Жұма, 19 Сәуір 2024
Деп жатыр 6486 0 пікір 29 Ақпан, 2016 сағат 11:53

ДИ КАПРИО АҚЫРЫ ОСКАРДЫ АЛДЫ

АҚШ-тың Лос Анджелес қаласында өтіп жатқан «Оскар» сыйлығының салтанатты кешінде (The Revenant) фильмінде Хью Гласстың рөлін сомдағаны үшін Леонардо Ди Капри «Оскар» сыйлығын иемденді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

«Оскар» сыйлығының жеңімпаздары:

Үздік актер – Леонардо Ди Каприо «Тірі қалған» (The Revenant);

Үздік деректі фильм – Атақты әнші Эми Уайнхаустың құрметіне түсірілген – «Эми» фильмі (Amy);

Екінші пландағы үздік актер – Марк Райланс «Шпиондық көпір» (Bridge of  spies);

Екінші пландағы үздік актриса – Алисия Викандер «Даниялық қыз» (The Danish girl);

Шет тіліндегі үздік фильм – «Саулдың баласы» (Saul fia);

Үздік ән – Writing’s on the Wall;

Үздік режиссер – Алехандро Гонсалес Иньярриту «Тірі қалған» (The Revenant);

Үздік актрисса – Бри Ларсон «Бөлме» (Room);

Abai.kz

0 пікір