Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4376 0 пікір 25 Ақпан, 2016 сағат 09:57

МАТАЕВ МЫРЗАҚАМАҚТА ОТЫР

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 соты жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен айып тағып отырған  Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевты екі ай мерзімге мырзақамаққа (үй қамаққа)  шықты. Сотта  Матаевтың қорғаушысы кепілдікпен босатуды сұраған болатын. Мырзақамаққа алынған Матаевқа ғаламторды қоса алғанда, байланыс құралдарының барлық түрлерін пайдалануға тыйым салынды.

Сейітқазы Матаевтың өзіне тағылған айыппен келіспейтінін және елден ешқайда кету ойында жоқтығын, кінәсіздігін дәлелдей алатындығын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, Сейітқазы Матаевқа Алматы қаласы бойынша жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл департаменті аса ірі көлемде қаржы жымқырды, салық төлеуден жалтарды деген айып тағып, қамауға алған болатын. Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, сонымен қатар Сейітқазы Матаевтың ұлы, «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаевты да тергеуге алып, соңынан босатып жіберген болатын.

0 пікір