Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7840 0 пікір 26 Ақпан, 2016 сағат 12:36

МЕДІРЕСЕ КОЛЛЕДЖ БОЛАДЫ

Елімізде алдағы оқу жылынан бастап діни медреселер білім берудің жаңа жүйесіне көшеді. Медресе колледж болып өзгертілмек. Бұл туралы muftyat.kz сайты хабарлады.

Сайттың хабарлауынша, осы уақытқа дейін екі діни оқу орнына медресе-колледж атауы беріліпті. Бірі – Сарыағашта, тағы бірі – Алматы қаласында. Бастама тиімділігін танытса, өзге медреселер де жаңа жүйеге көшеді. Шәкірттікке 9-сыныпты бітірген талапкерлер қабылданады.

Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

– Бұған дейін біздің медреседен алған диплом тек өзімізге ғана жарайтын. Енді медресе-колледж деп аталғаннан кейін оны бітірген бала ертең имам болмайтын болса, басқа да зайырлы оқу орындарына түсу мүмкіндігі бар.

Бастамаға Қазақстанның Дін істері комитеті де қолдау көрсетті. Медресе шәкірттерімен қоса имамдардың да қосымша білім игеруі – қазіргі заман талабы.

Ғалым Шойкин, ҚР Дін істері комитетінің төрағасы:

– Екі білімді қатар алып жүргені дұрыс. Жалпы қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін зайырлы білім алу қажет.

Абай-ақпарат

0 пікір