Сенбі, 20 Сәуір 2024
Экономика 3801 0 пікір 11 Қараша, 2016 сағат 00:00

Алматыда трейлер шығаратын Қазақстандағы алғашқы цех іске қосылды

Алматы қаласының бизнесті қолдау және дамыту Картасы аясында мегаполис әкімі Бауыржан Байбекке түрлі салаларда қолданылатын трейлер шығаратын Қазақстандағы жалғыз цех таныстырылды. Кәсіпорынның қуаттылығы - жылына 60 автотіркеме шығару.

«Жоба осыдан 4 ай бұрын жүзеге асты, соның өзінде Мәскеу мен Кипрден тапсырыс түсіп отыр. Мұнда бөлшектер жиналады, біз дөңгелек, шасси, пластика мен металлды ғана аламыз, қалғандарының барлығы қазақстандық өнімдер. Металлокаркасты, бөлшектерді құрамыз және көше кафелеріне қажет трейлердің ішін өзіміз әрлейміз.Цехта небәрі 32 адам жұмыс істейді» - деп атап өтті «Алматының автотіркемелер зауыты» ЖШС директоры Андрей Шенцов.

Нарыққа тіркемелер шығарумен қатар зауыт өзінің жеке «Strelka» өнімін де шығаруда. Бұлар көшпелі шағын асханалар желісі, оны өз бизнестерін дамытуға ниет еткен жас кәсіпкерлерге сату жсопарланған. Тіркемелер арнайы қондырғылармен жабдықталады, бақылау камерасы, тамақ пісіретін шағын плиталар мен кофе машиналар орнатылады.

Б.Байбек «жасыл технология» бойынша тұрмыстық химияны шығаратын Индустриализация картасының екінші бесжылдығы аясында өткен жылдың қараша айында іске қосылған «Doctor Green» ЖШС болды. Мұнда экологи ялық таза және табиғи экстракт тар қолданылады. Өнім бағасы осыған ұқсас европалық берндтерден 15-о 50%-ға төмен. Бұған қазақстандық шикізаттарды, автоматты қондырғыларды және электрэнергиясының 30% қолдану арқасында қол жетіп отыр. Кәсіпорынның өндірістік қуаты - жылына 4700 тонна өнім шығару. Осының арқасында Алматы тазалағыш заттармен қамтылған. 50 жаңа жұмыс орнын құрған компания өз өнімдерін ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.

«Кәсіпорынды дамытып, жұмыс орнын ұлғайтуды көздеп отырмыз.Егер сапа мәселесін сөз етсек, европалық компаниялармен салыстырғанда обыр ауруын тудыратын жасыл консервантты пайдаланбаймыз. Өнім - толықтай отандық өндіріс нәтижесі»-, деді кәсіпорын басшысы Мадияр Тоқмұратов.

Атап өтерлдік жайт, бизнесті қолдау және дамыту Картасының екінші бесжылдығына құны 175,3 млрд. болатын 80 жоба енген, бұлар жүзеге асса жаңадан 11 374 жұмыс орны пайда болады. 2015 жылы құны 4,7 млрд. теңге болатын 7 жоба іске қосылып, 269 жұмыс орны ашылған еді.

Жалпы, кәсіпркерлікті қолдау Картасының екінші бесжылдығында құны 32,2 млрд. теңге болатын 21 жоба іске асып, 2 262 жұмыс орны ашылды

Бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен қала құрылысы кеңесінің отырысы өтіп, онда Шұғыла және Мәдениет ықшам аудандарында бой көтеретін тұрғын кешендерінің концептуальді жобалары бекітілді.

Бостандық ауданындағы Тәжібаев көшесінің бойында төртінші сыныпты 12 қабатты 828 пәтерлі, екі бала бақшасы мен ойын алаңдары бар тұрғын кешенін салу жоспарланған. Я.Гейлдің концепциясы бойынша үйде 890 орынды көлік тұрағы салынады, соның арқасында аулада ешқандай автомобиль болмайды. Осы құрылыс қолға алынса 500 жаңа жұмыс орны ашылады, ал кешен пайлануға берілген кезде 171 адам жұмыспен қамтылады.

Эскизді жобасы қабылданған тағы бір кешен 4 және 5 сыныпты үйлер, бұларда 910 және 4860 пәтерлер, 1834 орынды көлік тұрағы, мектеп, бала бақша және 15700 шаршы метрлі алаң болады.

Қала құрылысы кеңесінің отырысында бес жобаның 2-і бекітілді. Қалғандарында дамыған инфрақұрылым және басқа қажетті әлеуметтік нысандар қарастырылмаған.

abai.kz

0 пікір