Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3932 0 пікір 31 Мамыр, 2016 сағат 09:11

Анкара Мәскеуді күрдтерді қаруландырып отыр деп айыптайды

Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған Ресейді тыйым салынған Күрдістанның жұмысшы партиясын қаруландырып отыр деп айыптайды.

Түркияның мемлекеттік ақпарат құралы ел президентінің Мәскеу Ирак және Сирия арқылы қару тасымалдаған деген сөздерін жариялаған. Түрік билігінің өкілдері президенттің осындай ескерту жасағанын растайды. Оған жауап ретінде Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов "Егер кімде-кім бірнәрсе деп айтар алдында, алдымен дәлел келтірсін" деп мәлімдеген.

Эрдоған алдын да Мәскеуді Сириядағы күрдтерді қолдап отыр деп айыптаған. Екі елдің қарым-қатынасы өткен жылдың қараша айында түрік әскері ресейлік ұшақты атып түсіргеннен кейін бірден нашарлады. Осы оқиғадан кейін Ресей президенті Владимир Путин Түркия тауарларына санкция енгізді. Екі елдің сауда қарым-қатынасы бірден төмендеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2257
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3535