Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 5636 0 пікір 28 Шілде, 2016 сағат 13:07

САФАР ШАКЕЕВТІҢ ӨЛІ ДЕНЕСІ ЕСЕНТАЙ ӨЗЕНІНЕН ТАБЫЛДЫ

Осыған дейін із-түссіз жоғалып кетті деген Сафар Шакеевтің өлі денесі Алматының Есентай өзенінің бойынан табылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, мәйіттің Сафар Шакеев енкенін табылған құжаттары растапты.

Қазір аталған іс бойынша сот-медициналық сараптамасы жүргізілуде. Осыған дейін әнші Еркеш Шакеевтің ұлы Сафар Шакеевті іздестіруге Ұлттық гвардия сарбаздары жұмылдырылған болатын.

Сондай-ақ, Шакеевті іздестіруге тікұшақ пен 200-ден астам адам жұмылдырылған.  Сондай-ақ, Есентай, Бағанашыл және Ремизовка өзендері тексерілген.

Ең соңғы рет Сафар Шакеев Әл-Фараби даңғылының бойындағы банкоматтың қасынан көрген 16- шілде күні болған. 1991-жылы туған Сафар Шакеевтің жоғалғаны туралы мәлімет Медеу аудандық ІІБ 16-шілде түнгі 22:00-де келіп түскен.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593