Жұма, 19 Сәуір 2024
Қоғам 14712 1 пікір 25 Ақпан, 2016 сағат 09:33

ЖАНДАРБЕК ЗІКІРИЯ МЕН ҚҰРБАНӘЛІ ИШАН ДЕГЕН КІМ?

І. Ғалым Зікірия ағам кімге иман келтіреді, дінді кімнен алады!

Маған өткен мақаламның (http://abai.kz/post/view?id=6810) астында «Таң қалушы» деген никпен бір кісі «Қара ишанның Құрбанәліге қарсы шығуы, оны Батпанбайдың аңғарып қалуы мені таң қалдырды. Дүниелік пиғылда қарсы шығып отырмаған шығар, мүфтият имамдарының уағыздарының әсері тиген шығар деп ойлаймын. Қалай болғанда да бір-бірлерін бізден көп білетіні анық» деп менен Құрбаналы мен Қара ишанның одан неге безгені» туралы сұрапты.

Мен оған: «Біз бір нәрсеге келісейік. Егер сіздерді Қара ишанның қалай шыққаны мен қызметі, Құрбаналымен келіспеушілігі қызықтырса, сайт иелері рұқсат етсін. Мен бұл туралы мақала жазып сіздердің сұраныстарыңазға лайықтап салайын. Ал, тап қазіргі мендегі мақсат ол емес... тарихат туралы сөз ғана. Тақырып айналасы» деген едім.  Сөйтсем ол кісі: «Мақала қылып шығару міндет емес шығар? Обалына не керек, бұл сайтта пікір жазуға шектеу аз, сондықтан коммертарии қылып шығара сал» депті.

Мен ол мақалаға одан басқа да «коментарийлер» жазып, бұл сұрақты аяқсыз қалдырып қойған екенмін.

Қарап отырсам сөз аяғы Зікірия ағам шыға келді де «Әбдікерім мырза! Сен көңіліңе келсе де айтуға тура келді, амал жоқ. Сопылықтың ең болмаса, терминдерін дұрыс жаза алмай жүріп кімне не үйретпексің? Сенің қиялдан шығарған өтіріктеріңнен-ақ тойып болдық қой. Өткенде, ФБ-да Ұлыбританиядағы Қарахан қолжазбасы туралы айтып, мазмұнын баяндап, өтірігіңмен елің басын қатырып едің. Бүгін келіп сопылықтың білгірі бір өзің екенін дәлелдемек болып, жанталасып жатырсың. Білімі жағынан өзіңнен көп жоғары Құрбанәлі шайхты жерден алып, жерге саласың. Ертеңгі күні мұның бәрінің жауабы болатынын сезесің бе? Мен екі күн жолда жүріп, сенің бұл жазғандарыңды көрмей қалыппын. Жауабын алар едің. Үлгерсем, әлі де болса, жауабын аласың» деп мені Құрбаналы деген «аруақ» бүжәймен қорқытып тастапты. Сосын мен оның маған жапқан жаласына былай жауап жазып едім: «Аса құрметті Зікірия мырза. Сол жазбалардан кейін Сізді таппай қалып едім. Енді мынау үшбу хатыңызды оқып, қуанып қалдым. Сіздің мен туралы «көл-көсір» шатпағыңыз шыққанша Сіз масқара болып қалмас үшін Қарахан баба туралы деректер туралы айтып өтейін. 
Сонымен, мен сол жерден, Фейсбуктегі тақырыптан сіздің тұра қашқаныңызды білмей қалдым. Болмаса Абд аль Хасан Қарахани бабамызға баланатын «Нур ал-улум» атты қолжазба туралы деректі берген едім. Мен айтқан кітаптың авторы, нақты есімде жоқ. "Академкнигадан" шыққан бір дана кітап еді, Абдірашид деген азаматтан алып, керек беттерін ксерокоияға түсіріп алған едім. Мен оны өзім үшін тұтынбақ болғандықтан тегіне мән бермеппін.
Мен өзіме керек парақтарын тұтас кітаптан көшіріп алған кітаптағы бұл бөлім «НУР АЛ-УЛУМ» деп аталады.
Бірінші тарауы «Жизнеописание шейха Абу-л-хасана Харакани» деп басталады. Алдымен «1. Вступление» делініп былай басталады:
«Изучение суфизма в Европе началось более ста лет тому назад(осы жерде сілтеме жасалып: Настоящая статья была закончена в 1927-г делінеді). Работа Ф.Толука открыли ориенталистам картину грандиозных фиософских построений, скрывавщихся за покровами персидской поэзии». 
Сосын осы тұсқа дейінгі Еуропадағы суфизмге қатысты ұстанып, көзқарас туралы айтылады да: «Этот взгляд господствовал в течение весьма долгого времени, пока английские иранисты(Р.Никольсон, Э.Броун) не пришли к убеждению, что суфизм можно разделить по крайней мере на два периода: ранний - ... приблизительно до ХІІ в.нэ., и позднейший период развития философских учении...» дейді. Бұл аталған кітаптың 225-беті.
Кітаптың 227-бетінде мынадай мәліметтер бар: Помимо биографии Абу Саида В.А.Жуковский помышлял так же ио выяснении роли одной из крупнейших фигур среди персидских суфиев – шейх ал-ислама Абдаллаха Ансари. Издание избранных стихотворений Ансари, как явствует из собственных слов В.А.Жуковского , было как бы предварительным сообщением, за которым должна была последовать более общирная работа на эту же тему. Работа эта выполнена не было, и, как мне думается, причину этого объяснить довольно легко. В своей первой работе об Ансари Жуковский устанавил, что Ансари в сильнейшей степени зависел от своего муршида и наставника на суфийском пути шейха Абу-л-Хасана Харакани. Следовтельно, добиться более или менее существенных результатов в работе над ансари можно было только подвергнув предварительно исследованию деятельность его учителя. По счастью, судьба сохранила как ценнейший документ – работу, по-видимому, одного из близкихы к Харакани людей, содержащую связанные с его именем предания и ряд образцов его речей. Работа эта, носящая название Нур ал-улум(Свет наука) дошла до нас в единственной и при этом весьма дефектной рукописи, принадлежащей Британскому музею, той самой, которая содержит текст одной из изданных В.А. Жуковским биографий Абу Сайда(А именно: «Жизнь и речи Абу Сайда»).
Құрметті Зікірия мырза, сізге осы деректің өзі де жеткілікті болса керек. Егер маған сенбесеңіз осында аты алған авторларды тауып, оқып шығыңыз. Мысалы «Харакани) «Нур ал-‘Улум» («Свет Наук»). Житие шейха Абу-л-Хасана Харакани. Цит. по книге: Бертельс, Е. Э. Суфизм и суфийская литература»; Жуковский В. А., Жизнь и речи старца А., СПБ., 1899; Его же, Тайны единения с богом в подвигах старца А., СПБ., 1899.
Енді, неге мен бұл кітап туралы «Абд ал Хасан Қараханиға телінетін» деп жаздым? Оған себеп, мен үзінді келтіріп отырған кітаптың 234- бетінде, «Автор» деп аталатын 5 тармағында: «Заголовок рукописи приписывает «Нур ал-улум» самому Харакани, говоря что оно «...мин калам аш-шайх Абу-л-Хасан ал Харакани». Однако нельзя быт уверенным в том, что это произведение действительно было написано самим шейхом» делінген. Осы үшін мен «телінетін» деп жаздым. Аталған кітаптың 237-етінен бастап 254 бетке дейін парсылық түпнұсқаның көшірмесі басылған. Одан ары аталған кітап орысшаға аударылады. Мен сол аударманы қазақшалап жазып, өз парақшамда жариялаған едім. Сіздің өтіңізді жарып бара жатқан осы сұрақ болса, жауабы осы. Бұл тарау аталған кітаптың 225-бетінен басталып, 278-бетімен аяқталады.
 

Құрметті Зікірия мырза. Сіз өзіңізді өзіңіз жоғалтқаныңыз соншалықты тарихат зерттеудегі альфа мен омега сезінетін сияқтысыз. Өкінішке қарай шындық олай емес. Сіз сол ұлы ілім мұхитының бір шалшығын ғана кешіп жүрген адамсыз. Сондықтан «мен білмейтін, мен оқымағандардың бәрі өтірік» деу тым ерсі амал. Содан соң сіз мені «Құрбанәлі шайхты жерден алып, жерге саласың. Ертеңгі күні мұның бәрінің жауабы болатынын сезесің бе?» деп Құрбаналымен бекер «қорқытасыз». Егер жасыңызды сыйламасам «Ойбай, зәрем ұшып кетті. Дір-дір қағып қалдым» деп қағытар едім. Ол пір болса сізге пір, әулие болса сізге әулие. Ал, мен үшін Құран мен Хадистерді бұрмалағыш жалғаншы. Ол да тарих туралы сөйлегісі келелі. Ең соңғы «ақталу сөзінде» Платон Исаны ғ.с. пір деп мойындамағандықтан дозақы болды» деп соғыпты. Астафыралла. Платон қанша иманжанды кісі болса да өзінен шамада 470 жыл кейін туатын Исаға ғ.с. қалай қол беріп, баят етпек? Мен үшін өкініштісі тарихта тұжырым жасарда сіз тап осы тұста Құрбаналыға ұқсайсыз. Мен сізге соны көрсетсем, сіз өзіңізше «білек сыбанып», менің үстімнен тау құлатам деп бір, «Құрбаналы жалғаншымен қорқытып» екі дікеңдейсіз. Ғалымдығыңыз қайда?!
Ал, енді «ғылыми өпке-назыңызды» көңіліңіз қалағанша төге беріңіз
»

Шынымды айтсам, менің сөзімнен көріп тұрсыздар, бұл сөздерді өзіме емес, оған жаным қатты ашып айттым.

