Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5022 0 пікір 31 Тамыз, 2010 сағат 05:45

Ресей өзінің ғарыш айлағын салып жатқан уақытта Қазақстан «ғарыш державасы» атана алады, деп үміттенеді қазақстандық депутат

Астана. 30 тамыз. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Ресей өзінің ғарыш айлағынан зымыран ұшыруға кірісетін уақытта Қазақстан бәсекеге қабілетті саланы дамытып, ғарыш державасы атана алады, деп үміттенеді мәжіліс депутаты Уәлихан Қалижанов.

«Бұл мәселе бұрын көтерілген болатын. БАҚ Ресей өзінің ғарыш айлағын салуды жоспарлап отырғанын хабарлаған. Біз (Қазақстан мен Ресей - ҚазТАГ) 2050 жылға дейін мемлекетаралық келісімге қол қойғанбыз, болашақта ғарыш державасы, ғарыш саласы бар ел атану үшін осы уақыт ішінде қазақстандық ғарыш секторы өз кадрларын даярлап үлгереді», - деді У. Қалижанов ҚазТАГ тілшісіне.

Оның айтуынша, бұл үшін Қазақстан қазірдің өзінде қажет шаралардың бәрін қолға алып жатыр. «Байқоңыр Ресейге тәуелді болмай, Қазақстан халқына қызмет етеді және қазіргі уақытта біз бұл салада жұмыс істеп жатырмыз, - деп атап өтті депутат.

Халық қалаулысы «ерте ме, кеш пе, солай болуға тиіс еді» деп есептейді. «Ресей өзінің үлкен аумағы болып тұрғанда, болашақта қымбат жалға алу құнын төлеу ниетінен айнып қалады», - деді ол.

«Үкіметіміз мұны білді және дайын жүрді, осыған байланысты соңғы уақытта қазақстандық ғарыш секторын дамыту үшін осыншама қаржы бөлініп келді», - деді У. Қалижанов.

Мәжіліс депутатының бағалауынша, «Ресей өзінің зымырандық кешенін 10 - 15 жылда сала алмайды. Бұл уақытта біз дамып, өз кадрларымызды даярлай аламыз».

«Ресей өз жоспарын жүзеге асырып жатқан уақытта біз бұл салада бәсекеге қабілетті деңгейге жетеміз. Біз бөлек мемлекет болып табылатындықтан және бұл салада өз саясатымызды жүргіземіз, сондықтан қаласақ та, қаламасақ та, бұл саланы дамытатын боламыз», - деді ол.

Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік БАҚ-қа «басқа ғарыш айлақтарының құрылысына келсек, бұл кез-келген мемлекеттің, соның ішінде Ресейдің де жеке құқығы екені сөзсіз, бұл тұрғыда Қазақстанның еш қарсылығы да жоқ, бұған қатысты қауіптену де жоқ» деп мәлімдеген болатын.

«Біздің жастарымыз Ресейдің ғарыш университеттерінде білім алып жатыр, ғарышкерлеріміз Мәскеудегі ғарыш орталығында дайындалады. Қазақстан үшін бұл догма емес деп ойлаймын, Байқоңырды бірлесіп пайдалану мәселесін басқаша, Ресеймен де, басқа елдермен ынтымақтаса отырып та шешуге болады. Мақсат - өндірістік қуаттарды дамыту, бұл техникалық прогрестің биігі болғандықтан, ғарыш индустриясымен шынайы айналысу», - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Қазақстан президентінің пікірінше, «барлық елдер осыған ұмтылады, бұл үшін үлкен ресурстар, ғылыми зерттеулер, кадрлар, мамандар керек, мұның бәрі Ресейде бар. Осы жаңалықтарды бізбен бөлісіп отырған Ресейге алғыс айтамыз және екіжақты қарым-қатынаста бұл байланыстарды дамытамыз деп үміттенеміз».

«Болашақ туралы айтатын болсақ, маған Ресейдің ғарыш агенттігінің басшылары үнемі айтатындай, «алдағы онжылдықта Байқоңырға балама болатын «ғарышкерлерді ұшыратын ғарыш айлағы» болмайды. Алдағы уақытта не болатынын көре жатармыз, мен ешқандай проблемалар көріп отырған жоқпын», - деді ол.

Еске сала кетейік, сенбі күні Ресей премьер-министрі Владимир Путин Ресей үшін өз аумағында өзінің ғарыш айлағын салу ұстанымды түрде маңызды екенін мәлімдеген болатын. Премьер Амур облысының Углегорск елді мекенінде «Восточный» ұлттық ғарыш айлағын құру мәселелеріне арнап өткізген кеңесте Ресей «Восточный» ғарыш айлағынан ғарышкерлерімен бірге ғарыш кемелерін 2018  жылы ұшыра бастайтынын айтты. Бұған дейін үш жыл бұрын ғарыш айлағынан түрлі жүктері және спутниктері бар зымырантасығыштар ұшырылады. «Восточный» ғарыш айлағында алғашқы ұшыру кешені 2015 жылы іске қосылады деп жоспарланған.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576