Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5198 0 пікір 27 Қыркүйек, 2016 сағат 17:47

Арыста бокстан Халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті

Арыста бокстан 2001-2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында Кеңес Одағының Батыры Бейсен Онтаевты еске алуға арналған ХХХІV Халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараның басты мақсаты - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында дене шынықтыру мен спортты дамытуға, жастар арасында спорттың бокс түрін, жалпы салауатты өмір салтын және еліміздің бокс саңлақтарын кеңінен насихаттауға, бос уақытын тиімді пайдалана отырып, спортпен шұғылдануына тартуға бағытталды. Бұл іс-шара көптеген жастарымыздың спортқа деген қызығушылығын арттыра түскендігі айқын. Бұл сөзімізге сайысқа қатысушылар мен оны тамашалауға келген жастардың үлес салмағының өзі дәлел болмақ.

Жарыстың ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысы денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Бердашев, қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбеков, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, зиялы қауым өкілдері, спорт ардагерлері, спортшылар, жастар өкілдері қатысты. 

Аталған жарысқа Өзбекстан Республикасының, 10 облыстан және Астана, Алматы қалаларынан келген 25 командадан құралған 273 жас спортшылар шаршыалаңда сайысқа түседі.

Жарыс қорытындысы ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні өтеді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616