Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3679 0 пікір 1 Шілде, 2016 сағат 09:36

Түркия әуежайындағы жарылысқа қатысты бар 13 адам ұсталған

Түркияның Yeni Safak үкіметтік газеті ресейлік жанкештінің бірі Дағыстаннан шыққандығын жазған. Газеттің жазуынша, шабуылды ұйымдастырған Шешенстаннан шыққан Ахмед Чатаев деген адам. Чатаев БҰҰ санкциясына енгізілген адамдардың тізіміне енген. Ол "Ислам мемлекеті" радикалды ұйымның лидерлерінің бірі саналады екен. Ол орыстілді содырларды жинап, соларды жаттықтырумен айналысады деп жазған газет.

Өз кезегінде Қырғызстан консулдығы түрік тарапы жанкештінің бірі қырғызстандық екенін ресми растаған жоқ дейді.

Ататүрік әуежайында болған теракті нәтижесінде соңғы мәліметтер бойынша 43 адам қаза тапқан, 240 адам жараланған.

Стамбулда жүргізілген рейд барысында терактіге қатысы бар күдікті 13 адам ұсталған. Тағы 9 адам Измирде тұтқындалған. Әзірге олардың Стамбулдағы терактіге қатысы бар, жоғы анықталып жатыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616