Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3903 0 пікір 1 Қараша, 2016 сағат 10:37

Бірлігі жарасқан көпұлтты өңірдің татулығы басым

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары басшыларымен және облыстық  этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесу жиыны өтті.

Облысымыздағы мемлекеттік этносаясаттың жүргізілу барысымен танысып, қатысушылардың  ұсыныс, пікірлерін тыңдаған аймақ басшысы алдағы кезеңдерде облыстың өсіп-өркендеуі жолындағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыру жайын айтты.

«Әрбір этнос біздің байлығымыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы қазынаның қорғаны. Аталған ұйымның жұмысын шетелдерден келіп үйреніп, тәжірибе алмасып, өз пайдаларына  жаратып жатқан мемлекеттер бар. Қиын қыстау кезеңде қазақ халқы жер аударып келген түрлі этностарды бауырына басты. Бүгінде біз бір ел – бір халық болып, бір мақсатта жұмыс атқарып келеміз»,-деді Ж.Түймебаев.

Сондай-ақ, жиын барысында биылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚХА енгізілген  жаңа функционалдық бағыттар бойынша яғни, қайырымдылықты үйлестіру,  қоғамдық келісім кеңестері мен аналар кеңестерінің қызметі және медиация желісін дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстар жайы баяндалды.

«Ассамблея филиалдарын аудандардан ашу алғаш Оңтүстікте қолға алынды. Бүгінде бұл жұмыстың тиімділігін ескерген ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы оңтүстікқазақстандық тәжірибені республиканың басқа өңірлерне енгізе бастады», - деді М.Қалмұратов.

Кездесуде бірқатар этномәдени бірлестіктердің  төрағалары қазақстандық біртектілікті қалыптастыру сынды асыл міндетті іске асыруда жеткен жетістіктері мен оны әрі қарай дамыту бойынша атқарылатын жұмыстарды мәлімдеді. 

Ұлысымыздың ұйытқысы атанған Оңтүстік өңірінде бүгінде 100-ден астам түрлі ұлт өкілдері татулықта, бірлікте өмір сүреді. Ал облыста 20 этномәдени бірлестігі жұмыс жасайды. Олардың аудандар мен қалаларда 51 филиалы мен 17 жастар қанаты, 11 жексенбілік мектептері бар. Өңірде жыл сайын әр этномәдени бірлестік өзінің тілі, мәдениеті және дәстүрі күндерін атап өтуде.  Сонымен қатар, белсенді этнос өкілдері жыл сайын облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығымен марапатталуда.

 Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596