Жұма, 19 Сәуір 2024
Экономика 4533 0 пікір 8 Қараша, 2016 сағат 00:00

Қазақстандағы ең үлкен «KANGO» батуттық ойын-сауық паркі ашылды

Өткен аптаның сенбісінде Алматы қаласындағы «Almaty MEGA» Сауда ойын-сауық орталығының екінші қабатында Қазақстандағы ең үлкен «KANGO» деп аталатын батуттық ойын-сауық паркі ашыл­ды. Оған бұл іске жан-жақты қолдау білдірген Бостандық ауданы әкімі аппара­тының қызметкерлері мен аудан жұрт­шылығы қатысты.

Атап айтатыны, аталған парк өз құры­лымымен ерекше. Онда, әсіресе,  балалар­дың қуанышты демалысы үшін көп жағдай­лар жасалған. Мәселен, бұл ретте парк ішінде балалардың еркін секіріп ойнайтын аумағына арнайы орын бөлін­ген. Сондай-ақ, ондағы доджбол (сынды­рып ойнау) аймағының да, слэм-данк (батуттағы баскетбол) аймағының да, кедергілермен жүгіру, қабырғамен жүру секілді көптеген ойындардың да өз қызығы өзіне жетеді.

Сосын, батуттар ойын-сауық паркінде аттракциондардан басқа алдағы уақытта кәсіби инструкторлардың көмегімен батуттағы фитнес, сноубористер мен шаң­ғышылар үшін акробатикалық және қара­­пайым трюктер жасау, балаларға ар­нал­ған түрлі бағдарламалар секілді топ­тық жаттығулар өткізіліп тұратын болады.

Бұл батуттық ойын-сауық паркінде Алматы қаласының жас тұрғындары шексіз қуанышқа бөленіп, өз бос уақыттарын қызықты өткізетін болады.

abai.kz

0 пікір