Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4364 0 пікір 27 Мамыр, 2016 сағат 15:21

МӘСІМОВ ҮКМЕТІ СЫРТТАН 1 МЛРД ДОЛЛАР ҚАРЫЗ АЛМАҚШЫ

Мәсімов Үкіметі сырттан тағы да 1 млрд доллар қарыз алмақшы.

Дүниежүзілік банктен алатын 1 миллиард долларды Үкімет 20 жылда қайтарып беруі тиіс екен. Қарызға келген бұл ақша бюджетке құйылады. Әлеуметтік жобаларға жұмсаймыз, -дейді Қаржы министрі.

Үкімет бұдан бөлек былтыр да мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін Азия банкінен 1 млрд доллар несие алған болатын. Оны 5 жылда өтеуі керек. Ал сенаторлар үсті-үстінен қарызданып жатқан үкіметке сенаторлар қарсылық білдіргенімен, заңды ақыры бекітіп берді дейді Nur. kz сайтының тілшісі.

Бірақ, депутаттар еліміздің сырттан несие алуға берілген лимит бітіп қала ма деп алаңдап отырған көрінеді.

"Квазимемлекеттік сектор дегеніміз –үкіметке тиесілі ұлттық компаниялар. Батыста олардың да қарызы мемлекеттік болып есептеледі. Біздің квазимемлекеттік берешегіміз 40 млрд доллар екен, ал мемлекеттің қарызы 26,6 млрд. Сонда жалпы қарыз 67 млдр жуық. Лимит болса - 61 млрд. Үкімет осы ауытқуды қалай реттемек?", - дейді сенат депутаты Ләззат Қиынов.

Абай-ақпарат

0 пікір