Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 5630 0 пікір 30 Қыркүйек, 2016 сағат 09:43

«БАЙҚОҢЫРДА ТҰРАТЫН АЗАМАТТАРЫМЫЗДЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІНІҢ ТӨМЕНДЕУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУГЕ КҮШ САЛАМЫЗ»

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихаттың сессиясында өңірдің жетістіктері мен өзекті мәселелер туралы баяндады.

– Өкінішке қарай, Байқоңыр қаласының бюджеті тек ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталуда. Ресей Федерациясы соңғы жылдары қаланы дамытуға қатысты іс-шараларды қаржыландыруды қарастыруды мүлдем жауып қойды десек те болады. Біз кешен нысандарын жалға бергенімізбен қала аумағында тұратын өз азаматтарымызды жалға берген жоқпыз, олар үшін қай кезде де жауаптымыз. Сондықтан, Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарының өмір сүру деңгейінің  төмендеуіне жол бермес үшін біз бірқатар шараларды қолға алудамыз.

Облыс әкімі айтып өткендей, Ресей Федерациясының юрисдикциясы жағдайында Қазақстанның барлық елді мекендерінің дамуына септігін тигізіп отырған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін қаланы дамытуға пайдалана алмай отыр.

– Біздің барлық әрекеттеріміз үкіметаралық келісімдерде регламенттелген. Сондықтан, 8 шілде күні Мәскеу қаласында өткен Байқоңыр қаласының Ресей Федерациясы тарапынан жалға алыну жағдайларында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдауға және дамытуға қазақстандық тараптың  қатысу мүмкіндігі туралы «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан - Ресей үкіметаралық комиссиясының соңғы (төртінші) отырысының шешімі біз үшін маңызды болды. Аталған мәселені біз бірнеше мәрте көтердік, - деп атап өтті Қ.Көшербаев.

Бұл жағдай қаланы жалдық мәртебеден бірте-бірте шығаруға мүмкіндік береді.

abai.kz

0 пікір