Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4797 0 пікір 29 Қыркүйек, 2016 сағат 12:32

Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің XVIII республикалық байқауы өз мәресіне жетті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен              «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ «Қазақстан  Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің XVIII дәстүрлі республикалық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – жұртшылықтың рухани сауаттылығын көтеру, көркемсөз оқу мәдениетін жандандыру, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу. Қазақ әдебиетінің құнды мұраларын ел арасына насихаттауды көздейтін дәстүрлі байқау арқылы көркем шығарманың оқырмандар жүрегінен жол табуына, сөз өнеріне деген жастардың қызығушылығын арттыруына ықпал ету.

Байқауға облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Байқаудың екі шарты (прозалық шығармалардан үзінді оқу және поэтикалық туындыны мәнерлеп оқу) бойынша сайысқа түскен қатысушылар көркем туындыны мәнерлеп жатқа оқудан өз шеберліктерін танытып, жүлделі орындарға қол жеткізді.

Алматы облысынан келген қатысушымыз Қадыржан Серікбекұлы өзінің сөз өнерін биік бағалайтынын байқау барысында танытып, көркемсөз оқудың шебері атанып, бас жүлдені (180 000 теңге) қанжығасына байлады.

Қостанайлық Камел Айдана Қайдарқызы жүлделі 1-орынды  (150 000 теңге), Қарағандылық Нұртай Айсұлу Еламанқызы жүлделі 2-орынды (120 000 теңге), Солтүстік Қазақстан облысынан келген Хехнай Ақмарал Көкенайқызы жүлделі 3-орынды (100 000 теңге) иеленді.

Белсенді қатысқандығы үшін алғысхат және  ынталандыру сыйлығымен (50 000 теңге) 4 қатысушы марапатталды. Олар: Құлшаров Елдос (Атырау облысы), Мақсұтбек Абылай (Шығыс Қазақстан облысы), Мыңбай бақыт (Оңтүстік Қазақстан облысы), Қапанова Айнұр (Павлодар облысы).

Ал қалған 7 үміткерге байқауға қатысқаны үшін 20000 теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлығы бұйырды.

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3502