Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 8669 0 пікір 25 Ақпан, 2016 сағат 09:20

ҚАМБАР БАТЫР "АРАҒЫН ҚОЙДЫ". . .

Əйтеуір қойды - ау! Қалың көпшілік тоғызыншы сыныптың оқулығында "жүздетіп" алып, шылымын шегіп қойып, жауын жайпап жүрген "Қамбар батырдың" масқара нұсқасын тоқтатуды талап еткені белгілі. Оған Білім министрлігі онша сасқан жоқ. Сəрінжіпов "бəрі дұрыс, іше берсін" деген. Мəселеге депутаттар араласқан. Енді бүгін "ақжолдық" Перуашевтың атына Бас Прокуратурадан жауап келіп, оқулықтың қайта басылатындығы, онда "Қамбардың" оңды нұсқасының болатындығы айтылыпты. Дұрыс - ақ! Бірақ, сол қайта басылатын оқулықтың шығынына "кім жауапты?" деген сауалдың қылаң беретіні де рас! Жə, қайда кетпеген ақша! Бəрінен де Қамбар батырдың "арақты қойғаны" жөн болды...

Арман Сқабылұлының FB парақшасынан алынды

0 пікір