Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3679 0 пікір 28 Қыркүйек, 2016 сағат 17:38

ОҚО-да берілетін 4 мемлекеттік қызмет түрі оңтайландырылды

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында балаларға берілетін құжаттардың 4 түрі  біріктіріліп, композиттік қызмет аясына енді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алынатын бұл қызметке түрі баланың туу туралы куәлігі мен туылуына байланысты әлеуметтік бір жылдық төлемақысы, сонымен қатар, оның бір жасқа дейінгі төленетін жәрдемақысы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою қызметтері жатады.

Бүгінде облыстың барлық перинаталды орталықтары мен босану үйлерінде ХКҚО  мен АХАТ бөлімдерінің қызметкерлері жоғарыда айтылған құжаттарды рәсімдеу бойынша көшпелі қызмет көрсетуде.  Аталған қызмет іске қосылған бір күннің ішінде 136 баланың құжаттары осы қызмет түрімен рәсімделген.

  Өңір тұрғындары енді жоғарыда аталған  4 мемлекеттік  қызмет түрін алу үшін түрлі мекеме орталықтарының табалдырығын тоздырмай-ақ, бір өтініш негізінде іске асыруға болады.

Бүгінде облыс жұртшылығы арасында бұл қызмет түріне оң пікірін білдірушілер көбеюде. Облысы аумағында балаларға берілетін құжаттардың 4 түрі  біріктіріліп, композиттік қызмет аясына енуіне байланысты оң пікірлердің бір парасы: «Бұл қадам бізді қағазбастылықтан құтқарады» дегенге саяды. Расында, қағазбастылық, қажетті-қажетсіз құжаттарды реттеу бүгінгі замандағы шаруабасты адамдар үшін көлденең қиындықтар туғзып келе жатқаны шындық.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3607