Жұма, 29 Наурыз 2024
Мәйекті 7229 0 пікір 27 Ақпан, 2016 сағат 14:27

КЕЛ, ҚАЗАҚ, АРҚАҒА, АЛТАЙЫҢА!

Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №83 қаулысы бекітілді. Қаулыға сәйкес шетелдерден көшіп келетін қазақтар қоныстанатын облыстыр:

1. Ақмола облысы.

2. Атырау облысы.

3. Шығыс Қазақстан облысы.

4. Батыс Қазақстан облысы.

5. Қостанай облысы.

6. Павлодар облысы.

7. Солтүстік Қазақстан облысы.

Қаулыда сондай-ақ, ішкі көші-қон мәселесі де қамтылыпты. Ел ішінде қоныс аударушылар үшін мына облыстар таңдалған:

1. Шығыс Қазақстан облысы.

2. Қостанай облысы.

3. Павлодар облысы.

4. Солтүстік Қазақстан облысы.

Әупіріммен беті түзеле бастаған көші-қон мәселесінде Үкімет қабылдаған оң шешімнің бірі осы болған сияқты. Жоғарыда аталған облыстарға барып тұрақтап, қоныс тепкен ағайынға әлеуметтік  пакеттер де қарастырылған. Қаулыдан көріп отырғанымыздай, ішкі миграцияға қатысты облыстар да дұрыс таңдалған.  Ештен кеш жақсы деген – осы. Өз жерінің әлеуметтік, экономикалық,  стартегиялық және қауіпсіздік тұрғысынан  аз қамтылған өңірін игеріп, тұтастандыру – барлық елдердің тәжірибесінен табылады. Біздікі де соған ұқсас әрекет. Иә, Тәуелсіздігінің ширек ғасырынан бастап қазақ  халқы байырғы бабақонысының терістік және шығыс аймағын игеруге бет алды. Ертең тарих осылай дейтін болады. Кел, қазақ, Арқаға, Алтайыңа!

Abai.kz  

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2257
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3535