Жұма, 29 Наурыз 2024
Саясат 12372 3 пікір 9 Желтоқсан, 2016 сағат 11:48

«САЯСИ БӘСЕКЕЛЕСТІК БОЛҒАНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРГЕ ҚАЖЕТТІЛІК БОЛМАС ЕДІ»

Астанада «SarapTime» сарапшылар пікірсайыс клубының кезекті отырысы «Қоғамдық Кеңестердің мемлекеттік билік жүйесіндегі ролі мен орны» тақырыбында болды.

Отырысқа қатысқан белгілі саясаттанушы Айдос Сарым «егер нақты саяси бәсекелестік болғанда мұндай қосымша құралдардың қажеті болмас еді» деген ойын айта келіп:

«Мұрат Әбенов Азаматтық форумда айтқандай, егер министрліктердің жанынан құрылған қоғамдық кеңестер жақсы ұйымдастырылған әрі министрге, министрлікке нақты сыни ескертпелер беріп отырғанда қосымша ақша шығындап, сарапшыларды шақырып, түрлі қоғамдық кеңестер құрудың қажеті болмас еді» деді.

Сарапшы өз сөзінде Алматы қаласындағы қоғамдық кеңес туралы да айтып өтті.

«Қала әкімшілігі қоғамдық кеңестегі өз жеңілдігінен бас тартты. Мұны атап өткен дұрыс. Ондағы қоғамдық кеңесте үш шенеунік, үш мәслихат депутаты бар. Барлығы – 37 адам. Әрбір ұйымда болатын сықылды кеңеске кіріп, әрі қарай онымен не істейтінін білмей жүрген адамдар да бар. Сондықтан, азаматтардың кеңестен шығу, кіру мәселесін ұйымдастыру керек. Ал, кеңеске кіргісі келетін адамдар бар. Бұл процесс ашық болуы тиіс. Әрі бұл мәселе үш айдан бері талқыланып келеді», деді Айдос Сарым.

Сондай-ақ саясаттанушы қоғамдық кеңестерге әртүрлі мәселелер бойынша сарапшыларды тарту туралы да сөз етті.

 «Қала үшін қанша пайдалы жұмыс істеуге тырысса да  қоғамдық кеңес кей жағдайда кейбір мәселелерді шешуге қауқарсыз. Сондықтан, кәсіби мамандарға штат ашу ма, әлде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жасап, кеңеске мамандарды тартуға мүмкіндік беру жағын қарастыру керек».

Естеріңізге салай кетейік, «SarapTime» клубының бұл отырысы «Медиа технологиялар орталығы» мен «Нұр Отан» партиясы саяси сараптау және стратегиялық зерттеу орталығы бірлесіп өткізді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544