Одан соң Зікірия ағамыз «Абай» порталы бетінде «ӘБДІМОМЫНОВҚА ЖАУАП. НАҚШБАНДИЙА ҺӘМ СОПЫЛЫҚ» деген табақтай мақала жария етті. Бірінші болып мен сұрақ қойдым (мына жерде қараңыз:  http://abai.kz/post/view?id=6836) Ол кісі оған жауап бермек түгілі, оны айналып өтіп, өз мақаласының ортасына пікір жазып, онысын артынан Фейсбүкке шығарып: «Күні кеше «Абай.кз» сайытында «Ә.Әбдімомыновқа жауап. Нақшбандийа һәм сопылық» атты мақала жариялап едім. Сол мақалаға жазылған комменттерге берілген жауапты сіздердің назарларыңызға да ұсынып отырмын. Мүмкін ой салар.
Құрметті пікір білдіруші ағайындар! Жақсылы-жаманды пікір айтып жатырсыздар. Бұл сіздердің қазақ деген халықтың тағдырына бей-жай қрамайтындықтарыңызды білдіреді. Алайда, көпшілігіңізді "қазақтың қасіреті неде?" немесе "Исламның қасіреті неде? деген сұрақ мазаламайтыны көрініп тұр. Ислам - Жаратушы тарапынан адамзат баласына жіберілген соңғы дін, ешқандай кемшілігі жоқ, толық дін. Бірақ, сол дінді ұстанып отырған, өздерін мұсылман санайтын халықтар неліктен жер бетіндегі бар халықтың соңында қалды? Не себепті, өзге халықтардың отарына айналды? Ойланып көрдіңіздер ме? Неліктен бүгінгі күні адамзат баласы "Ислам" денесі дір ете қалатын жағдайға келді? Неліктен өздері Ислам халифатын орнатамыз, - деп жүрген арабтар және солардың сөзіне ерген өзге халықтардың өкілдері адамның басын кесіп, доп етіп, футбол ойнап жүр? Бұлардың астарында не жатыр? Егерде Ислам тарихына тереңдеп қарайтын болсаңыздар, сол Исламның алғашқы ғасырларының өзінде-ақ ақылдан бас тартып, Иджтихад қақпасын 9 ғасырмен жауып, ақыл-ойдан бас тартқан араб халқы болатын. Бұл туралы осы "Абай.кз-да" Араб дәстүршілдігіне арналған мақалада жазылған болатын. Өздерін "ахл ал-сунна уа-л жамаға" атап жүрген араб дәстүршілдігі Ислам әлемін қараңғылықтан шығармаудың бар әрекетін жасап келеді. Өздерінің қараңғы топастығымен тұрмай өзге мұсылман халықтарын да топастандырып болды. Оған дәлелді ұзақтан іздеп қажеті жоқ. Осы мақалаға жазылған комменттер ішінде аттары аталып жүрген Әбдікерім, Графен сиқты т.б. мырзалардың жазған пікірлерінен-ақ көруге болады. Олардың мақсаты - қазақтың тағдыры емес, қалайда мақала авторын мұқату, өздерінің көрсоқырлық көзқарастарын өзгеге таңу. Егерде бұл азаматтар қазақ тағдырына басы ауратын болса, ең болмаса, "мына жерде автордың айтпағы не?"- деп ойланған болар еді. Нақшбандийа - ақылдан бас тартып, Ислам әлеміне қараңғылық сыйлаған араб дәстүршілдігінің тариқаты. Нақшбандилердің ықпалының артуымен ислам мәдениеті мен ғылымы күйреді. Медреселерден ғылыми пәндер алынып тасталды. Атақты Хожа Ахрар Ұлықбек сынды ұлы ғалымды Ұлықбектің өз ұлы Люфуллаға өлтіртті. Мағдуми Ағзам Бұхарада Саураннан кетіп, Бұхараға барған, шамалауымызша, Кіші жүзге пір болған Мир-Арабты өлтіртті. Қазіргі Бұхара қаласындағы Мир-Араб медресесін салдырған да сол кісі болатын. Ол медресе Кеңес өкіметі келгенше Йасауи жолы өкілдерін оқытып келді. Атақты Тұрмағамбет, т.б. қазақ ғұламалар алдымен осы медреседен тәлім алып, ары қарай оқуларын басқа медреселерде жалғастыратын еді. Бұл Йасауи жолы өкілдерінің нақшбандилермен күні кешеге дейін арпалысқанын көрсетеді. Бұл айтып отырғандарым тек ғылым, білімге қатысты мәселелер. Ал түркі мемлекеттігінің күйреуі де тура араб дәстүршілдігі мен нақшбандилер ықпалымен күйреді. Түркі халықтарын этникалық жіктелуге түсірді. Майдан даласында ешкімге дес бермеген түркілер, діни танымы өзгерген кезде бірімен бірі соғысып, майдан даласында бірін-бірі қырды. Асан қайғының айтқаны келді. Қарағай басын шортан шалды. Кешегі табаныңда жатқан орыс, отарға айналдырып, қолыңа кісен салды. Соның бәрі бір ғана араб дәстүршілдігі мен нақшбандийа тариқатының түркі қоғамын іштей ірітуі арқасында ғана іске асты. Өкінішке орай, бұл тарихтан қазақтың да, өзге түркі халықтарының да хабары жоқ. Тәуелсіздік алмай тұрып ашылған Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы университетте жүргізілген осы бағыттағы кешенді зерттеу жұмыстары осы күнге дейін белгісіз болып келген көптеген мәселенің бетін ашқан болатын. Мен сол зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялап отырмын. Ондағы мақсат - өзіміздің жеткен жетістігімізді көрсету емес, мына түрлі діни ағымдар соңына кетіп бара жатқан халыққа ата-бабасының жолын көрсету. Әлі күнге өзінің діни-идеологиялық бағыт-бағдарын айқындап үлгермеген халыққа жол көрсету. Олай болмаған жағдайда енді бұғанасы бекіп келе жатқан Қазақстан мемлекетін тағы да күйрететініміз анық. Соны сезінген соң басты бәйгеге тігіп, арпалысқа шыққан жайымыз бар. Алайда, бұл жазылғандарды менің оппоненттерім түсіне қояды дегенге сенімім жоқ. Жалпы бұл жарияланып жатқан мақалалар олар үшін емес, еліне, жеріне, қазақтың дәстүрі мен мәдениетіне жаны ашитын, қазақ үшін күресе алатын азаматтар үшін жарияланып жатыр және Алла жазса, әлі де жазыла беретін болады. Бәріңізге сәттілік тілеймін. Автор»-
деп шатпақтайды.

Мен оның бұл жазбасына «Абай кз» сайтындағы мақаласында жауап беруге мәжбүр болдым. Қараңыздар, Зікірия ағамыз мені алдынғы «ескертуінде»  сөз басында «еш дерексіз жазасың» деп айыптаған. Ал мына жерде кім дерекпен, кім дерексіз жазып отыр. Мынау Зікірияға менің жауабым еді: «Зікірия ағамыз біз сұраған сұраққа жауап орнына "ғайбатының" қазанын қайнатып барша әулиелерді әулиелерге "өлтіртіп", болмаған қылмыстың қанын өз мойнына жүктеп, тағы да зып ете қалған ба? 
Ғалым ағамыздың мына сөзі енді нағыз Құдайсыздың сөзі: "Атақты Хожа Ахрар Ұлықбек сынды ұлы ғалымды Ұлықбектің өз ұлы Люфуллаға өлтіртті". Біріншіден Ұлығбектің Люфулла деген баласы болмаған. Оның мирасқор екі ұлы болды: бірі - Абд ал Латиф, екіншісі - Абд ал Азиз. Қызы - Рабия Сұлтан бегім өзбек ханы Әбілхайырдың жұбайы. Барша тарихи деректер бойынша Ұлығбек Қорасанға жорығында үлкен жеңіліске ұшырайды. Соның себебінен баласы Абд ал Латиф екеуінің арасында аяғы соғысқа айналған ашық жанжал туады. Бұған Қожа Ахрар Убайдуллаһтың еш қатысы жоқ. Міне, біздің тарихшылардың сүйікті ғылыми тірегі В.В. Бартольдтің сөзі (Сочинения, Т.2, Ч.2. — М.,1964, с.158-159): "Улугбек был убит в октябре 1449 года.
О смерти Улугбека историк Мирхонд передает подробный рассказ со слов провожавшего Улугбека хаджи Мухаммед-Хисрау. Улугбек вместе с хаджи вечером выехал верхом из Самарканда; он был весел и разговаривал обо всём. Когда они проехали небольшое расстояние, их догнал какой-то чагатай из рода сулдузов и от имени хана велел им остановиться в соседней деревне, чтобы могли быть закончены приготовления к путешествию Улугбека. …Очень смущённый этим распоряжением, Улугбек был вынужден остановиться в соседней деревне и вошёл в один из домов. Было холодно. Улугбек велел развести огонь и сварить мясо. Искра от пламени, разведенного нукерами, упала на плащ Улугбека и сожгла часть его; Улугбек посмотрел на огонь и сказал по-тюркски: Сен хем бильдин («ты тоже узнал»). Мысли Улугбека приняли мрачное направление; хаджи тщетно старался его утешить…
Далее Мирхонд рассказывает, как в дом вошли двое, которые напали на Улугбека. Один из них, человек по имени Аббас, убил великого ученого".

