Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3901 0 пікір 27 Маусым, 2016 сағат 10:20

Сирияда әуе шабуылынан ондаған бейбіт тұрғын қаза тапты

Дейр-әз-Зор провинциясындағы Әл-Курия ауылында мерт болған 47 кісінің 30-дан астамы – бейбіт тұрғындар, қалған адамдардың кімдер екені анықталып жатыр деп хабарлады Ұлыбританияда орналасқан сириялық адам құқығын қадағалау орталығы.

Батыс агенттіктерінің хабарлауынша, әуе соққысын Сирия үкімет күштері жасады ма, жоқ әлде ресейлік ұшақтар шабуылдады ма – ол жағы әзірше белгісіз қалып отыр.

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы Сирияның шығысындағы Дейр-әз-Зор провинциясының ауқымды бөлігін бақылауда ұстап отыр. 2015 жылдың наурыз айынан бері экстремистер Дейр-әз-Зор қаласының үкімет күштері ұстап тұрған бөлігіне тосқауыл орнатқан.

Ресей әскери ұшақтары былтырғы қыркүйек айынан бері Сирия президенті Башар Асадқа бағынышты қарулы күштерге әуеден қолдау көрсетіп келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3515