Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 14881 0 пікір 30 Мамыр, 2009 сағат 10:52

Кереку атауының шығу төркіні мен мағынасы.

Қазіргі қазақ тілінде «Кереку» сөзі ешқандай мағына бермейді. Ал қазақ тілінің түп – тамыры болып табылатын көне түркі тілі қандай мәлімет береді екен?
1969 жылы Ленинград қаласында жарық көрген СССР ғылым академиясының Тіл білімі институты дайындаған «Древнетюркский словарь» біздің іздегенімізді алдымыздан шығарады. Бұл сөздіктін одақтың ең таңдаулы түркологтары жасағанын айтпасақ та болар:
«Кереку – шатер, юрта. Keragu – шатер, юрта: kok (?) kordikeragujuoti – он встретился с трудностями, на себя взвалил шатер (МК І 404); keraguicinetegol – какова внутренность юрты? (ThSll)» (10, с. 300).   Махмұд Қашқаридің «Сөздігі» (Диуани лұғат ат - түрік) біздің Кереку туралы түсініктерімізді толықтыра түседі. Ұлы ғалымның жазуына қарағанда, көне түркілерде «керекулен» дейтін етістік сөз бар, ол өзіне киіз үй жасап, алды, шатыр тікті деген мағынаны білдіреді. Мысалы, «ер керекуленді» - «ер азамат өзіне киіз үй тікті» деген мағынада қолданылады (11- т. 3. с. 205).