Мұнда ешқандай Люфулла да, Қожа Ахрар да жоқ. Бұл әке(Ұлығбек) мен баланың(Абд ал Латиф) арасындағы тақталас. Бұл туралы тарихшылар былай жазады: "В советской историографии высказывалось мнение о причастности Ходжи Ахрара к заговору против султана, но никаких доказательств этого так и не было найдено.

Ал, Бартольдтің жазуынша бұл уақиға мынау( Бартольд В.В. Улугбек и его время// Бартольд В. В. Соч., Т.2, Ч.2. – М., 1964, С.23-196.): "Улугбек был убит в октябре 1449 году по приказу своего сына Абд аль-Латифа, и вскоре после его смерти в Мавераннахре началась кровавая междоусобная война. Шейх Убайдуллах принял сторону тимурида Абу Саида, который в 1451 году лично приезжал к нему за благословением перед походом на Самарканд. После победы Абу Саида в феодальной распре, Ходжа Ахрар был приглашён ко двору нового султана и стал его советником, а также муршидом его сыновей. Перед отъездом в Самарканд шейх Убайдуллах построил для жителей Ташкента соборную мечеть возле рынка Чорсу, а также основал небольшое медресе в махалле Гульбазар".

Сонда Зікірия ағамыз әлі атеистік тарих пен советтік дін мен дінбасыларына жала жабушылығынан шыға алмай жүр ма? Олай болса сол советтік атеизмнің исламға қарсы бас ғалымы Климовичке еріп, біржолата атеист-ғалым бола салмай ма? Себебі, Нахышбандилік пір Қожа Ахрар хазірет Ұлығбектің саясатын мойындамаса да ешқашан Абд ал Латифтың жағында болмаған адам. Жалпы, бұл кісіге айт не, айтпа не, бәрібір бейпайды ғой».

Менің Зікірия ағам тұрмақ, Құрбаналы Ахметовте де тегінде бес бересім, алты аласым болмаған еді, егер Зікірия ағамыздың итаршы шәкіртсымақтары мен Құрбаналының бейәдеп, есерсоқ диуанлары мен халифчиктері ізімді кесіп жүріп, сыртымнан оттамаса. Тіпті, өздері тыныш болса оның атын да ұмытып кетер едім. Тек анда-сонда Құрбаналының теріс ахидалы сандалбай сұқбаттарын ютубқа шығарғанын көріп, бар екенінен хабардар едім. Ал, Зкірия кісіге... ол кісі енді сондай, ол ксіге ешкімнен ешқандай дауа жоқ. Ендеше менен не дауа болушы еді!

ІІ. Құрбаналы Ахметов  және Құрбанализм

Сондықтан бұл тақырыптағы сөз Зікірия ағамның маған алғаш ақылмансынуына себеп болған Құрбаналы, тек қана Құрбаналы мен оның 3 бағыттағы да адасқан амалына, ахидасына, шайтани тарихатына байланысты болмақ.

Бір кезде мен Құрбаналы Ахметов деген  кісімен жақын араласып, дос-жаран болдым. Мен оның үйіне баратынмын, ол маған үйге, жұмысқа келіп тұратын. Оны маған тараздық Қуаныш деген досым ертіп келіп, өзі оған үй-жайын босатып беріп, ақыры арамызды жалғап кеткен еді. Кеткен-ді дейтінім, Қуаныш бауырымыз көп ұзамай Құрбаналыны тәрк етіп, одан мүлдем баз кешті. Шындығына келгенде мен Құрбаналыны Қуаныш бауырымыздың сөзіне сеніп, «ата дінімізді жалғастырып келе жатқан ишан» деп ойладым. Сұңқылдап сөйлегенде сөзінде кемшін жоқ көрінді. Өзбекілігі мен ауа жайылушылығы байқалып қалатын. Ол кісінің жасы менен үлкендігіне қарамастан бұндайда ол кісінің кемшіліктері болса бетіне айтып, талқылап отыра беретінмін. Мен бұл кісіні еш уақытта, тіпті Қуаныш бауырымыз одан шошынып, оның алаяқтармен араласын айтып келгенде де Құрбаналыны «қу нәпсісінің құлы болып, ақылын жегізіп қояды» деп ойламаппын. Бұл орайда мен Қуанышқа емес, «Қуаныш өзін «Қазақстанға халифа етпедің» деп қапа болып, маған қасақана бәле жауып жүр» деген Құрбаналыға сендім. Қазір ойласам, адам адасам десе тал түсте де адаса береді екен. Сол кезде мен қанша жыл дос болып, жеке амбициясын дінінен еш зор қоймаған Қуанышқа емес, енді көрген Құрбаналыға сенген екенмін.

Исматулла мақсым да қамалып, бар бәле мен жала сопылардың басына төңкеріліп жатқанда Құрбаналы Ахметов  Сирия, Сауд Арабиясына қарай бой тасалап тұра ашты.

Менің «Құрбаналышыл» болып кетуім тап осы тұстан басталды. Кім ерінбесе тарихатқа тас атып, сопыларды сүмірейтіп көс-көс мақалалар жазып, сайттарда пікірлер қалдыратын. Хазірет Ибрахим өлген. Құрбаналы елден қашып кеткен. Исматулла түрмеде. Құш аталық Мақсым аканың бұндай шатақта шаруасы жоқ. Дайрабай өкіл имам...

Мен тарихат туралы «Массаған кз», осы «Абай кз» сайттарында жазып, пікірлерге қосылып жүретінмін. Бірде Шалқарлық Абай деген азамат маған «Қазақ рудағы «Дін-діңгектің» сілтемесін берді. Қарасам талас-тартыстардың атасы  "Қазақ ру" халықаралық қазақ серверінің «Дін-діңгек форумында»  болып жатыр екен. Шындығына келсем бұл жерде сопылық пен тарихат тұрмақ, осы жолдағы ұлықтар мен әулие-әмбиелерге дейінгілердің аттарын атап, тізіп қойып, «сойып» жатыр екен. Сосын біз - сопылық пен тарихатты қорғау мақсатында "Мен сопымын. Шариғатсыз Тарихат тұл. Тарихатсыз дін - жеміссіз гүл"-деген тақырып аштық.

Тағы да қайталап жазамын, бұл кезде бүгіндері біреулер "уаһһабия ахидасына қарсы күрескер" деп санап, жарнамалап жатқан Құрбаналы Ахметов «Исматулланы қамады, енді мені де қамайды» деп, зәресі ұшып, Қазақстаннан қашып жүрген болатын. Ол туралы деректерді біз ол кезде уаһһабия ахидасы адамдары жариялаған «Назым шейхпен би-билеп жатқан» бейнежазбадан көріп, бір жерде өзін "Махдимын" жариялап, «жарыққа шығу, Исаға ғ.с. жолығу үшін» ақша жинатып жатқанын сырт адамдардан естіп отырдық.

Сосын мен Құрбаналыға телефонмен шықсам, Құрекең өз тілімен айтқанда алдымен "Сирияда, артынан Саудияда бизнес жасап жатқан" еді. Біз бұдан тарихат үшін күресте Құрбаналыдан еш пайда, көмек жоғын ұқтық.

Соған қарамастан тартыс қызған тұста мен Құрбаналыны қорғаушы-адвокатқа айналдым. Себебі, Құрбаналы туралы пікір өте лас болатын. Оны қорғамасақ оның атынан ластық тарихатқа  да тиіп жататын. Мен сол үшін Құрбаналыға өзі туралы өсектерді айтып, «рас па?» деп сұрайтынмын.  Ол бәрін өтірік деп, бет бақтырмайтын. Мен сол айыптауларға сенер ма едім, тексеріп қарар ма едім, егер бұл мәліметті айтушылар мен білетін тақырыпта өтірік ақпараттар таратып, жалған мәліметтер жазбаса. Сол «Қазақ ру» сайтындағы тарихатқа қарсы жойқын күресушілердің бірі A'mash Abu Asym! Еді. Ол(15.07. 2010ж, сағ:16:48) Зікірия ағамыз секілділердің бірі жазған қайдан да бір тауып алған «Нақшбанди жолы» атты кітапқа сілтеме жасап, «...кітаптың 15 бетінде былай деп жазылған: «Осы аятты өмірінде бір-ақ рет оқыған адам аса жоғары дәрежені иемденеді... Ол адам пайғамбарлар мен әулиелер жете алмаған дәрежеге жетіп, тариғатымыздың имамы Әбә Йәзид әл-Бәстамидің деңгейіне көтеріледі. Әбә Йәзид әл-Бәстами ұстазымыздың өзі былай дейтін: Мен – Ақиқатпын (әл-Хақ)».»-ден Қожа Бахуаддин хазірет пен оның жолына жала жаппаса.

