Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Деп жатыр 5261 0 пікір 27 Шілде, 2016 сағат 09:51

БАЯННЫҢ ҚЫЗЫ: ӘКЕ-ШЕШЕМНІҢ ҰРЫСЫН ЕШУАҚЫТТА ЕСТІГЕН ЕМЕСПІН

Баян мен Бақытбек Есентаеватардың қызы Айсәуле өзінің балалық шағы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, үнемі көрген-білгендерін бөлісіп отырады. Бұл жолы ол анасы үшін алаңдаған барша қазақстандыққа алғыс айтып, әке-шешесінің қарым-қатынасының қандай болғаны туралы айтып берді.

“Біз үшін алаңдап, жылы лебіз білдіріп жатқандарыңыз үшін көп рахмет. Үйлеріңіз береке мен махаббатқа толсын. Әлеуметтік желідегі үнсіздігімді жан-дүниемнің айнасы деп қабылдаудың қажеті жоқ. Өйткені, айсыз түннен кейін міндетті түрде келесі күн шуақты болады.

Біздің отбасының балалары қамқорлық пен нағыз отбасының не екенін сезініп өскені үшін, ешуақытта керегенің ар жағынан әке-шешесінің ұрысын естімегені үшін Жаратқанға алғысым шексіз. Біз жұрттан ешнәрсе жасырған емеспіз, отбасымды да қатты жақсы көремін. Және өмір бойы жақсы көріп өтемін.

Мұнымен қатар, көп адам менің жеке өмірім туралы сұрайды. 20 жаста біз сезімнің жетегіне еріп, алып-ұшып тұрамыз. Алайда көрікті бикештер, жаңа жетістіктерді тойлау, аққайнар сындылардың жанында жылдам сөнеді екен. 20 жас жігітпен тұрақты қарым-қатынасқа түсу үшін қолайсыз болып шықты.

Бүгін, кеше, бір ай, екі айдан бері Айсәуленің басы бос. Ол көңілге кірбің түсірген ойлардан, сыннан, жұрттың алып-қашпа сөзінен ада. Уақыт өте келе өмір бізді есейтеді. Бұған өзіңе тамақ жасап үйренудің еш қатысы жоқ. Есею дегеніміз – бұлттың арғы жағында шуақты күннің бар екенін түсіну. Ары қарай да жарқырап, сәуле шашудың маңызы зор”, – дейді Айсәуле.

Желі қолданушылары Айсәуле мен Баян Есентаеваның жазбасынан ұқсастық тапқандай болды. Десе де, оның даналығына қайран қалып, алдағы өмірде сәттілік тіледі.

“Жандарым сол, Алла бақыттарыңнан айырмасын. Аналарыңды қатты жақсы көремін. Алла шипасын берсін”, “Өте дұрыс айтасың”, “Баян Мақсатқызының өзі қызының кітапты көп оқитынын жиі айтатын. Нәтижесі көрініп-ақ тұр”, “Айсәуле, ақылыңнан айналдым. Әке-шешеңнің арасында қандай жағдай болса да, ол сендерге жақсы әке болды”, “Әр сөзі мірдің оғындай өткір. Қалықтай түс” дейді желі қолданушылары.

Abai.kz

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3500