Қазіргі қазақ тілінде «Кереку» сөзі ешқандай мағына бермейді. Ал қазақ тілінің түп – тамыры болып табылатын көне түркі тілі қандай мәлімет береді екен?
1969 жылы Ленинград қаласында жарық көрген СССР ғылым академиясының Тіл білімі институты дайындаған «Древнетюркский словарь» біздің іздегенімізді алдымыздан шығарады. Бұл сөздіктін одақтың ең таңдаулы түркологтары жасағанын айтпасақ та болар:
«Кереку – шатер, юрта. Keragu – шатер, юрта: kok (?) kordikeragujuoti – он встретился с трудностями, на себя взвалил шатер (МК І 404); keraguicinetegol – какова внутренность юрты? (ThSll)» (10, с. 300).   Махмұд Қашқаридің «Сөздігі» (Диуани лұғат ат - түрік) біздің Кереку туралы түсініктерімізді толықтыра түседі. Ұлы ғалымның жазуына қарағанда, көне түркілерде «керекулен» дейтін етістік сөз бар, ол өзіне киіз үй жасап, алды, шатыр тікті деген мағынаны білдіреді. Мысалы, «ер керекуленді» - «ер азамат өзіне киіз үй тікті» деген мағынада қолданылады (11- т. 3. с. 205).
Дәл осы «кереку» сөзі Севортяннің, Шербак, Будагова сөздіктерінде аталады. Сонымен көне түрік тілінде «кереку» сөзі киіз үй, шатыр, көшпелілердің баспанасы дегенді білдіреді. Қазақша нұсқасы «кереге»- киіз үйдің іргесі, негізі, қабырғасы мағынасында қолданылады. Моңғол тілінде киіз үй – «кер» деп аталады (12, с. 82 – 86). Бір ескертетін мәселе, моңғолдың «кер» (үй) сөзінің негізгі түбірі (семантикасы) түркі тіліндегі  созу, жаю, керу мағынасымен үндес. «Құпия шежіреге» сүйенсек, таңғұттардың үйі «терме кер» қазіргі моңғол тілінде «терме» сөзі кереге деген мағына береді / немесе тор/. Бүгінгі күні қалмақтарда, алтайлықтарда, тувада «терме, теребе» - киіз үйдің керегесі мағынасында қолданылады. Солтүстік Кавказ түркілері, башқұрттар киіз үйді «терім», «терме» деп атайды. Орталық Азияны мекендеген түрік – моңғол елдеріндегі «кереге» немесе «тереме» сөздеріне қатысты тамаша деректерді С.И. Вайнштейннің «Мир кочевников центра Азии» кітабынан тауып алуға болады (13, с. 40 – 77).  Терме үйден орыстың «теремок», «терем» ұғымдары шыққандығын қайталап айтудың онша қажеттілігі болмас. Бұл туралы «Словарь тюркизмов в русском языке» кітабында (14) тамаша сипатталған.
«Кереге» сөзі – түркі – моңғол, угро – фин тіліндерінде дөңгелек алаң, дөңгелек деген мағына береді. Бұл түпкі негіз әсіресе мадияр т.б. угрофин тілдерінде сақталған. Қараңыз: Энико Сий. Курс венгерского языка. Kerek(kereket, kereke, kerekek) – колесо (15, с. 496).
Түрік – моңғол тілдерінде «кереге» сөзі тікелей деңгелек киіз үйді білдіреді. Осының бәрі қазақтың «кереге» сөзі тамыры тереңге кеткен Евразиялық ұғым екенін көрсетеді.
Біз алысқа бармай – ақ, алдымен XYII – XYIII ғасырдағы орыс деректеріне көз жүгіртейік. Жергілікті өлкетанушылар өз жазбаларында Павлодар орналасқан жер бұрын “Коряков яр” деп аталғанын жазады. Бірақ “Коряков” деген көпестің атына сенім күшті болғандығы солай, нақты деректі, сілтемені, “подсказканы” көре тұра, “Коряковқа” “Керекуді” жығып береді. Мысалы, павлодарлықтарға өте таныс, жергілікті өлкетанушылар көп сүйенетін ЦГАДА архивінен алынған құжатта былай деп жазылған (1744 жылғы құжат). “Коряковской форпост – Ж.А. построен в глухом месте, над рекой Иртышем, сверху реки на левой стороне, расстоянием от Иртыша десять сажень (23, 75 м.), берег высоты 2 аршина (1,4 м), от урочища Корякова яра расстоянием две версты (2,12 м.)…”.
Бұл құжат Коряков яр  немесе Кереку жар аталатын жердің өзен жағасының - форпосттың қазығы қағылған нүктеден 2 шақырым жерде орналасқанын нақты айғақтап тұр. Бір сөзбен айтқанда, Кереку жар қазіргі уақытта Павлодар қаласының орталық серуен алаңы орналасқан жағажайдан алыс емес, көпірге жақын тұс.  Бұл жар өзі биік, өзі киіз үй сияқты. Алыстан, өзеннің сол жағалауынан қараған адам биік жарды керегеге ұқсататыны соңдықтан.
Кереку жар немесе Кереге жар 1715 – 1716 жылдардағы Бухгольц экспедициясының да құжаттары арасында жүр. Коршауға түскен Бухгольц экспедициясына көмектеспек болып Сібір губернаторы М. Гагарин 1716 жылы көктемге қарай Томск, Тара және Тобольскіден жиналған 700 адамдық, оның ішінде көпестер, солдаттар, тұтқын шведтер /арасында Густав Ренат та бар/ керуен жібереді. Осы “караван с людьми, товарами и казенными деньгами захвачен калмыками за 52 верст от Ямышевской крепости на Корявском яру при Иртыше деп жазады” Ф. Усов /2, с. 46/.
Бұл дерек “Коряков яр”, немесе “Кереге жар” деген топонимиялық атаудың XYII ғасырдың басында кең айналыста болғанын және географиялық нысана - ориентир есебінде жақсы қызмет жасағынын білдіреді.
Дегенмен Кереку Коряковтен шықты дейтін гипотезаның тас – талқанын шығару үшін XYIIIғасырға дейінгі дерек керек. Біз ондай деректі  1697 жылы Ресейдің әскери, жолаушы қауымына кең танылған Ремезов картасынан  табамыз. Қазіргі Павлодар қаласы орналасқан Ертістің орта тұсында Жәміштен елу шақырымдай жерде Ремезов қартасында Кереку жар аталатын топоним тұр. Кереге жардан шағысқа қарай «Верблюжий яр», «Толокнянные горы», одан әрі «Жәміш көлі» және сауда жасайтын орындар көрсетілген.
 Ремезов қартасында Ертістің сол жағалауында батысқа қарай «Шабақта арал», «Шепелеу жар», одан әрі «Яр Аллабердыев», «Старой Иртыш», одан әрі Қызыл жар т.б. топонимдер белгіленген. /Гольденберг Л.А. «Хорографическая карта Сибири чертежная книга» С.У. Ремезова/ Вопросы истории . – 1962. № 6. – с.183 – 185.;  Матвеев А.В; Яворская Л.Я. Территория Современной Омской области на листах «Хорографической книги чертежной Сибири» С.У. Ремезова / 1697 – 1711 гг./. Известия Омского государственного историко – краеведческого музея. 2003. № 10. – с. 147 – 162. Біз Павлодар облысының аумағына қатысты Ремезов қартасының деректерін бергені үшін омбылық ғалым А.В. Матвеевке алғысымызды айтамыз.
 ОртаЕртісбойынакелгенресейліктеросыжердегіқалыптасқантопонимдердімүмкіндігіншепайдаланды. Егер  біз орыстың алғашқы бекініс, форпост, қоныстарын қарасақ, бәрінің де атауы тарихи топонимге барып тіреледі. Қараңыз – Тобольск, Тара, Омбы, Ачаир, Осморыжск /восемь рыжых жеребцов/, Пяторыжск / бес жирен айғыржары/, Чернояр /Қаражар/, Железинск /Темірқаш/, Семияр /Жетіжар/ т.б. Бірде – біржердеадаматыжоқ. СолсияқтыКоряковтеалдында «Керегежар» /Керекуяр/, одан кейін біртіндеп славян лексикасының әсерімен Коряков ярға айналған.  
Қорыта келе айтатынымыз,  Кереку атауы Орта Ертіс өңірінің ең көне тарихи атауларының бірі. Оның топоним есебінде қолданысқа енген уақыты көне түркі, оның ішінде қимақ дәуірі.  Мағыналық және тарихи құндылығы тұрғысынан «Кереку» атауы осы өңірдегі Сырлықала, Қазалы, Қалабалғасын т.б. атауларымен шендес.
«Кереку» – «Керегежар» сөзінің көне түркі тіліндегі  нұсқасы болып табылады. 
 
Жамбыл АРТЫҚБАЕВ, тарих ғылымдарының докторы
«Ертіс дидары» газеті
http://www.ertisdidary.ucoz.kz/

0 пікір