Сол кездерде мен уаһһабилармен айтысу мен тартысудан шаршамадым. Арада уақыт өте келе, Құрбаналның артынан айтылған сөздің асқынуы мен өзім кездесіп жүрген келеңсіздіктер шыға бастады. Бір жағымнан уаһһабилер, екінші жағымнан Құрбаналының жылт етіп қалып жатқан жылымшы әрекеттері шығып шынында да шаршай бастадым.

 ІІІ. Құрбаналы Ахметов Құран мен Хадисті неге бұрмалайды

 Сөйтіп жүргенде   «Дін діңгек» форумындағы біздің парақшаға Серік Әбенұлы (serik_aben@mail.ru 18-02-13 16:39) деген азамат кіріп мынадай жазба қалдырды:

Қара ишанға сәлем хат! Ассаламу алейкум барша мұсылмандар! Мына сайттағы жазған әңгімелеріңізді оқып денем түршігіп кетті.Тілдеріңіз қандай ащы да тұрпайы еді. Біреуден бір нәрсені ести сала, бір нәрсені бір жерден көре сала, біреудің бір жазғанын оқи сала адамға сырттай үкім шығармас болар. Мұсылманмын дейтұра неге сонша жаман сөз сөйлейсіздер? Сіздердің уаһабистерден дендеріңізді аулақ ұстағыларыңыздың келгені адамды қуантады десекте, мұсылманға сай әдеп көрсетсеңіздерші. Бұл сайт еліміздегі белгілі бірегей сайт. Мұндағы сөздерді тек сіздер ғана емес, бүкіл исі қазақ оқиды. «Діндарлар не дейді екен?» деп мына жазғандарыңызды оқыған жастар мен ағайындар діннен де, діндардан да безінеді ғой. Бәріміздің мұсылман деген ортақ атымыз бар. Сіздерден үлкен өтініш, сайтты, бетперделеріңізді былғамаңыздаршы. Әр бір адам өз пікірін білдіруге құқылы. Көрген білгендеріңізді жазсаңыздар лақап ат жаза салмай, аты жөндеріңізді толық жазыңыздар да, пікір қалдырыңыздар, бірақ ұсақталмаңыздар?!!!

Құрметті Қара ишан аға, мына сайттардағы жазғандарыңызды толық оқып шықтым. Жалпы қарағанда көзі қарақты, сауатты да парасатты адам кейпін елестетіп тұрсыз. Барлық дерлік сұхпаттарыңызда Құрбанәлі Ахметті ақтауға, шаң жуытпауға тырысыпсыз. Осы себепті бұл төмендегі сұрақтар тікелей сізге де арналады. Бір адамды көлегейлеймін деп жүріп аршының көлеңкесінен құр қалып кетпес деген ойдамын. «Итің жаман екен» десе ренжитін халықпыз ғой, менің төмендегі жазған хатымды толық оқып, уақыт тауып «дұрыс» деп тапсаңыз келтірілген дәләл дәйектерге нақты дәлелдеріңіз айтар пікіріңіз болса жауап жазуыңызды сұранамын. Ренжімеңіздер, біреуден кемшілік іздеп жүрген адам емеспін, мүмкін менің түсінігім дұрыс емес шығар. Дейтұрғанмен бұрмаланған Құран сөздерінің орнын немен түземексіздер, соны білгім келеді. 

ІҮ. Дін тұтынушы ғалым Серік Әбенұлының Құрбанализмге жасаған сараптамасы

 Бұл хатқа Серік Әбенұлының өзінің қойған тақырыбы «Тақуамыз деп тобырға еріп, дінсіз қалма, немесе Құрбанәлінің сенім түйсігі». Шындығында барша хат осы тақырып айтып тұрғандай – Құрбанализмді әшекерелеуге арналған еді. Сонымен:

Негізі Баһау әл-хаққу уад-дин (Мухаммад ибн Мухаммад Жалаладдин) түзген сілсәлә жолы ақиқаттың ақидасына сай түзілгендігіне күмәнім жоқ. Мұндай түсінікті Нақышбандидің өз шәкіртінің қолжазбасымен жазған кітабының түпнұсқасынан оқып білгендеймін. Ол кітапта Нақышбандидің өз мөрімен және сілсәлә тізімдері де, кітап та мөрленген.

Мен қарапайым, діни сауаты бар, ұстаз көрген адаммын. Дін жолына түскеніме де жиырма жыл болды. Егемендік алғалы бері дініміздің неше түрлі тосқауылдармен келеңсіздіктерге ұшырап, біріздікке түсе алмай келе жатқандығы жаныма қатты батады, намысыма ауыр тиеді. Сондықтанда болар бүгін амалсыздан қолыма тағы да қалам алып, бүлікшілерден Аланың жолын өз шама шарғымша арашалап алуға тырыстым. Аллаһым, санама нұр, ақылыма парасаттылық пен байсалдылық беріп қаламымды шатасудан сақтағайсың?

Менің кітаптар мен ұстаздардан ұққаным «тариқат» деген "тазалық пен тақуалық іздену" жолы. Тариқат жолының ақиқаттығын, тасаууф мәселесін толық мойындаймын. Өкінішке орай дәл қазіргі уақытта Нақышбанди тариқатының ақидасының бұрмаланып, бұзылып бара жатқандығына көз жұмып, қол қусырып қарап отыра алмадым. Менің әрине, ладуни ілімінен, рух мәселесінен көп хабарым жоқ, оны бас изеп мойындаймын. Сондықтан да болар бар ой түйсігім кәдуілгі шариғат мәселесіне сай болмақ. Кезінде «Әнәл - хаққы»-ны айтқан Мансур әл – Халлажды да ғалымдар шариғат үкімімен жазаға кескен екен. Сонда Мансур әл – Халлаж «ілімі хал бойынша сендердікі, ілімі һал бойынша менікі дұрыс» деп шариғат үкімімен үкім шығаруға қарсы болмапты. Осыған ұқсас қазіргі айтатын мәселелеріммен Нақышбанди жолында жүрген ақидасы түзу адамдардың көңілдеріне тікелей не жанай тиіп жатса Алланың разылығы үшін олардан алдын ала кешірім сұраймын. «Хақ жолында жүргендер нәпсі қоздырмай ақиқатқа көңілдің көзі емес, бастағы көзді аша, Алланың кітабымен салыстыра қарайды» деп ойлаймын.

Менің жазғалы отырған мәселелерім тек белгілі бір адамға ғана байланысты болмақ. Нақты айтқанда Құрбанәлі Ахмедтің айтып, жазып жүрген мәселелеріне байланысты. Естіп білуімше Ибраһимжан хазрет Құрбанәліні Қазақстанға халифа етіп сайлаған. Нақышбанди тариқатына өтетіндер сонау Қоқан аспай ақ, Құрбанәліге баят берсе болғаны. Мәселенің түбірі де осы жерде жатыр. Оның шәкірттерінің көбі дерлік Құрбанәліні 100 жылда өмірге бір келетін бірегей ғалымға теңеп, дәрежесін Ибраһимжан хазреттен бірде кем көрмейді. Ол кісі шариғаттан еш хабары жоқ адамдарды тобырымен тариқатқа кіргізіп жатыр. Ал олардың көбі дерлік артық бір нәрсе үйренейінші, не түсінбегендерін одан сұрайын демейді. Басын шұлғып, ол не айтса соны істеп кете барады. 

Тақуалық жолға адамдардың көптеп өтіп бара жатқаны мені шынында өте қуандырады. Дейтұрғанмен олардың жүректері ақ, ниеттері таза бола тұра тақуамыз деп тура жолға жақындаудың орнына күпірлікке еріп шатасуда, нағыз уәлидің емес, өзге біреудің соңынан көзжұмбайлыққа салынып кетіп бара жатқаны жанымды алқымға тығады. Бұрындары аталарымыз «Ибраһим хазрет әулиелікті, пірлікті өзінің артықша ілімімен емес, адал пейнет қызметінен тапты» дейтін еді. Осыған қарағанда Ибраһимжан хазрет Құрбанәлінің айтып жүрген шариғатынан толық хабардар болған емес те сияқты. Құрбанәлі өз алдына діни бірлестік, газет ашып, теледидардан сөйлеп, ел аралап уағыз айтуда. Оның бетпердесін қазір ашпасақ ертең тым кеш болады деп ойлаймын.  Әдетте ол өз сөзінің дұрыстығын және адамдардың өзіне деген сенімін арттыру үшін еліміздегі өзекті мәселе шатастырушы жамағаттар мен уаһһабизм жайында көп мәселелер айтады. Дейтұрғанмен, оның айтып жүрген шариғаты олардан ары түспесе бері келетін түрі жоқ. Ендігі жерде тікелей сөзге көшсек, Құрбанәлінің бірнеше үлкен қателіктерін жазып, елді шатасудан сақтандырсам деген оймен осы мақаланы жазып отырмын. Мұнда Құрбанәлінің тек қана екі газетке берген мақаласының ылаңы және бірде жолығып ауызба ауыз айтылып куәлер болған жағдайдағы әңгіме барысы. Өзге жерде не айтып жүргенін бір Алла білер.

