Жұма, 19 Сәуір 2024
Экономика 4126 0 пікір 7 Қазан, 2016 сағат 00:00

Алматыда әлемдік бренд «Kempinski Grand Asia» мейманханасы ашылады

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек « Kempinski Grand Asia » мейманханасының құрылысы мен маңайдағы аймақтың көріктендірілу барысымен танысты. Оспанов көшесі, 38 үй мекен-жайындағы нысанды 2017 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр.

36 650 шаршы метр бесжұлдызды мейманхана 200 нөмірге есептелген және 5 конференц-залы, 1000 орындық салтанат залы, түнгі клуб, теннистік корттар, көріністік мейрамханасы, ашық хауызы және арома мен биосауналары бар. «Kempinski» ғимаратын салу құрылысында 600 жаңа жұмыс орны құрылғанын атап өту қажет. Бұнымен қоса, нысанды пайдалануға беру барысында үнемі негізде 500 жұмыс орнына штат құрылатын болады.

Мейманхана бизнесін дамыту 28-ші бүкіләлемдік қысқы Универсиады-2017 қарсаңында ерекше маңызды. Мегаполисте қазіргі уақытта 136 нысана: 7998 нөмерлі біруақыттағы сыйымдылығы 13 137 болатын мейманханалар, қонақ үйлер, хостельдер өз жұмыстарын жүзеге асырып отыр. 2016 жылы «Shera Park Inn», «Maqan Hotel», «Sapar de Luxe» мейманханалары пайдалануға берілді. Сондай-ақ Алматыда «Novotel» и «Hillton» сияқты осындай әлемдік брендтегі нысандар пайда болатын болады. Тұтас алғанда, нөмірлік қор 451 нөмірге – 6 % -ға көтеріледі.

Тәуліктік тұрудың орташа бағасы 12 295 теңгені құрайды. Мейманхана бизнесі жұмыс орнының саны 4 756 адамды құраса, оның ішінде 221-і маусымдық жұмысшылар.

Жыл басынан бері келушілерге қызмет көрсету саны 179 533 адамды құрап ( 21% ҚР көрсеткішінен), 4 млрд. теңгеге жуық сомаға қызмет көрсетілді ( 25% ҚР көрсеткішінен).

abai.kz

0 пікір