Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5634 0 пікір 29 Шілде, 2016 сағат 17:31

БЕЙБІТ АТАМҚҰЛОВ ВЬЕТНАМ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Доан Тхи Суан Хйенмен кездесті,-деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Босқосуда тараптар қос елдің ынтымақтастық қарым-қатынасы мен сауда-экономикалық жағдайы туралы әңгіме өрбітті.

Аймақ басшысы мәртебелі мейманға Оңтүстік өлкесінің негізгі әлеуеттік көрсеткіштері мен ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм салаларындағы жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар, өңірімізде туризмді дамыту мақсатында ашылған «Ontustik Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы жайлы әңгімелеп, онда саяхатшылар үшін «бір терезе» қағидасы бойыша қызмет көрсетілетінін жеткізді.

Өз кезегінде, Вьетнам елшісі өңіріміздің инвестициялық әлеуетінің жақсарғанын айтып, әсіресе, ауыл шаруашылығындағы жетістіктерді оң бағалады. Күріш өнімін экспорттаудан әлем бойынша көш бастайтын мемлекет өкілдері Күнгей шаруаларын вьетнамдық күріш өсірудің тың тәсілдері бойынша тәжірибе алмасуға шақырды. Оңтүстік өлкесімен ауа райы ұқсас келетін елге алдағы уақытта біздің кәсіпкерлер баратын болып уағдаласты.

Айта кету керек, Доан Тхи Суан Хйен бастаған бір топ делегация өңіріміздің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларындағы жетекшілерімен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-саттықты нығайту жолдарын қарастырды. 

Abai.kz

 

 

0 пікір