Құрбанәлінің Құран сөздерін бұрмалап, теріс мағына беруімен қатар «рух» мәселесін талдай келе пайғамбар нұрын «жаратушы нұр» деп Құдайға теңеуі.

 

Ү- Құрбаналының «блок управлениесі» туралы

 1) «Хақ жолы» газетінің 2009-жылғы 30-шілде № 14-санының 2-бетінде Құрбанәлі Ахмедтің «Сауап амалдарыңыз өмірден өтіп кеткен ата – бабаларыңызға тиіп тұрады» деп аталатын мақаласы бар. Сол мақалада ол «Біздер амалда Имам Ағзам пірімізді ұстаймыз. Иғтиқатта Имам Матуриди ақидасын ұстаймыз. Тариқатта Нақышбандия піріміздің етегін ұстаймыз» - дей келе өз сенімін уахабилер сенімімен салыстырады.

Онда «Ияка нағбуду уа ияка настағин» мәселесін қозғап, «Саған ғана құлшылық қыламыз, Сенен ғана жәрдем тілейміз» деген аятты екіжақты түсіндіргісі келген.

Ол(Құрбаналы) өз сөзінде «Біздер Аллаһ біреу дейміз, Қуль һуаллаһу ахад. Аллаһтың серігі жоқ, қасында ешнәрсе жоқ. Уаһаби (Муғтазилә) адасатын адамдардың барлығы мына біздің дүниемізді Құдайдың алдында, Құдаймен бірге қабаттасып бар дейді. Бұл Аллаһқа серік қосқан болады. Сол үшін уаһабидің өзі бірінші серік қосқан болды» - дейді.

Сосын «Ияка нағбуду уа ияка настағинді мойындаймыз» – дей келе –  «Бірақ, Аллаһ тәбәрак уа тағалә мына жоқтық әлемінде сол әрекетті қайтіп жаратты? Сол жарату техникасы қалай болып жатыр? Тікелей жаратты ма немесе себепші арқылы жаратып жатыр ма, әңгіме осында»- деп жазған.

(Құрбаналы сосын) "Уаһабидің айтатын сөзі Аллаһтан мына әлемде тікелей медет сұраймыз. Аллаһ әлемге тікелей медет береді. Бұны таухиду Рубубияһ, таухиду Улуһияһ» дейді" деп жазады.

(Одан ары)"Жарайды біз оны бір мысалмен келтірейік. Сендер өздеріңнің мысалыңды келтір"-деп бір роботты жарату туралы әңгімені мысал келтіреді. «Уаһабилер жаратқан роборт тікелей пультпен басқарылып тұр, онда ешқандай ықтияр – ерік жоқ. Сондықтан оның іс - әрекетіне жаратушы кінәлі»-дей келе ол – «Енді біздің вариянтымызда роборттың ішінде автаномный блок управление жаратамыз. Ол өз - өзін басқара береді, сырттан басқарылмайды. Біз сені бақылап тұрамыз. Сен бізбен қосыламын десең ішіңдегі блок управлениемен басқарамыз»-дейді. «Сонда робортқа жамандық қылуға тиым саламыз. Жақсылық қылуға әмір қыламыз. Енді роборт қолына автомат алып адамдарды өлтіріп жатыр. Кім жауап береді? Роборт өзі жауап береді, бұл біздің вариянтымыз. Қайсы бірі дұрыс осы екі вариянттың?» – деп өз сөзі мен сенімінің тура екендігін дәлелдегісі келеді. "Сол блок упровление адамның ішіндегі рух болады, жан болады, сол тағдыр болады" – деп нақты үзілді – кесілді өз сөзін қортындылайды. 

1 – ге (Серік Әбенұлынан) жауап:

Сунниттердің ақидасы бойынша бұл екі вариант та дұрыс емес. Уаһһабистерде ешқандай ерік жоқ – десе, Құрбанәлінің вариантында: «онда ықтияр – ерік бар. Ол өз - өзін басқара береді, сырттан басқарылмайды» – деп жазады да, соңына таман «Бірақ, сен бізбен қосылғың келсе ішіңдегі блок упровлениемен басқарамыз. Сонда робортқа жамандық қылуға тиым саламыз. Жақсылық қылуға әмір қыламыз» -дейді.  Яғни, Құрбанәлінің тағдыр туралы сенімінде «адамның ықтияры болғанымен оның да рухын Аллаһ тікелей басқарады, жақсылық – жамандық қылуға әмір қылады» – дейді.  Айырмасы шамалы ғана, бірақ, Аллаһ тағдырды таңып осылай болады деп жазып қояды деген мәселеде бірі жанына – екіншісі тәніне деп екеуі де бір мәселені айтып қосылып кетеді. 

Тағдыр мәселесіндегі «Аллаһ адам баласына ақыл, парасат, ықтияр, қалау, ерік беріп ана дүниеде соның бодауын алады» деген сөзді сан құбылтып, ақыр соңында өзінің қайдан шатасып кеткенін де аңдамай қалған. 

 

ҮІ-Құранды бұрмалаудың басы

2) (Құрбаналы одан ары құтыртып) «Содан ары қарай ол – Демек, Аллаһ тағала мына әлемді басқаруда уәсилә арқылы пайғамбарымыздың нұры арқылы басқарады дейміз. Сол үшін Аллаһ мына әлемге тікелей кірмейді. Бұл әлемге тікелей әмір қылмайды. Бұл әлемге тікелей байланыспайды. Пайғамбарымыздың нұрына байланысып тұрады. Робортқа ерік беріледі, түсіндіңіздер ме? Біздің филасофиямыздың ұлық екендігін. Сен уаһаби ширк десе, ширкке кіріп кете берме.Уаһаби нені ширк демейді. Сол үшін біздің аятымыз неде? «Инни жағилун филь арзи халифа » (Мен аспан – жерде халифамды сайлап қойдым). Сенің жүрегің іші аспан – жер. Аспан – жерде сен де барсың. Сенің жүрегіңнің ішінде Аллаһтың халифасы сенің жаның тұр. Ол Аллаһтың халифасы. Сен ол арқылы басқарылып отырсың" – деп жазады.


2 – ге (Серік Әбенұлынан) жауап
:

«Бұл әлемді Аллаһу тағала пайғамбардың с.ғ.с нұры арқылы басқарады»-деген бірде-бір аят, алты сахих хадистердің жинағының бірде бірінде сахих хадис жоқ екендігін ескерсек, бұл пікір тек қана Құрбанәлінің өзіндік пікірі, сол пікірін аятпен дәлелдеу үшін «Инни жағилун филь арзи халифа» деген аятты өз сөзінің дәлелі ретінде келтіріп, бұл аятты барынша бұрмалап өз ойымен бұра тартып мағыналаған.

Бұл аятқа Құрбанәлі сияқты мағына берген бір де бір тафсир жоқ. Егер, жоқ, мұндай тафсир бар десе қай тафсир екенін айтып бере қойсыншы. Әрине мұндай бұра тартып, өз көңілімен мағыналаған тафсирді ол еш бір жерден таба алмайтындығы анық. Себебі, оның түсу себебінің өзі белгілі бір уақиға Адам атаның жаратылуын меңзейді. Кез келген тафсирдің асбаб ан - нузулден теріс кетпеуін ескерсек ол мұндай теріс түсінігін тафсирмен дәлелдей алмайтындығы анық.. 

Негізі, бұл "Бақара" сүресінің 30-аяты. Ол аят толық былайша «(Ей Мұхаммед!) Сенің тәңірің, кезінде періштелерге; «Жер бетінде халифа жаратамын» - деген еді.Сонда періштелер : «Біз сенің даңқыңды дәріптеп, қасиетіңді арттырып жүрсек, жер бетінде күнә жасап, қан төгетін бір бұзық жаратпақсың ба?» - деді. «Менің көкейімде не жатқанын сендер білмейсіңдер ғой», - дейді Аллаһ оларға» деп айтылған.  Бұл аятта Аллаһтың жер бетінде Адам атаны жарататыны туралы анық та ашық ескерткен. 

Құрбанәлінің бұл аятқа берген өз «Сенің жүрегіңнің ішінде Аллаһтың халифасы сенің жаның тұр» деген түсіндірмесі ешбір тафсирде жоқ. 
Сунниттердің көп пайдаланатын тафсирі тафсир әл – жәләләйн да «халифа» сөзіне «уа һуа адам» - Ол Адам – деп мағына берсе, Құрбанәлінің өзінің де пайдаланып жүрген тафсирі Ибн Касирде де Адам атаның халифа екендігі айтылады. Замахшари мен Қуртубиде де осылай мағына берілген. 

Құрбанәлі «Инни жағилун филь арзи халифа» аятын қазақша аударғанда «Мен аспан мен жерде халифамды сайлап қойдым» деп аударған. Сондай – ақ, бұл аятта «аспан» деген сөз мүлде жоқ.

Алланың сөзіне бір сөз түгілі бір әріп те қосуға болмайды.  Ал Халифа сөзіне «Адамның жаны Алланың халифасы» деген түсінік мүлде теріс пікір. Құранға өз көңілімен мағына беруге мүлде рұқсат етілмейтінін естен шығармаған дұрыс. 

