Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Қоғам 7213 0 пікір 24 Ақпан, 2016 сағат 19:06

ОЛЖАС КЕЛДІ ДЕГЕНШЕ...

Қазақстаннның ЮНЕСКО ұймындағы өкілі, ақын Олжас Сүлейменов қазір шетелде тұрады. Өзін «Планета азаматы» ретінде танытуға құштар және осы тарапта ой толғап, замана ағымына қарсы жүзу керектігін ескертіп жүретін Олжас Омарұлы Астанаға соққан сайын қазақтіліне қарсы қандай да бір әрекет тосыннан өрбіп, пайда бола кететіні бар. Мемлекеттік қызметтегі мемлекетшіл азаматтар Олжас Ақордаға кіріп шыққан сайын «Қазақтығымызы үшін енді қандай таяқ жейді екенбіз?» - деп уайым айта бастайды. Соның кезекті көрініс болса керек, әлде кездейсоқтық па, Олжас Сүлейменовты қабылдаған соң Алматыға іссапармен келген президент Назарбаев ресми тілдің жағадайын күйттеп пікір білдірді, тиісті орындарға тапсырма берді.  Ал, «Президент және Халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тіліне қатысты атышулы мәлімдемесіне ақын Олжас Сүлейменовтің қатысы болуы мүмкін деп жазды өзінің «Фейсбук» желісіндегі парақшасында. «Алжас Амаровичке алғыс» деген тақырып қойыпты жазбасына журналист:

«Универсиадаға дайындық мәселелері жөніндегі Алматыда 16-ақпанда өткен жиын барысында Мемлекет басшысы «Егер азамат орыс тілінде сұраған болса, оған орысша жауап беру керек. Орысша өтініш жасаған адамға қазақ тілінде жауап берген адамды жариялы түрде жұмыстан қуу керек» дегені бәріміздің есімізде. Осындай мәлімдемеге не себеп болды екен деп біраз жұрт бас қатырған.

Кеше «Казачий курьер» деген газетсымаққа көзім түсіп, қарап отырсам, онда ақпан айының басында өткен Қазақстанның орыс, казак және славян ұйымдары Үйлестіру Кеңесінің ІІІ есеп беру-сайлау сьезінде сөз сөйлеген Олжас Омарович Сүлейменов былай депті:

«Также я очень внимательно слушал всех вступающих. И многому поразался, потому что многое, что касается отношения между языками, мне было не так хорошо известно. И я согласен с теми кто сказал, что пренебрежительное отношение к русскому языку работает против единения казахстанского народа. Такое отношение нарушает движение к тем самым целям, к которым мы каждый день себя призываем: мир, стабильность, межнациональное согласие. По сути дела, те «мелкие» чиновники, не зависимо от рангов, «мелкие» политики, которые нарушает Закон о языках, выступает против Казахстана, против нашей независимости, против нашего будущего. А это значит, что большая мина заложена под Казахстаном и часы тикают. Это я почуствовал и это не может остановить нас равнодушными.

...Я доведу до Главы государства все вопросы, которые вы справедливо здесь поднимаете».

  («Казачий курьер», №2 (130) февраль 2016 г, 13-стр).

Елбасы Олжас Сүлейменовті 12-ақпанда қабылдады. 16-ақпанда Елбасы «орысша өтініш жасаған адамға қазақ тілінде жауап берген адамды жариялы түрде жұмыстан қуу» туралы тапсырма берді.

Өзінің Ата тілін қорғаған Алжас Амаровичке біз шексіз алғысымызды білдіреміз!»

 P.S. Олжас келді дегенше... ойран келді десейшінің заманы болып тұр қазір. Адам шіркін жақсы қартая білсе, ол да өнер екен ғой.

Abai.kz

0 пікір