланың азық-түлік өнеркәсібінің шикізат көзі болып табылады. Сондықтан агломерация аймағы сауда желісі ретінде дамитын болады. Осыған орай ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін Алматы нарығына өнімдерді әділ бағамен беруге жағдай туғызу ету қажет. Осылайша өңірдің сауда қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін болады.

 

Алматыны халықаралық дәрежеде таныстыру

Алматы ірі қалалардың бірі ретінде жуық арада Еуразияның іскерлік және мәдени орталығы ретінде танылу әлеуетіне ие.

Тұрақты саяси және экономикалық даму жағдайына және әрі қарай даму әлеуетіне ие қала ретінде Алматы Біріккен Ұлттар ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдардың өңірлік Хаб-кеңсесіне айналуы қажет.

Осыған орай, Алматыны халықаралық деңгейде түрлі тілдерде жағымды таныстыратын  көрсеткіштер тізбесі, он-лайн тәртіпте таныстыратын «Алматы күнтізбесі» және Алматының жарқын халықаралық бренді әзірленетін болады.

Қалада үш тілде навигация жүйесі (бағдарлаушы ақпарат) енгізілетін болады. Ағылшын тілін білу мемлекеттік органдар қызметкерлері мен қаланың қызмет көрсету секторындағы жұмысшылардың біліктілігін арттыру мен дағдыларын дамытудың маңызды бөлігіне айналады.

 

  1. БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР ҚАЛАСЫ

 

Мәселелерді тиімді шешу үшін азаматтардың белсенділігі Алматы дамуының басты шарты болып табылады.

Бүгінгі таңда дамыған елдердегі ешбір қала халықтың белсенді қатысуынсыз мәселелерді шеше алмайды. Қаланың басты ресурсы – адамдар мен олардың ақылы, шығармашылық қабілеттері. Алматы халқының жоғары белсенділігімен ерекшеленеді, бұл – дамыған үкіметтік емес секторы мен күшті бизнесі бар қала.

Қалада жергілікті атқарушы органдар мен халықтың өзара әрекет етуінің жаңа сипаттамасын жасау қажет. Осылайша, ең басты қағида айқындылық, есеп берушілік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру болуы керек.

Қала халқымен қарым-қатынас жасау үшін бүгінгі таңда қала тұрғындары қалаға қатысты мәселелер мен оларды шешу жолдарын ұсынған хаттарды жазатын әлеуметтік желілердің аккаунттары жұмыс істеуде.

Қалалық әкімдікпен әріптестіктің негізінде азаматтық қоғамның дамуы әлеуметтік жылжу мен тиімді реформаларды өткізу үшін қолайлы жағдайларды жасауға көмектесетін болады. Бұл — қала саясатының тиімділігін көтерудің, экономикалық өсу мен демократиялық дамудың, жаңғырудың маңызды шарты.

Абай-ақпарат

0 пікір