 

ҮІІ- Құрбаналының Құран сөздерін алмастыру фактісі

3) Құрбанәлі сол мақалада: «Уәл мудаббироти амро ( Әлемде Аллаһтың әмірін орындап тұратын көмекшілер мен ант болсын )". Аллаһ әлемді көмекшілермен басқарамын деп жатыр» – деп жоғарыдағы аятқа тағы да өз көңіліне бұра тартып, негізгі тафсирді теріс мағыналайды. 

3–ге(Сеік Әбенұлы) жауап:

Біріншіден,  Бұл "Назиғат" сүресінің 5-аяты. Ол аятта «Уәл мудаббироти амро» емес, «Фәл мудаббироти амро». Бұл аяттың бастапқы сөзі фәмен басталу керек болса Құрбанәлі мұнда «фә» әріпінің орнына «уау» әріпін қойып Құран әріптерін өзгерткен(Астафыралла).

"Ұмытып қалған шығар" - деп бұл бір әріпке байланбай ақ қойса да болар еді бірақ, бұл айтылған сөз емес, көпшілікке жазылған үндеу іспеттес нәрсе әрі ол өзін анау – мынау емес білгір шайх санайды. Олай болса оның әр бір сөзі талдануы шарт. Себебі, Пайғамбарымыз с.ғ.с. «жұмаққа да, тамұққа да алып баратын ғалымдар» деген. 

Екіншіден, бұл аятқа Құрбанәлі «Әлемде Аллаһтың әмірін орындап тұратын көмекшілермен ант болсын!» - деп мағына берген. Бұл аятта «көмекші» деген сөз жоқ. Алланың ешқандай көмекшісі де, жәрдемшісі де болған емес,болмайды да. «Алланың көмекшісі бар» деп айту тікелей Алланың серігі бар деген мағынаны ұқтырады. Оны түсіну үшін үшінші сыныптық ілім де жарайды. Осы аятқа тафсир әл – жәләләйн да «Әл –мәләикату тудаббира амрад дуния» деп Алланың әмірін тарататын періштелердің болатынын анық айтқан. Ибн Касирдің тафсирінде Али, Мужаһид, Ато, Абу Салих, Хасан, Қатадаһ, Робиғ бин Анас, Асадилер р,ғ «Һиә әл мәләикату», «Ол періштелер» деп мағыналаса, Зад әл- Хасан «Олар Аллаһтың әмірін аспаннан жерге алып түсетін періштелер» деп мағыналаған. Біздерде бұл аятқа осы тафсирлерге сай «періштелер» деп мағына беруіміз ләзім.

Құрбанәлінің Алланың сөзін бұрмалап «Аллаһ әлемді көмекшілерімен басқарамын деп жатыр» деп тағы да Құран сөзін өз қалауынша бұрмалап мағыналай салуы оның Құран аяттарына атүсті, немқұрайлы қарайтыны аңғарылады.

 
ҮІІІ - Фатх" сүресінің 4 – аяты.
Мұнда да «Аспан – жерді басқаратын» деген сөз мүлде жоқ. Құрбаналы оны қайдан алған?

 4) Құрбанәлі одан әрі өз өтіріктерін өз пікірін дәлелдеу үшін тағы бір аятты бұрмалайды. Ол "аятта «Уа лилләһи жундус самауати уәл - арз» (Аспан – жерді басқаратын Алланың әскерлері бар). Пайғамбарымыздың нұры, рух Аллаһтың әскерлері болады", – деп мағыналаған. Тағы да «Аллаһу тағала аруақпен сендерді қолдаймын» деп айтқан деп өтірігінің үстіне тағы да май шашып, шатастыруын лаулата түседі.

4 - ге(Серік Әбенұлы) жауап:

Бұл аят "Фатх" сүресінің 4 – аяты. Аяттың тура мағынасы «Көктердегі және жердегі әскерлер Алланікі» деп аударылады. Мұнда да «Аспан – жерді басқаратын» деген сөз мүлде жоқ. Мұнда да Құрбанәлі Құран аятына өз қалауынша тағы да бір «басқаратын» деген сөз қосқан. «Аруақпен сендерді қолдаймын» деген деп теріс мағыналағаны өз алдына тағы да, «Олар Уаһабилер тек қана баяғы «Аллаһ басқарады» деген аятты алады. «Аллаға серік қоспа» дегенді алады, ортадағы аяттары жоқ. (инкар ) қылады.Уаһаби халықты осылай адастырып жатыр» деп байбалам салады. (Дуаналарын арандатып, айдап салып) "Ондайларға «Ей батпақ,! Сен өзің ширіксің, өзің мүшріксің, өзің кәпірсің» деп айтыңыздар!" –деп жазыпты. Уаһабисінде шаруам жоқ, ол өз алдында өзге тақырып, Құрбанәлі өзгелердің қателігін жіпке тізгенше өз сөзіне, Құран аяттарына берген теріс мағыналарына пірадарлары және халық алдында жауап беріп алсын. Одан соң біреуді түзей жатар. Құлап жатып сүрінгенге күліптінің кейпін кешіп жүрген мына жүріс не жүріс? Жәнеде бір адамға «кәпір» деп айтылған сөз сол екі адамның біріне міндетті түрде тиесілі болады, сондықтан мұсылмандар бір – біріне «кәпір» деген терминді нақты дәлелсіз қолданбағаны абзал.

Әл – Мунтахаб, ибн Касир тафсирлерінде бұл аяттағы «әскерлері» деген сөзге «періштелері» деп мағына берген.

 

ІХ – Құрбаналының Құранда не ақысы кеткен???

5) (Құрбаналы) Одан соң «Уа айяднаһум бирухул қудус» "(Пәк аруақпенен мен сендерді қолдаймын, медет берем, әрекетке келтірем) – деген" – деп Құрбанәлі "Бақара" сүресінің 87 – аятына тағы да өз көңілімен теріс мағына бере салады.

5-ге(Серік Әбенұлы) жауап:

Бұл аятта «Исаға кереметтер бердік, оны қасиетті рухпен жебедік» деген мағына ғана бар. Мұнда «Мен сендерді пәк аруақпен қолдаймын, медет беремін, әрекетке келтіремін» деген сөз де, мағына да жоқ. Құрбанәлі бұл аяттың да өзіне керек екі – үш сөзін ортасынан жұлып алып, өз өтірігін дәлелдеу үшін пайдаланған. Негізі бұл стиль Уаһабистер мен еврейлерге тән қасиет. Исаға ғ.с. келген қасиетті рух деп аталған Жәбрейіл періштені алып тастап, оның орнына пәк аруақ пен сендерге медет береді, қолдайды, әрекетке келтіреді деуі тіпті надандық. Бұл аяттағы рухуль қудус – қасиетті рух туралы тафсир әл – Жәләләйнда «Уа һуа жибрилу литохоратиһи», (Ол таза Жәбрейіл) деп жазады. 
Ал ибн Касир тафсирінде «Әл – Қуддус – һуаллаһу тағалә ау қудус – рухиһи Жибрил» (Қуддус – ол Аллаһу тағалә немесе қудус – рух Жәбрейіл) екендігі жазылған.
Құран аяттарын қалай болса солай өз қалауынша мағыналау үлкен күнәға алып келетінін ұмытпағандарыңыз жөн. Пайғамбарымыз «үндемеген құтылады» деуші еді, білмеген адам айға шаппай ақ, тыныш жүрсе екен. 

Х – Құрбаналы «Мақлұқаттар мұқтаж болатын үлкен нұр» туралы қиялын Құранға қалай және  неге таңды?

6) "Хақ жолы" газетінің 2007 – жылғы 13 – ақпанның № 3 – санында «Адамзат табиғаты» немесе «Біздер неге аруаққа сиынамыз» атты Құрбанәлі Ахметтің осы мәселе туралы тағы да мақаласы жарияланған. Бұл мақалада да Құрбанәлі өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу үшін тағыда мағынасы бөлек аяттарды, хадистерді көзбе – көз теріс мағыналап, тағы да сауатсыз халықты дәйегі жоқ дәлелдермен алдаусыратпақшы болған. Онда ол - "Қазіргі үлкен мәселелердің бірі аруақ мәселесі, бұл мәселені тура түсіну немесе қателесу мұсылман – кәпірге немесе адасушы діндерге кіріп кетуіне себеп болады.Бұл мәселені құран кәрім, хадис, тәфсір, ғұламалардың сөздері, халықтың аузынан естілген сөздері арқылы түсінуге әрекет жасаймыз" – дей келе Ибн Касирдің тәфсірі 359 – бет «Исро» сүресінің 85 – аяты: «Ей, Мұхаммед! Сенен ол яхудилер «рух» жайлы сұрайды. Оларға айт, ол рух менің раббымның әмірінен болған бір әмір. Және сендерге бұл туралы кем ілім берілді» деген аятты өз сөзінің айғағы ретінде пайдаланады.

Осы аятқа байланысты Құрбанәлі былай: «Ол рух, адамзаттың аруағы; - Ол Жәбрейіл періште; - Ол жаратылған әлемнен де үлкен болған періштелер тобы; - Ол адамзатты бағалап тұратын періштелер тобы. Адамдар періштелерді көре  алмайтындығы сияқты періштелер де ол рухты көре алмайды; - Ол рух ауа сияқты көрінбейтін нәрсе, ағаштың бойындағы минерал суы сияқты, дененің барлық жерінде»- деп Құранды тәфсір қылған ғұламалар, осы мағыналарды берген»- деп жазады.

