Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3754 0 пікір 30 Мамыр, 2016 сағат 11:01

Петербургте белсенділер көпірге Қадыров есімін беруге қарсы шықты

Санкт-Петербург қаласында "Молодежное Яблоко" қозғалысының белсенділері Дудергоф арнасының үстіндегі көпірге Ахмат Қадыровтың есімін беруге қарсылық білдірді.

"Молодежное Яблоко"ұйымының бес өкілі Дудергоф арнасындағы атауы жоқ көпірдің үстіндегі бағандарға осы көпірге беруге болатын балама аттарды жапсырды. Тақташаларда: "Қытай көпірі", "Шанхай көпірі", "Інжу көпірі", "Перламутр көпірі", "Cолтүстік теңіз көпірі", "Владивосток көпірі" және "Батырлар көпірі" деген жазулар бар.

Осындай шара арқылы белсенділер көпірге Ахмат Қадыровтың есімін беруге қарсылық білдірді. Қадыровтың атына көше немесе көпірді атау туралы ұсынысты алғашқылардың бірі боп 2014 жылы Санкт-Петербург Заң шығарушы жиналысының депутаты Виталий Милонов жасаған болатын.

30 мамырда Смольныйда топонимикалық комиссияның кезектен тыс жиналысында аталған көпірге Қадыровтың есімін беру мәселесі шешіледі.Комиссияяың кей мүшесі өздеріне Смольный шенеуніктері тарапынан қысым жасалып жатқанын мәлімдеуде.

Абай-ақпарат

0 пікір