Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 7899 0 пікір 28 Ақпан, 2016 сағат 21:25

ЖАҚСЫ КӨРУ

- Алло, сәләматсыз ба?! Қалыңыз қалай?, - деді інімнің 6 жасар ұлы әдеттегідей қоңырау соғып.
- Сәләматсың! Өзің қалайсың?
- Жақсы.
- Қандай жаңалығың бар, балапан?
- Ешқандай. Сіз не істеп жатырсыз?
- Мен сенің тойыңа дайындалып жатырмын. Естуімше, үйленгелі жатыр екенсің ғой?, - дедім не дер екен деп.
- А, жоқ әлі үйленбеймін ғой...
- А, жақсы көретін қызың жоқ па?, - дедім
- Бар ғой!, - деді сенімді дауыспен жұлып алғандай.
- Бар болса үйленбейсің бе?
- Сәл күте тұр деді әжесі. Үш қызының біреуін таңдайын деп жүрмін... 
Мен күліп:
- Әжесімен танысып үлгердің бе? Қыз қандай, кет әрі емес шығар? Әдемі ме?
- Білмеймін. 
- Білмесең қалай аласың? Мінезі жақсы шығар?
- Ой мама, білмеймін деймін. Мен әлі түрін де көрген жоқпын ол қыздардың. Мен үйіне қыдырып барғанда садикке кетіп қалыпты. Бірақ қатты жақсы көрем.
- Көрмеген қызды қалай жақсы көруге болады? Алдымен қызды көруің керек.
- Мама, мен көрмей ақ қатты жақсы көріп қалдым. Алам. Өйткені қыздың әкесінде джип, үйлері де күшті!, - дегенде сөзіме түйіліп қалдым...

Құралай Сейсенбекқызы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558