Бұл аят туралы ол тәпсірде тура осылай мағына берілгені рас. Тағы да ол тәпсірде ол періштенің түр сипатын, таспих – зікірінде толық сипаттаған. Бұған ешкімнің де таласы жоқ. Мұндағы кешірілмес қателіктер Құрбанәлінің осы аятқа ары қарай өзі толықтырған сөздерінде.
Құрбанәлі одан әрі: «Демек, ол тек қана Жәбрейіл періш те де емес екен. Ол барлық мақлұқаттар мұқтаж болатын үлкен бір нұр, немесе періште. Аятта айтылған сөз яғни, ол Раббымның әмірі және рух. Бұл жерде Аллаһтың әмірі бір бөлек бір нәрсе де, рух бөлек бір нәрсе. Аллаһтың әмірі – Аллаһтың пәк сипаттарынан болған бір сипат. Ол махлұқ емес, махлұқ болмайды да. Рух болса мақлұқ, жаратылған нәрсе. 18 мың әлемдегі үлкен – кіші нәрсенің барлығы осы екеуінің байланысынан тұрады. Аллаһтың әмірісіз ештеңе жаратылмайды, рухсыз болса бұл жоқтық әлемде Аллаһтың әмірі заттық әрекетінде, жандық құдіретінде көрінбес еді. Егер біз «уаһабий» түсінігіндегі сияқты Аллаһтың әмірі рухсыз тек өзі заттық, әрекеттік жандық көріністе, (бейнеде) болады десек, екі түрлі шіркке жол берген боламыз. Әуелгісі – Бұл дүние Аллаһ затының бір бөлігі болып қалады, бұл үлкен шірк. Екіншісі – Аллаһтың әмірін жоқтық, мақлұқтық деңгейге түсірген боламыз. Бұнда, Аллаһтың затына, сипаттарына, әміріне айыптау балшығын жабыстырған боламыз. Біздің ғұламаларымыз бұл нәрселерді мұқият іңкәр қылған. Ал Аллаһтың әмірісіз нәрселер пайда болады деп түсінсек, онда, материалистер, атейстер сияқты Құдайсыз кәпір боламыз. Бұл әлемде Аллаһтың әмірі рухтан ажыратылмайды, ол үлкен қателік. Пайғамбарымыз с.ғ.с (Аллаһ тағала): «Мен сыр ілімдер қазынасымын. Өзімді, затымды, құдіретімді танытуымды қаладым, сол үшін мақлұқатты жараттым» - деген хадисі бар. Бұл хадистен мәлім болған нәрсе Аллаһ тағала мына жоқтық әлемінде өзінің барлығын көрсетуі үшін, есім сипаттарының қасиет – құдіретін көрсетуі үшін өз әмірімен бір нұр жаратты. Ол нұрға өзінің сипаты мен реңін, құдірет – қасиетін ендірді. Ол нұр тіршілікке ие болды, көруші, естуші, сөйлеуші, ақылды, парасатты, құдіретті және әрекет қылуға ие болды. Ол нұр Аллаһтың әміріне қызмет қылып Аллаһтың әмірін заттық, әрекеттік, рухани, мағнауи пікірлер бейнесінде көріну үшін қызмет қылу рөлін атқарады. Соның үшін жаратушы нұр деп атаса да болады. Ол нұр Аллаһтың әміріменен көруші, естуші, тірі жанға айналғаны үшін рух деп аталды. Ақылға, еріктікке ие болғандығы үшін ақыл деп аталды. Ажырамас тікелей Аллаһтың әміріне байланыста тұрғаны үшін «қалам» деп аталынды. Пайғамбарымыз с,ғ,с – ның : «Аллаһ әуелі менің нұрымды жаратты, әуел рухымды жаратты, әуел ақылды жаратты, әуел қаламды жаратты» деген төрт хадис жоғарыдағы сөздердің дәлелі болады» - деп жазған.

6 – ға (Серік Әбенұлы) жауап:

А)

Құрбанәлі "Исро" сүресінің 85 – аятының тәпсірін айта келе өзі ол аятты өзпікірімен «Ол барлық мақлұқаттар мұқтаж болатын үлкен нұр немесе періште»- деп мағыналаған. 

Ибн Касирде «Ол адамзаттың да, періштелердің де рухы» деп келеді, Онда «Мақлұқаттар мұқтаж болатын үлкен нұр» деген сөз жоқ.

Демек, бұл пікір Құрбанәлінің өз пікірі. Естеріңізде болсын! Сол нұрдың өзі Аллаға мұқтаж болған сол мақлұқаттың бірі ғана. 

Ә)

Құрбанәлі тағы да Құранның сөзін бұзып отыр. Нақты айтсақ, Құран аяттарының әріптерін алып тастап, орнына өз пікіріне тура келген әріпті қоя салып, Құран аятының мағынасын бұрмалап, аяттың түпкілікті мағынасын бұзып өз шығарма туындысына айналдырған. Араб тілінде бір әріптің тіпті бір қарекеттің аусыуымен бір сөйлемнің түбегейлі өзгеріп кететінін ұмытпаған жөн.

(Құрбаналы)"Исро" сүресіндегі 85-аятындағы «қулиррух мин амри робби» деген аяттағы «мин» деген жалғауды алып тастап, орнына «уа» деген жалғауды ауыстырып жазған. Яғни, «Оларға айт, ол рух менің раббымның әмірінен болған бір әмір» деген аятты көрер көзге қолма қол «Алланың әмірі және рух» деп «Алланың әмірі бір бөлек, рух бір бөлек нәрсе» деп, Құран аятын өзіне тиесілі әкесінің сөзіндей өз көңіліне қарай бұрмалап мағыналай салады. Бұл жерде осылай деп теріс мағыналамаса онда бір әріптерді ұмытқан шығар деп қорытынды жасай салуға болар еді, бірақ, өкінішке орай ол бұл сөзді әрі қарай осы мәтінде түсіндіргісі келгенінен біздер оның бұл аятты қасақана - әдейі бұрмалағанын анық білеміз. Пайғамбарымыздың с,ғ,с «Кімде - кім құранды өз көңіліменен мағыналаса дайындапты орнын тозақтан» деген хадисінен қорықса нетті.
Б)

Құрбанәлі «Аллаһтың әмірісіз ешнәрсе жаратылмайды, рухсыз болса бұл жоқтық әлемде Аллаһтың әмірі заттық әрекетінде, жандық құдіретінде көрінбес» – деп жазған. «Олай болса сол рухты жаратып заттық әрекетке айналдырғанда Аллаһ рухты жаратуға нені себепші қылыпты?»-айта қойсыншы? Құранда анық айтылғандай сол «рух» та Алланың әмірінен тысқары емес. Сондықтан рухты Аллаһтың әмірінен бөліп – жарып бөлектеп қарауға болмайды. «Бұл әлемде Алланың әмірі рухтан ажыратылмайды»-деген Құранда не хадисте бір аят, не бір хадис жоқ. Құрбанәлінің өз өтірігін дәлелдеуге келтірген аят және хадистерінің тікелей мағыналары Құрбанәлінің жазған шариғатына, сөздеріне үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Керсінше, Құранда «Аллаһ жаратушы» деп 30 аятта, «Аллаһ қалағанын істейді (Ирода)» - деп 14 аятта, «Алладан өзге тәңір жоқ - деп 80 аятта,  «Алланың әр нәрсеге құдіреті жетеді» - деп 51 аятта хабар берген. Бұл аяттардың тікелей не жанай тәпсірлерінде «Аллаһтың әмірі тек рух пен ғана іске асады» деген мағына таба алмайтының анық. Керсінше, сол 51 аятта келгендей "Бақара" сүресінің 117 – аятында «Егер Алла бір нәрсені жаратқысы келсе, Бол дейді – бола қалады» десе, "Ясин" сүресінің 82 – аятында «Бірер затты жаратқысы келсе, (Аллаһ) – Бол – дейді, - болады» деп оның жарату ісіне ешкімнің және ешнәрсенің араласа алмайтындығын анық - ашық етіп ашып айтады. Бұлардың ешқайсысы да мағыналауды керек ететін күңгірт, тұспал аят емес. Бұл жерде де Құрбанәлі Алланың Халиқ – Жаратушы деген сипатын адамдардың іс - әрекетіне ұқсатқысы келген. Құрандағы "Аллаһу тағала сендер ұқсата алатын ешнәрсеге де ұқсамайды" деген аятты ол тіптен ұмытқан да сыңайлы.

Б) - ға жауап: Аллаһ тағала «Мен сыр ілімдер қазынасымын. Өзімді, затымды, құдіретімді танытуымды қаладым, сол үшін мақлұқатты жараттым» - деген құдси хадисті Құрбанәлі былай теріс мағыналайды: «Бұл хадистен мәлім болған нәрсе Аллаһ қасиет – құдіретін көрсету үшін өз әмірімен бір нұр жаратты. Ол нұрға өзінің сипатымен реңін, құдірет – қасиетін ендірді. Ол нұр тіршілікке ие болды, көруші, естуші, сөйлеуші, ақылды, парасатты, құдіретті және әрекет қылуға ие болды. Ол нұр Аллаһтың әмірін заттық, әрекеттік рухани, мағнауи пікірлер бейнесінде көріну үшін қызмет қылу рөлін атқарады. Соның үшін жаратушы нұр деп атаса болады.

