Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
«Соқыр» Фемида 6738 0 пікір 27 Қазан, 2016 сағат 15:40

ЖЕТКЕН ЖЕРІМІЗ - 73 ОРЫН

Әлемдік рейтингте Қазақстан құқықтық ережелердің сақталуы жөнінен 73-орында.

World Justice Project Халықаралық ұйымы түзетін жыл сайынғы Құқықтық (Заң) ережелердің сақталуы жөніндегі рейтингте Қазақстан биыл 8 сатыға төмендеп, 113 елдің ішінен 73-орынға жайғасыпты.

Бұрынғы одақ шеңгелінен шыққан елдер ішінде құқықтық әділеттілік әм Конституциялық еркіндік жөнінен Гүржістан мен Белоруссия көш бастап тұр.

Бұл тізімде Ресей Федерациясы былтырғы жылғы көрсеткіштен 17 саты төмен сырғып, 92-орынға тұрақтаған. 

Зерттеудің қорытындысы бойынша, Конституциялық ережелердің сақталуы ең төмен ел – Вэнесуелла болған.

Ал зерттеудің «Шығыс Еуропа және Орталық Азия» блогында Гүржістан 34-сатыдан көрініп, көш бастап тұр. Гүржістаннан кейін Босния және Герцеговина мен Македония да үздік көрсеткішке ие болған.

Зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша Құқықтық (Заңдық құқық және Заң органдарының еркіндігі) жөніндегі рейтингті Дания бастап тұр. Екінші – Норвегия, үшінші – Финляндия. Сондай-ақ, алғашқы бестікке Швеция мен Нидерланды кірген.

Заң ережелерінің сақталуы жөніндегі зерттеу индексі – 8 аталымнан тұрады. Олар: билік институттарының мансаптық үстемдігін шектеу, сыбайлас-жемқорлықтың жойылуы, ашық саяси қатынас, тәртіп пен қауіпсіздік, негізгі құқықтық қорғау, нормативтік қорғау, азаматтық және қылмыстық әділеттілік.

Айта кетейік, Қазақстан былтырғы жылы бұл тізімде ТМ елдері қатарында көш бастап, 65-орынға көтерілген болатын.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір