Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 4796 0 пікір 27 Шілде, 2016 сағат 09:48

ЖАҢАЛЫҚ. ӘКІМ МЕН МИНИСТР БАЗАРҒА БАРЫПТЫ

Астана базарын қала әкімі Әсет Исекешев пен Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев аралап, сауда жағдайымен, өнімдер бағасымен танысты,-деп жазады «stan.kz» порталы.

Әкім мен министр қаладағы ірі сауда орталықтары «Шарын», «Шанхай», «Шапағат» және «Евразия» сауда орталығы мен «Магнум» дүкенін аралап көріпті. Шенеуніктер өнімдердің бағасымен танысты. Шенеуніктерді сөредегі қазақстандық өнімдер де қызықтырды.

Базар аралаған басшылар отандық өнімдердің де дәмін татып көрген. Әкім Әсет Исекешев құрт пен қымыз сұраса, Қуандық Бишімбаев қолдың майының дәмін татқан,-деп жазады Астана қаласы әкімінің сайты.

Олар сондай-ақ, ет цехын аралап, киінетін орын мен сауда орнындағы санитарлық талаптарды қадағалады. Базарды бақылау барысында қанттың бөлшек сауда бағасы жазғы маусымда 25,5 пайызға қымбаттап кеткені анықталды. Ұлттық экономика министрі бұл мәселе бойынша барлық Қазақстанда азық-түлік бағасына қатысты тексеріс жүргізетінін айтып уәде берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3589