Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3374 0 пікір 24 Маусым, 2016 сағат 08:35

Обама Жоғарғы соттың иммиграция жөніндегі шешіміне көңілі қалды

"Соңғы жиырма жыл бойында біздің иммиграциялық жүйенің бұзылғаны соншалық Жоғарғы соттың өзі шешім қабылдай алмады, бұл біз ұмтылған мақсаттарды артқа итереді", - деді ол.

Обама жоспары бойынша, Құрама Штаттарда 2010 жылдан бері заңсыз тұрып жатқан, сотталмаған, балалары бар 4 миллиондай адамды арнайы бағдарлама бойынша, депортацияламай, елде қалдырып, оларға жұмыс істеуге рұқсат беру еді.

Дауыс беру кезінде сот 4-те 4 болып екіге бөлінді. Бірақ президенттің ұсынысы қабылданбады. Бұл Обаманың президенттік орынтағынан кетуіне жеті ай қалғанда жоспарының жүзеге аспауы, Республикашыл партия үшін үлкен жеңіс болды.

Жоғары соттың шешімі 2015 жылы соттың төменгі инстанциясының шешімін күшінде қалдырды дегенді білдіреді.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3500