Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4324 0 пікір 28 Шілде, 2016 сағат 13:38

САЯХАТТАУ ЖОЛЫНДА

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов британдық саяхатшы Томас Аткинсонның ұрпақтарымен кездесті. Делегация құрамында «Оңтүстікке Ұлы дала еліне. Томас пен Люси Аткинсондардың Шығыс Қазақстанға 1847-1852 жылдардағы саяхаты» атты кітаптың авторы, жазушы Ник Филдинг те бар.

Облыс әкімі Амандық Баталов қонақтарды ризашылықпен қарсы алып, Жетісу жеріне келген қадамдарына сәттілік тіледі. Өңір басшысы мұнан соң Жетісу өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, алдағы жоспарларына да тоқталды. Томас пен Люси Аткинсондардың саяхаты мен жазбаларының бүгінгі күн үшін тарихи және мәдени құндылық ретінде маңызы зор екенін де айтып өтті.

-                  Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы сіздердің бастамаларыңызға қолдау білдірді, аталарыңыздың жүрген жолымен тағы бір мәрте жүріп өтуді мақсат етіп Жетісу өлкесіне табан тірегендеріңізге қуаныштымыз. Енді еліміздің әсемдігіне, табиғатының тамашасына, халқының қонақжайлығына өздеріңіз де куә боласыздар, - деді А. Баталов.

Өз кезегінде делегация атынан сөз сөйлеген жазушы Ник Филдинг қазақ жерінің жайдары, қонақжай мінезіне ризашылығын білдірді. Томас пен Люсидің ұрпақтары осыдан 160 жыл бұрын аталарының табаны тиген топыраққа, саяхатшының ұлы Алатау Тамшыбұлақтың туған жеріне келгендеріне қуанышты екенін жеткізді.

Екі тарап та бір-біріне естелік сыйлықтар тапсырып, суретке түсті. Мұнан кейін делегация Талдықорғандағы Журналистер үйінде баспасөз мәслихатын өткізіп, тілшілерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Естеріңізге сала кетсек, британдық саяхатшы Томас пен Люси Аткинсондар 1846-1853 жылдары қазақ даласына келген. Олар Қазақстанға келген алғашқы саяхатшылар емес, бірақ Қазақстанның шығысына сапарлаған, сол сапарынан кітап жазған алғашқы саяхатшы. Қапал өңірінде дүниеге келген ұлдарына Алатау Тамшыбұлақ деп ат қойған. Қазір Томас пен Люси Аткинсонның, Алатау Тамшыбұлақтың ұрпақтары әлемнің әр қиырында, атап айтқанда, Флоридада, Гавайда, Жаңа Зеландияда, Ұлыбританияда тұрады. Олар Қапал өңірінде, сол аймақтағы Тамшыбұлақ бұлағына баруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Сарқан, Кербұлақ, Панфилов, Ұйғыр аудандарының табиғатының көркемдігін көріп қайтпақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1564
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3538