Жұма, 29 Наурыз 2024
Мәйекті 7028 0 пікір 14 Шілде, 2016 сағат 14:08

МӘСІМОВ МОҢҒОЛИЯДА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕДІ... (ФОТО/ВИДЕО)

Мұңғұлияның Баян Өлгей аймағында 11 шілдеде қатты нөсер жауып, сел жүріп соның кесірінен ондаған отбасы зардап шеккен. Әртүрлі бейресми деректерге қарағанда, жүзге жуық үйде сел шайып, адам шығыны да болған. Төтенше жағдайдан соң, әлеуметтік желіде алыстағы ағайынға жылу жинау шарасы басталды. Іле Қазақстан Үкіметі де Баян Өлгейдегі селдің зардабын тартқан ағайынға көмек берілетінін хабарланған. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Мұңғұлия астанасы – Улаанбатаарда өтетін «Азия-Еуропа» саммитіне бара жатқан жол Баян Өлгейге аялдап, осы аймақта қоныстанған қазақ жұртымен жүздесті. Аймақтағы орталық алаңда халықпен кездескен Мәсімов мемлекеттік тілде – қазақ тілінде сөз сөйлеген.

;feature" type="application/x-shockwave-flash">;feature" />;feature" />

Ол өз сөзінде бір-екі күннің ішінде төтенше жағдайға байланысты Қазақстан тарапы қаржылай көмек беретінін айтқан. Қаржылай көмектің нақты мөлшері әзірге белгісіз. Ал, Баян Өлгейдегі қазақтар Кәрім Мәсімове жапан шауып, ат мінгізіп құрмет көрсеткен.

Қоғамдық негізді қаржылай жылу жинап жатқан азаматтар да Баян Өлгейге барып, халықтан жиналған қаражатты мұқтаж жандарға таратпақшы.

Видео Нұрбол Қағанаттың facebook парақшасынан, фотолар Марфуға Шапиянның facebook парақшасынан алынды.

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3579