Яғни, Аллаһ өзі бір мақұлық жаратып, оған өзінің барлық қасиетін беріп «Сен де жаратушысың» деп айтуы, ашықтан – ашық Аллаға серік қосуы емес пе? Қай – қайдағы мақлұқты жаратып тәрбиелеуші Аллаға теңеу кешірілмес үлкен күнә. "Зумар" сүресінің 65 – аятында «Егер сен тәңірге басқа бірдеңені тең етсең, істеген амалың бекер болады, сөйтіп зиян тартасың» - дейді. Ал "Хашр" сүресінің 24 – аятында «Аллаһ – жаратушы, жоқтан бар етуші, бар нәрсені кейіптеуші, (Мү
сіндеуші), ол ең сүйікті көркем есімдер иесі» – деп хабар берілген. «Аллаға сиыныңдар. Оған ешнәрсені серік етіп қоспаңдар» - деп Құранда 104 аятта қатаң ескерткен. "Шуғара" сүресінің 213 – аятында «Аллаһ тұрғанда сен оған теңдес , басқа тәңір іздеме, онда сенде қаһарға ұшырайсың» - деген аятты әсте естеріңнен шығармағайсыздар!? 
Сондай-ақ, Құрбанәлі Мұса пайғамбардың Тур тауындағы көргенін не деп тұсіндірмек?! 
В)

Құрбанәлі одан әрі ендігі жерде сол нұр нақты «Мұхаммедтің нұры» деп атап айтып, оған хадис тауып, өз сөзіне тағы да дәлел тапқандай болады да, дәлелі лағып далаға кетеді. 

Біріншіден, манағы "Исро" сүресінің 85-аятында ол нұрды Мұхаммедтің нұры еді деген сөз мүлде жоқ.

Екіншіден, Пайғамбарымыздың с.ғ.с «Әуелі менің нұрымды, рухымды, ақылды, қаламды жаратты» деген хадисті осының бәрі де пайғамбар с.ғ.с. нұрының дәлелі деп далбасалайды. Нұр мен рух пайғамбарға тиесілі нәрсе болғанымен ақыл мен қалам екі бөлек нәрсе. Оны кез келген сауатқан кітап оқыған қарақты адам анық біледі. Жоғарыдағы хадисте де әр нәрсенің бөлек зат екенін атап айтып тұр. Ол хадистер Құрбанәлінің сөздеріне дәлел бола алмайды. "Али Ғимран" сүресінің 18 – аятында «Бір тәңірден басқа күшті де, ұлы ешбір құдірет жоқ екендігіне Алла да, періштелер де, әділетке табан тіреген ғұламалар да куәлік береді. Аллаһ ұлы одан асқан данышпан жоқ»-деп Алладан өзге құдіреттің болуы мүмкін еместігін айғақтайды.

ХІ-Алла бүкіл ғаламды пайғамбардың нұрынан жаратқан ба?

 

7) Құрбанәлі одан әрі шатастыруын әбден шиеленістіріп, былай: «Пайғамбарымыз с.ғ.с «Аллаһ тағала әуелі менің нұрымды жаратты, бүкіл әлемді менің нұрымнан жаратты», деген хадисі бар. Бұған «Нұр» сүресінің 35 – аятында «Аспан – жерлер Аллаһтың нұры», - деген аяты бұған дәлел» – деп жазған.

7 – ге (Серік Әбенұлы) жауап:

Естеріңізде болсын! Атақты алты сахих хадистердің бірде-бірінде де «Әлемді Мұхаммед пайғамбардың нұрынан жаратты» деген хадис жоқ. Құрбанәлінің өз сөзіне дәлел ретінде алған аяттың негізгі мағынасы тіптен бөлек, ол аяттың мағынасы мен Құрбанәлінің айтқан сөздері үш қайнаса сорпасы қосылмайды. "Нұр" сүресінің 35-аяты сөзбе-сөз: «Аллаһ аспанның да жердің де нұры» деп аударылады. 

1 – ден Құрбанәлі бұл аятты да керсінше «Аспан, жерлер Аллаһтың нұры» деп теріс мағыналаған.

2 – ден Бұл аятта «Жерлер» деген сөз жоқ. Құрбанәлі мұнда да «жерлер» деп, сөз қосып,  Құран сөзін оп – оңай бұза салған.

3 – ден «Аспан жерлер Аллаһтың нұры» депті. Керісінше, аспан мен жерге нұр беретін Аллаһ. Аллаһ аспан мен жерді жарық етіп нұрландырғандықтан да Құранда Аллаһ аспанның да жердің де нұры деп тұспалдап жазылған. Бірақ, бұл аяттың тәпсірінің ұғымы бөлек. Уаһабилер бұл аятқа «Аллаһ тікелей аспан мен жерді өз нұрымен нұрландырып жарық беріп тұр» - деп мағыналайды. Соларға ұқсап, тіпті одан да әрмен сорақысын шығарып Құрбанәлі «Аспан мен жер Аллаһтың нұры» , «Пайғамбардың нұры» деп мағыналаған. Әрине, бұл екі түсінікте тәпсір ілімі және асбаб ан-нузул бойынша теріс түсінік, теріс тәпсір болып табылады. 
4 – ден Құрбанәлі осы аяттағы «Нұр» сөзін тағы да Құдайдан қорықпай бұрмалап «Ол нұр пайғамбар нұрының дәлелі» деп Құранға өз көңілімен мағына бере салады да, тәпсір іліміне жүгінбейді. Тафсир Әл – Жәләләйнда бұл аяттағы «Нұр» сөзіне Құранды алғаш тәпсірлеген ибн Аббас р.ғ. пен Анас ибну Маликтің р.ғ. тәфсірімен «Аспан мен жерді жарық ету үшін берген Алланың бұл сый – нұры күн мен ай» - деп мағына берген.

Осы аяттың арғы жағын оқысаңыздар ары қарай сол нұрдың яғни, күн мен айдың жарық беру сипатын толықтыра сипаттап анық та – ашық сөздер мен айтады. Құран аяттарын кез келген жерден бас – аяғын тастап, керегін жұлып алып мағына бере салу көргенсіз надандардың ісі(болмаса дін дұшпандарының ісі). Сондай – ақ, кез келген тәпсір ибн Аббастың р.ғ. алғашқы берген мағынасынан ауытқымауы шарт. Ибн Касир мен Әл – Мунтахаб тәпсірлерінде де Ибн Аббастың р,ғ «Ол нұр күн мен айдың нұры»-деп мағыналанған. 

 

ХІІ-Құрбаналының аруақ туралы түсінігі және ол кім?

 8) Құрбаналы кезекті сөзінде: "Тәпсірдегі рух ол адамның аруағы, Жәбрейіл періште деп айтылды. Рух адам болып та көрінеді, Жәбрейіл болып та көрінеді. Үлкен періште болып та бүкіл әлемді меңгере алады... Бірден бұл дүниені де, ақіретті де меңгере алады деген сөз. Рух деген сөзге кемінде осылай түсінуіміз керек. Адамдар рухтың мағынасын таба алмағандықтан оны жоққа шығарып «Уаһабий» болып кетіп жатыр"-дейді.

8 – ге (Серік Әбенұлы) жауап:

Жұрттың бәрін уаһаби боласың деп қорқытып, өзі қандай рухты халыққа танытқалы жүр? Бұл кісіні мен мүлде түсінбедім. Ол «рух адам болып та, Жәбрейіл болып та, үлкен періште болып та көрінеді» дегені несі? Рух – Ол жан. Ал жаратылыстың барлығында болғанымен ешкімге ешнәрсе болып көрінбейді. Тән мен жанды шатастырмайық. Өзі бір рух болса, ол бүкіл адамдарда, Жәбрейіл де, үлкен періште де, пайғамбар да болса, оның бәрі бір зат деп түсіндірілсе ол не болғаны сонда? Періште мен пенденің әсілі екі бөлек нәрсе болғандықтан олардың жандары да өздеріне сай әртүрлі болатындығы түсіндіруді керек етпейтін аксиома. Осы Құрбанәлі аруақты әсірелеймін деп жүріп, айтар сөздерінің бас – аяғын жинай алмай қалды – ау, сірә. Құран да «Білмеген нәрселеріңе неге таласасыңдар?» деп ескертпеді ме? Білмейтін нәрсесіне көз қылып, ойдан тауып алған уаһабилерімен таласып, өз сөзін, пікірін дәлелдемек болып, ол үшін Алланың сөзі Құран аяттарын бұрмалап, пайғамбар с.ғ.с. айтты деп пайғамбар с.ғ.с. атына жалған хадис тоқып, пайғамбарды с.ғ.с. «жаратушы нұр» деп Тәңірге теңеп, жанды жалдап Құрбанәлінің басына сонша ма не күн туды екен?! Одан соң бірінен соң біріне кезектесіп қона беретін рекорнациялық жан ол кришнайттардың негізгі сенімі,ал бізге ол мүлдем теріс ұғым (жалғасы бар, ең қызығы да сонда жазылған).

Әбдікәрім Әбдімомынов

Abai.kz

1 пікір