Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4014 0 пікір 28 Қыркүйек, 2016 сағат 16:51

Шардара суы шартарапқа тарамақ...

Қазір Елбасының тiкелей бастамасымен қолға алынған үдемелi индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жер-жерлдерде қызу жұмыс жүргізілуде. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығынан бөлек әр аудан-қалаларда индустриалды аймақтар құрылып, жұмыс істеуде. Соның бірі Шардара ауданында құрылған индустриалды аймақта минералды су шығарылатын болады. Жеке кәсiпкер Құрманғазы Акбаров ұсынған өндірістік қуаты күніне 10 тонна минералды су өндіруге қауқарлы бұл жобаның құны 200 млн. теңге.

Кәсіпкер бұл қадамға кездейсоқ бармапты. Ол аудан орталығынан әрiде жатқан шағылды аймақтың суының дәмi тiл үйiретінін бұрыннан білетін. Бірақ, сол минералдарға бай, табиғи суды әжетке жаратудың сәті енді түскенге ұқсайды. Жер асты суы 40 метр тереңдіктен шығады. Қазiр судың сапасы жан-жақты сараптамадан өтуге тапсырылыпты. Алматы қаласындағы Қазақ тамақтану академиясының сарапшылары оң баға берсе, жұмыс басталмақ. Ал, өндіріс қарқын алса, алдағы уақытта минералды судан бөлек түрлi шырынды сусындар шығару да жоспарланған.

Теңіз жағасында орналасқанымен Шардарада ауыз су мәселесі бұрыннан бар болатын. соңғы жылдары таза ауыз суға қол жеткізе бастаған жергілікті тұрғындар үшін бұл жаңалық жағымды болыр тұр. Бұйыртса, өздерінен шығатын суды тұтыну бақытына қол жеткізетін күн алыс емес. Оның үстіне жаңа кәсіпорыннынң ашылуымен бірнеше тұрғын үшін екі қолға бір күрек табылмақ. Кәсіпкерджің айтуынша, Шардара минералды суын облыс аумағына ғана емес, бүкіл ел аумағына таратуды ойластырып отыр екен. Ендеше Шардараның минералды суын пайдаланатын күн де алыс қалған жоқ.

Abai.kz

0 пікір