Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4295 0 пікір 26 Шілде, 2016 сағат 11:25

Еурокомиссия Орталық Азия елдерінің экологиялық проблемаларын шешуге көмектеседі

Еуропалық комиссия (ЕК) Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінде совет дәуіренен бері уран өндірілген нысандардың қорына 16,5 миллион еуро бөлді деп хабарлайды «Интерфакс».

«ЕК сонымен бірге Қырғызстанның Мин-Куш, Шекафтар және Майлуу-Суу аудандары мен Тәжікстанның Табошар, Дегмай ауылдарында қоршаған ортаның жағдайын бағалау үшін қаржы бөледі. Аталған аймақтардағы радиоактивті қалдықтар тұрғындардың денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіреді», – делінген Еурокомиссияның Тәжікстандағы өкілдігінің таратқан ақпаратында.

Экологиялық мәселелерді шешуге арналған жаңа қор Еуропалық одақтың бастамасымен құрылған және Ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қор қаржыландырады. Ал құрылып жатқан жаңа қорды Еуропалық банк басқарады.

Абай-ақпарат

0 пікір