Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2874 0 пікір 26 Қыркүйек, 2016 сағат 12:42

«МАКСИМУМ» АИО қолдаудың қолайлы тәсілдерін ұсынуда

Түркістанда «Максимум» АИО өкілдерінің қатысуымен шаруалар мен кәсіпкерлердің басын қосқан кездесулер өтті. Қала мен екі ауылдық округ орталықтарында өткен жиында қаржы ұйымынан несие алудың жолдарын насихаттап жүрген топ жиналғандарға қаржыландыру түрлерін түсіндірді.

Кәсібін жаңадан бастаған, шаруашылығын одан әрі дамытуды көздеген шаруалар тарапынан түрлі мәселелер төңірегіндегі сауалдарға тұшымды жауап қайырған «Ырыс» МКҰ директорының орынбасары кәсіпкерлерді қолдаудың қолайлы тәсілдеріне де тоқталып өтті.

Атап айтсақ, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы тарапынан қазіргі уақытта келесі қаржыландыру түрлері қарастырылған. Алғашқысы тікелей несиелендіру (яғни қарыздар) - жылына 7 пайызбен 84 айға беріледі. Одан соң қаржылық лизинг – жылына 8 пайызбен 84 айға беріледі және де инвестициялық орталықтың еншілес ұйымы «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы шағын несиелер беруді қамтамасыз етеді. Аталмыш ұйым 7-8 пайызбен 60 ай уақытқа дейін несиелендіреді.

Әрине қаржыландыру келесі негізгі шарттар орындалған жағдай да ғана жүзеге асады. Яғни қаржы аламын дейтін азаматтың жобасы облыстың басым бағыттары бойынша жасалуы тиіс. Өтімді кепілдеменің және мүліктің құқық белгілеуші құжаттарының болуы қажет. Сонымен қатар, бизнес-жоспары мен құрылтай құжаттары болған жағдай да  ғана орталық тарапынан несие беру көзделген.

Айта кетерлігі, жалпы 2009-2016 жылдар аралығында "Максимум" АИО мен "Ырыс" МҚҰ мен бірлесе Түркістан қаласы бойынша 1038 жобаны 2,9 млрд. теңгеге қаржыландырған. Нәтижесінде аймақта 2 240 жұмыс орны ашылған.

Abai.kz  

0 пікір