Жұма, 19 Сәуір 2024
Өз сөзі 8050 0 пікір 1 Шілде, 2016 сағат 09:23

ӘРУАҚҚА СЫЙЫНАТЫН ҚАЗАҚ БОЛАЙЫҚ

Редакциядан: қоғамда дін және дінтаным мәселесінің қызу талқыға түсіп жатқаны жасырып емес. Төмендегі қысқа материалды журналист Құдияр Біләл редакцияға жолдапты. Біз материалды жариялай отырып, мақалада айтылған ойлар автордың жеке көзқарасы екенін ескертеміз!

abai.kz

Адам баласы Алланы емес, өзін танымағандықтан адасады. Ол танымаудың құзар шыңында Ібіліс тұр. Нәтижесі... Иә. Шайтандық. Солай бола тұра дінге жақындағандардың бәрі Алланы тануға ұмтылады. Алла бізге «қолайлылық» үшін Өзі негіздес орынбасарын жерге түсірді. Ал таны. Содан Алланың сипатын тап. Онсыз Алланы танимын деп басыңды қатырмай-ақ қой. Себебі, Алла бұл әлемге араласпайды. Араласатын – орынбасары. 
Сіз бен бізге және өзге жаратылыстар мен періштелер қауымына соны ұғындыру үшін Алла Тағала Адамға сәжде жасатқан. 
Ібіліс Алланы танымағандықтан шайтан болған жоқ. Сондай-ақ еврейлер, xристиандар, мұсылмандардың 72 бөлігі Алланы танымағандықтан жолдан тайған жоқ. Бәріне тән бір-ақ кінәрат бар. Ол – Адамды танымау.
Ал адамның негізі материя емес, руx. Руx – Аллалық сипат «иесі». Ол сипат иесі Алламен ұдайы байланыста тұрады. Егер байланыссыз өздігінен Аллалық мүмкіндікке ие болса, онда ол да Алла болып кетер еді.

Сондықтан ол ешқашан Алладан оқшауланбайды. Осы жүйені біздің ата-бабаларымыз түсінген. Дәстүрлі дін дегеніміз сол. Президенттің әруаққа сыйыну қажеттілігі туралы айтқан сөзінің астарында осы ұғым жатыр.

Құдияр БІЛӘЛ

abai.kz

0 пікір